3. Анилинмен реакциясы. Хлорат-ионы СlО3– анилинмен әрекеттескенде ерітіндіде қара-көк түс пайда болады.
Тәжірибе: Зерттейтін ерітіндіге бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын және оған 1-2 тамшы күкірт қышқылды анилин ерітіндісін тамызғанда СlО3– ионы бар болса, ерітіндіде қара-көк түс пайда болады.
4. Хлориттердің түзілуі. Хлораттардың перхлораттар мен хлор қышқылынан айырмашылығы - қышқыл ерітіндісін темір (ІІ) ионымен қайнатқан кезде хлоридтерге дейін тотықсызданады:
СlО3-+ 6Fе2++ 6Н+→Сl++ 6Fе3++ 3Н2О
Пайда болған Сl– және Fе3+ иондарын өздеріне тән белгілі реагенттермен анықтауға болады.
Перхлорат иондарына СlО4– тән сапалық реакциялар
Перхлораттардың қасиеттері. Перхлораттардың сулы ерітінділері бей-тарап реакцияны көрсетеді. Сусыз ерітінділері НСlО4 бәрінен де күшті қышқылдық қасиет көрсетеді. Перхлораттар суда ериді. AgClО4 суда нашар ериді.
Кадмий хлориді қатысында перхлораттың ыдырауы
КСlО4 + CdCl2 қоспасы 568°С -та ыдырамай балқиды, ал одан да жоғары температурада бос хлор түзеді. Перхлораттың термиялық ыдырауы жоғары температурада жүреді:
КСlО4 → КСl + 2О2
КСlО4 + 4CdCl2 → КСl + 4CdO + 4Сl2↑
Ал бөлінген хлорды әр түрлі белгілі әдістермен анықтауға болады. Аммо-ний тұздары мен перхлорат ерітінділерін құрғатып және оны қыздырғаннан кейін келесі реакция жүреді:
3КСlО4 + 8NH4NО3 → 3КСl + 4N2↑ + 8НNО3 + 12H2O↑
Осы реакцияның көмегімен перхлораттарды анықтайтын ерітіндіден бөліп алуға болады.
Тәжірибе:
Анықтайтын ерітіндіге 1-2 тамшы әлсіз сілтіні тамызып, оған 1-2 тамшы 2% CdCl2 ерітіндісін тамызады. Оны 150-160°С - қа дейін құмды қыздыр-ғышта қыздырады. Судың бәрі құрғаған соң сынауықты тығыны бар сүзгімен жауып, оны флюоресцеин КВr-ге батырылған индикатор қағазымен жауып тұрып, сынауықты 568°С –қа дейін қыздырады. Перхлорат бар болса хлор бөлінеді, ол Вr–-ионын тотықтырады. Бөлінген Вr2 флюоресцеинмен әрекет-тесіп, қағазды қызғылт түске бояйды.
Достарыңызбен бөлісу: |