2014 жылы ОЖСБ шараларына 648 білім беру ұйымы қатысты, бұл республика мектептерінің жалпы санының 9%-ын құрайды. ОЖСБ-2014 шараларына қатысқан білім беру ұйымдары құрамында орта мектептердің үлесі басым - 77%. Белгілі бір бағыттар бойынша пәндерді кеңейтіп және тереңдетіп оқытатын білім берудегі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын қатысушы-мектептер 16% құрайды («Гимназия» және «Лицейлер»). Сонымен қатар, тестілеуге негізгі орта мектеп – 5,2%, мектеп-интернаттар – 0,5% және мектеп-бақшалар – 1,3% сияқты жалпы орта білім беретін ұйымдар қатысты.
Білім беру ұйымдарының тұрған жері контексінде ОЖСБ-2014 шаралары құрамын салыстыру, қалалық және селолық қатысушы-мектептердің сандық құрамының баламалығын көрсетеді (сәйкесінше 50,3% және 49,7% адам).
2014 жылы тәуелсіз мониторингке қатысушылар саны 27 413 адам, оның 60,5%-ы қазақ тілінде оқитын мектептердің оқушылары болды.
ОЖСБ шараларына алғаш енгізілген «География» пәні бойынша нәтижелерді талдау 9-сынып оқушыларының негізгі орта мектепті аяқтау кезеңінде білім алу жетістіктерінің толықтай орташа деңгейін көрсетіп отыр. Бұл пән бойынша орташа баллдың мәні (10,13 балл) тест тапсырмаларының 50%-ын орындау жетістігіне сәйкес келеді.
6-суретте география пәні бойынша ОЖСБ-2014 нәтижелері аймақтар бойынша берілген.
6-сурет – География пәні бойынша ОЖСБ-2014 нәтижелері (аймақтар бойынша)
Географияпәнінен ОЖСБ-2014 аймақтар бойынша нәтижесі (орташа балл):
- республика бойынша орташа 10-13 баллды құрайды;
- бұл көрсеткіштен жоғары нәтиже жеті аймақта: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тіркелген;
- ең төменгі нәтижені Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары көрсетті.
Білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалу мониторингінің пәрменді механизмін енгізу және ұлтттық деңгейде білім беру сапасының аймақтық мәселелерін шешу мақсатында 2012 жылы алғаш рет бірыңғай сапаны бақылау – ҚР БҒМ-нің Білім саласын бақылау комитетінің 16 аймақтық департаменті құрылды.
Департаменттің құзырына жатқызылған бақылау-рұқсат ету қызметтері 2012 жылдың 29 сәуірінен бастап күшіне енді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Департаменттің негізгі қызметі білім беру ұйымдарын аттестациялау, білім беру қызметін лицензиялау, білім беру мониторингі, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) мен оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды (бұдан әрі – ОЖСБ) ұйымдастыруға қатысу болып табылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) – жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларын қорытынды аттестациялаудың және орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарының қатар атқарылуын қамтамасыз етеді.
ҰБТ бес пән бойынша жүргізіледі, соның ішінде міндеттілері – қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, қазақ тіліндегі сыныптарда орыс тілі, орыс тіліндегі сыныптарда қазақ тілі және таңдауы бойынша бейіндік пәндер (физика, химия, биология, география, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шет ел тілі).
Соңғы екі жылдағы бейіндік пәндерді түлектердің таңдау динамикасы 7-суретте берілген.
7-сурет – ҰБТ-2013 және ҰБТ-2014-те оқушылардың «География» пәнін таңдауына салыстырмалы талдау
Бұдан әрі аймақтарға бөлінгендегі географияны бейіндік пән ретінде таңдау көрінісін қарастырамыз, мұнда түлектердің жалпы санынан географияны таңдаған оқушылар пайызы және соңғы үш жылдағы ҰБТ орташа балл көрсетілетін болады.
Соңғы үш жылдағы түлектердің географияны бейіндік пән ретінде таңдау туралы мәлімет 6, 7, 8-кестелерде көрсетілген.
