Газ бөлінуіне арналған сынақ. 3-4 тамшы зерттелінетін ерітіндіге 3 тамшы 4н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, шайқағанда газдың бөлінуі CО32–,SО32–, S2–, NO2– - аниондарының қатысын көрсетеді. Газдардың қасиетіне қарай (иісі, түсі) СО2, SО2, H2S, NО2мүмкін болатын құрамын анықтауға болады. Егер газдың бөлінуі мардымсыз болса, сынауықты аздап қыздыру керек. Газ көпіршіктерінің пайда болуына назар аудару керек. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелерге қарап қандай аниондардың зерттелінетін ерітіндіде бар екенін қорытындылауға болады. Содан соң оларды дәл жұмысына кірісу керек.