Хлораттардың қасиеттері: Сілтілік металдардың хлораттарының сулы ерітінділері бейтарап ортаны көрсетеді. Барлық хлораттар суда жақсы ериді. Қышқылдық ортада хлорат-тар, хлорлау қышқылы сияқты күшті тотықтырғыш қасиет көрсетеді:
СlО3– + 6е- + 6Н+ → 3Сl- + 3Н2О Олар металдарды, сульфиттерді, оксалаттарды және т.б. тотықтырады. Мысалы:
3Zn + СlО3–+ 6Н+→ 3Zn2+ + Сl– + 3Н2О Хлораттардың тотықсыздануы хлорид-ионын түзу арқылы жүреді, оларды ды жоғарыда жазып өттік.
Хлорлау қышқылына қарағанда, суықта хлораттар қатты күйінде және сулы ерітіндісінде тұрақты. Қыздырғанда оттегін бөліп ыдырайды.