6-кесте – 2011-2012 оқу жылындағы аймақтарға бөлгендегі «География» пәнін таңдау және ҰБТ нәтижесі туралы мәлімет
Облыс/қала
|
Барлық түлектер
|
Географияны таңдаған түлектер
|
Пайыздық қатынас
|
ҰБТ бойынша орташа балл
|
Ақмола
|
4191
|
863
|
20,5%
|
16,7
|
Ақтөбе
|
5573
|
979
|
6,7%
|
17,3
|
Алматы
|
14683
|
2667
|
18,2%
|
16,2
|
Атырау
|
4708
|
659
|
14,4%
|
17,3
|
ШҚО
|
9943
|
1166
|
11,7%
|
16,8
|
Жамбыл
|
8563
|
1195
|
14%
|
17,1
|
БҚО
|
4427
|
433
|
9,8%
|
18,8
|
Қарағанды
|
6730
|
1449
|
21,5%
|
16,4
|
Қостанай
|
4020
|
507
|
12,6%
|
17,9
|
Қызылорда
|
7161
|
654
|
9%
|
16,2
|
Маңғыстау
|
3167
|
647
|
20,4%
|
16,1
|
Павлодар
|
4689
|
458
|
9,8%
|
18,3
|
СҚО
|
3151
|
428
|
13,6%
|
17,2
|
ОҚО
|
25974
|
1767
|
6,8%
|
17,1
|
Алматы қ.
|
6287
|
2012
|
32%
|
18,2
|
Астана қ.
|
3669
|
1041
|
28,3%
|
17,6
|
Республика бойынша
|
116936
|
16945
|
14,5%
|
17,2
|
Кестеде көрсетілген деректер 2011-2012 оқу жылында географияны бейіндік пән ретінде – 14,5% (16945 оқушы) таңдағанын айғақтайды. Алматы және Астана қалаларының, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мектеп түлектерінің көпшілігі география пәнін таңдаған, яғни болашақ мамандықтарын географиямен байланыстырып отыр.
Республиканың үш аймағында ҰБТ-да жоғары нәтижені Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары көрсетсе, төменгі нәтиже Алматы (16,2), Қызылорда (16,2) және Маңғыстау (16,1) облыстарында тіркелген.
7-кесте – 2012-2013 оқу жылындағы аймақтарға бөлгендегі «География» пәнін таңдау және ҰБТ нәтижесі туралы мәлімет
Облыс/қала
|
Барлық түлектер
|
Географияны таңдаған түлектер
|
Пайыздық қатынас
|
ҰБТ бойынша орташа балл
|
Ақмола
|
3345
|
731
|
21,9%
|
13,9
|
Ақтөбе
|
4811
|
808
|
16,8%
|
15,8
|
Алматы
|
11260
|
2157
|
19,2%
|
14,1
|
Атырау
|
4085
|
638
|
15,6%
|
14,8
|
ШҚО
|
7838
|
1053
|
13,4%
|
14,5
|
Жамбыл
|
7374
|
1014
|
13,8%
|
15,2
|
БҚО
|
3836
|
370
|
9,6%
|
16,6
|
Қарағанды
|
5660
|
1235
|
21,8%
|
14,3
|
Қостанай
|
3215
|
437
|
12,6%
|
14,9
|
Қызылорда
|
5365
|
607
|
13,6%
|
14,8
|
Маңғыстау
|
2669
|
601
|
22,5%
|
14,1
|
Павлодар
|
3749
|
395
|
10,5%
|
15,9
|
СҚО
|
2419
|
328
|
13,6%
|
14,7
|
ОҚО
|
21005
|
1645
|
7,8%
|
15,6
|
Алматы қ.
|
5305
|
1842
|
34,7%
|
16,5
|
Астана қ.
|
3171
|
914
|
28,8%
|
15,4
|
Республика бойынша
|
95107
|
14775
|
15,5%
|
15,1
|
Кестеде көрсетілген деректер 2012-2013 оқу жылында географияны бейіндік пән ретінде 15,6% (14849 оқушы) таңдағанын айғақтайды. Бұл оқу жылында да Алматы және Астана қалаларының, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының мектеп түлектерінің көпшілігі география пәнін таңдаған.
Республиканың төрт аймағында ҰБТ-да жоғары нәтижеге Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарының түлектері қол жеткізсе, төменгі нәтижені Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарының түлектері көрсетіп отыр, сәйкесінше орташа балл 1,0; 1,2 және 1,0 баллға төмендеген.
