1. Күміс нитратыAgNО3концентрлі бромат BrО3– - ерітінділерімен әрекеттесіп, ашық түсті сары тұнба-күміс броматын түзеді:
BrО3-+ Ag+ → AgBrO3↓ Күміс броматының тұнбасы сұйытылған HNО3 және H2SО4 қышқылда-рында, аммиак ерітіндісінде, натрий тиосульфатының ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе: 3-4 тамшы КВrО3ерітіндісіне 3-4 тамшы AgNО3 ерітіндісінен қосады. Ақшыл-сары түсті күміс бромиді тұнбаға түседі. Тұнбаның ерігіштігін тек-серу үшін үшке бөліп, бірінші бөлігіне - натрий тиосульфатының ерітіндісін, екінші бөлігіне - аммиак ерітіндісін, үшінші бөлігіне - қышқыл ерітіндісін қосады.
2. Фуксин-күкіртті қышқылыбромат-иондарына спецификалық реак-тив болып табылады. Түссіз фуксин - күкіртті қышқыл ерітіндісі броматтар қатысында фуксинге тән қызғылт түске боялады.