Сl–- хлорид ионын . Егер зерттелінетін ерітінді құрамында бромид-ионы жоқ болса, онда Сl-хлорид-ионын анықтайды. Ал, бірақ та ерітіндіде бромид-ионы Вr-бар болса, хлорид-ионын Сl- ды өзгертпей жүргізуге болады, тек күміс тұзының тұнбасын аммиак ерітіндісімен NH4OH емес, аммоний карбонатының (NH4)2CО3ерітіндісімен өңдеу керек (ең дұрысы Фаургольт реактиві).
J– - йодид ионын . Зерттелетін ерітіндінің 5 тамшысына 2 тамшы концентрлі күкірт (H2SО4) қышқылын (d=l,84 г/см3) қосады. Бөлініпжатқан таза бос йодты ылғал крахмалды қағаз арқылы байқауға болады. Ерітіндіде тотықсыздандырғыш иондар болса, бірінші тәжірибедегідей жұмыс жүргізу керек.
NО3– - нитрат ионын . Егер алдын-ала зерттеулер бойынша NО2–ионы жоқ болса, NО3–анионын дифениламинмен анықтайды. Егер де ерітінді құрамында NО2–анионы бар болып шықса, онда оны аммоний хлориді немесе мочевина арқылы бөліп алуға болады.