8-кесте – 2013-2014 оқу жылындағы аймақтарға бөлгендегі «География» пәнін таңдау және ҰБТ нәтижесі туралы мәлімет
Облыс/қала
|
Барлық түлектер
|
Географияны таңдаған түлектер
|
Пайыздық қатынас
|
ҰБТ бойынша орташа балл
|
Ақмола
|
3023
|
659
|
21,8%
|
17,1
|
Ақтөбе
|
4508
|
674
|
14,9%
|
18,1
|
Алматы
|
10255
|
1880
|
18,3%
|
15,8
|
Атырау
|
3799
|
491
|
12,9%
|
13,2
|
ШҚО
|
6825
|
908
|
13,3%
|
16,2
|
Жамбыл
|
6683
|
952
|
14,2%
|
16,2
|
БҚО
|
3307
|
344
|
10,4%
|
18,5
|
Қарағанды
|
5282
|
1109
|
20,9%
|
15,3
|
Қостанай
|
2728
|
347
|
12,7%
|
17,0
|
Қызылорда
|
5208
|
579
|
11,1%
|
16,4
|
Маңғыстау
|
2507
|
656
|
26,2%
|
15,0
|
Павлодар
|
3211
|
371
|
11,6%
|
17,3
|
СҚО
|
2410
|
340
|
14,1%
|
15,5
|
ОҚО
|
18805
|
1424
|
7,6%
|
17,2
|
Алматы қ.
|
5176
|
1633
|
31,5%
|
18,8
|
Астана қ.
|
3383
|
941
|
27,8%
|
18,0
|
Республика бойынша
|
87110
|
13308
|
15,3%
|
16,8
|
Кестеде көрсетілген деректер 2013-2014 оқу жылында географияны бейіндік пән ретінде 15,3% (13308 оқушы) таңдағанын дәлелдеп отыр.
ҰБТ бойынша жоғары көрсеткіш республиканың үш аймағы: Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының еншісінде. ҰБТ-да төменгі нәтижені Атырау облысының түлектері көрсетіп отыр, орташа балл 3,6 баллға төмендеген.
Аймақтарға бөлгендегі бейіндік пән география бойынша соңғы үш жылдағы ҰБТ бойынша орташа балл көрсеткіштерінің динамикасы келесі диаграммада көрсетілген (8-сурет).
8-сурет – География пәні бойынша ҰБТ-2012, ҰБТ-2013, ҰБТ-2014 нәтижелері (аймақтар бойынша)
Географияпәні бойынша соңғы үш жылдағы ҰБТ-ның орташа көрсеткіштерінің аймақтар бойынша салыстырмалы талдауы:
- оқушылар ҰБТ-2012-де жақсы нәтижеге қол жеткізгенін;
- ҰБТ-2014 нәтижесі республиканың барлық дерлік аймақтарында орташа көрсеткіштің төмендегенін;
- Атырау облысы мектептері оқушыларының ҰБТ-да орташа баллдары жылдан-жылға төмендеп отырғанын;
- аймақтардың еш қайсысында тұрақты орташа көрсеткіш байқалмағанын көрсетеді [8].
Республикада 1998 жылдан бастап жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмысты республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық орталық, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған ұйымдар жүйесі жүзеге асыруда.
Жалпы білім беретін ұйымдар қызметі нәтижесінің бірі оқушылардың білімдерінің жоғары деңгейі, олардың негізгі пәндер бойынша түрлі халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуы болып табылады.
2012-2013, 2013-2014 оқу жылдары және 2014-2015 оқу жылының І жартыжылдығында география пәні бойынша республикалық олимпиадаларға 252 оқушы қатысқан. Олардың 115-і бірінші орындарға ие болған, бұл қатысушылардың 45,6%-ын құрайды.
География пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатысушылар туралы мәлімет 9-кестеде берілген.
9-кесте – Қатысушылар мен жүлдегерлер туралы мәлімет (аймақтар бойынша)
Облыс/қала
|
2012-2013 оқу жылы
|
2013-2014 оқу жылы
|
2014-2015 оқу жылы
І жартыжылдық
|
Барлық қатысу-
шылар
|
Олардың ішінде жүлдегерлер
|
Барлық қатысу-шылар
|
Олардың ішінде жүлде-герлер
|
Барлық қатысу-
шылар
|
Олардың ішінде жүлде-
герлер
|
Ақмола
|
4
|
3
|
4
|
0
|
5
|
1
|
Ақтөбе
|
5
|
1
|
4
|
2
|
4
|
2
|
Алматы
|
5
|
3
|
5
|
6
|
5
|
1
|
Атырау
|
4
|
1
|
0
|
0
|
6
|
2
|
ШҚО
|
4
|
2
|
4
|
0
|
7
|
5
|
Жамбыл
|
4
|
3
|
4
|
2
|
6
|
4
|
БҚО
|
3
|
0
|
6
|
0
|
6
|
3
|
Қарағанды
|
4
|
1
|
5
|
4
|
4
|
2
|
Қостанай
|
4
|
4
|
4
|
3
|
7
|
5
|
Қызылорда
|
3
|
2
|
4
|
2
|
2
|
0
|
Маңғыстау
|
4
|
2
|
4
|
3
|
7
|
4
|
Павлодар
|
6
|
3
|
4
|
2
|
6
|
1
|
СҚО
|
6
|
1
|
5
|
1
|
6
|
1
|
ОҚО
|
7
|
3
|
4
|
2
|
4
|
1
|
Алматы қ.
|
4
|
2
|
4
|
4
|
8
|
6
|
Астана қ.
|
6
|
3
|
6
|
4
|
7
|
2
|
О.Жәутіков ат. РФММ
|
4
|
1
|
4
|
1
|
6
|
4
|
НЗМ
|
3
|
0
|
2
|
0
|
3
|
0
|
Барлығы
|
80
|
35
|
73
|
36
|
99
|
44
|
«Дарын» РҒПО деректерінен
Географияпәнінен республикалық олимпиадаларға қатысушылар саны туралы мәліметтің аймақтар бойынша салыстырмалы талдауы келесі диаграммада берілген (9-сурет).
9-сурет –География пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатысу динамикасы
Географияпәнінен республикалық олимпиадаларға қатысушылар саны туралы мәліметтің аймақтар бойынша салыстырмалы талдауы келесі диаграммада берілген (10-сурет).
10-сурет – География пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатысу динамикасы
2012-2013, 2013-2014 оқу жылдары және 2014-2015 оқу жылының І-жартыжылдығында география пәні бойынша ғылыми жобаларға 117 оқушы қатысқан. Олардың 60-ы жүлделі орындарға ие болған, бұл қатысушылардың 51%-ын құрайды.
География пәні бойынша ғылыми жобаларға қатысу туралы мәлімет 10-кестеде берілген.
10-кесте – Қатысушылармен жүлдегерлер туралы аймақтар бойынша мәлімет
Облыс/қала
|
2012-2013 оқу жылы
|
2013-2014 оқу жылы
|
2014-2015 оқу жылы
І жартыжылдық
|
Барлық қатысу-шылар
|
Жүлде-герлер
|
Барлық қатысу-шылар
|
Жүлде-герлер
|
Барлық қатысу-шылар
|
Жүлде-герлер
|
Ақмола
|
0
|
0
|
2
|
2
|
0
|
0
|
Ақтөбе
|
0
|
0
|
0
|
0
|
4
|
2
|
Алматы
|
5
|
2
|
8
|
3
|
2
|
0
|
Атырау
|
1
|
1
|
1
|
0
|
2
|
0
|
ШҚО
|
1
|
0
|
4
|
2
|
3
|
3
|
Жамбыл
|
1
|
1
|
1
|
0
|
2
|
4
|
БҚО
|
2
|
0
|
2
|
0
|
1
|
1
|
Қарағанды
|
3
|
0
|
4
|
4
|
3
|
1
|
Қостанай
|
1
|
0
|
1
|
1
|
2
|
2
|
Қызылорда
|
6
|
2
|
1
|
0
|
2
|
0
|
Маңғыстау
|
3
|
2
|
2
|
1
|
0
|
1
|
Павлодар
|
2
|
2
|
4
|
1
|
6
|
1
|
СҚО
|
1
|
1
|
1
|
0
|
1
|
0
|
ОҚО
|
3
|
0
|
0
|
0
|
2
|
0
|
Алматы қ.
|
2
|
2
|
4
|
3
|
4
|
2
|
Астана қ.
|
4
|
4
|
7
|
5
|
4
|
1
|
НЗМ
|
0
|
0
|
2
|
1
|
0
|
0
|
Барлығы
|
35
|
17
|
44
|
23
|
38
|
19
|
Географияпәні бойынша ғылыми жобаларға қатысушылар саны туралы аймақтар бойынша салыстырмалы талдау келесі диаграммада берілген (11-сурет).
11-сурет – География пәні бойынша ғылыми жобаларға қатысу динамикасы
Географияпәні бойынша ғылыми жобалардағы жүлдегерлер саны туралы аймақтар бойынша салыстырмалы талдау келесі диаграммада берілген (12-сурет).
12-сурет – География пәні бойынша ғылыми жобалардағы жүлдегерлер динамикасы
Аталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар:
география пәні бойынша мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру, бірыңғай ұлттық тестілеудің, оқу жетістіктерін сыртқы бағалаудың нәтижелерін, олимпиадалар мен ғылыми жобалардың көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету;
жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептердің тәжірибелерін тарату;
ашық түрдегі он-лайн тест тапсырмаларын құру;
дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұнына көңіл аудару;
білім басқармалары, олардың әдістемелік кабинеттеріне «География» пәнінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын күшейтужұмысын белсендендіру;
пән бойынша білім сапасын бақылау мониторингін жүргізіп отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |