Екінші топ аниондарына сынақ. Зерттелінетін ерітіндінің 4-5 тамшы-сына бірдей мөлшерде азот қышқылы ерітіндісін қосады. Екінші топ анион-дарының бар екенін, тұнбаның пайда болуынан білуге болады. Ерітіндінің жеке бөліктерінен екінші топтың әр аниондары анықталады.
Ерітіндіні әмбебап (универсалды) индикатор қағазында сынау. Егер реакция қышқыл ортаны көерсетсе рН = 2, онда ерітіндіде СО32–-, SО32– NO2– аниондарының болуы мүмкін емес.
Тотықтырғыш аниондарға сынақ. 5-6 тамшы анықталатын ерітіндіге (алдын ала 2н күкірт қышқылымен қышқылдандырылған) калий йодидінің 2-3 тамшысы мен бірнеше тамшы крахмал клейстерін қосады. Ерітіндінің көк түске боялуы тотықтырғыш анионның NO2– бар екенін көрсетеді.
Тотықсыздандырғыш аниондарға сынақ. Анықталатын ерітіндінің 5-6 тамшысына 2 тамшы 1н күкірт қышқылымен 2-3 тамшы сұйытылған калий перманганатының КМnО4 ерітінділерін тамызады. Егер калий пермангана-тының түссізденуі байқалса ерітіндіде тотықсыздандырғыш аниондар SО32–, NО2–,J–, Вr– кейде Сl– болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |