Үшінші аналитикалық топ аниондарын анықтау
Зерттелінетін ерітіндіде S2––сульфид-ионы бар болса, оны алдын ала мырыш сульфатымен ZnSО4 бөліп aлy қажет.
NО2–-нитрит ионын . Зерттелінетін ерітіндінің 5-6 тамшысына 2н күкірт қышқылының 2-3 тамшысын 10%-тік KJ калий йодиді ерітіндісінің 4-5 тамшысын және крахмал клейстерінің бірнеше тамшысын қосады. Алын-ған қоспаны араластырады. NO2– нитрит ионы бар болса, ерітіндіде қарқынды түрде көк түс пайда болады.
NО3– - нитрат ионын NО2– - нитрит ионы қатысында анықтау
Ерітіндіде нитрит ионы бар болса оны алдын ала бөліп алу қажет. Ол үшін зерттелетін ерітіндіден 5-6 тамшы алып, оған NH4C1 аммоний хлоридінің бірнеше түйіршігін салып, газ (N2) бөлініп біткенге дейін қыздырады. 2-3 тамшы дифениламинді күкірт қышқылы қатысында алып, оны фарфор табақшасына немесе көзәйнек шынысына орналастырып, оған шыны таяқ-шаның ұшымен зерттелінетін ерітіндіні тамызады, сол кезде NO3– ионы бар болса қарқынды түрде көк түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |