Аналитические материалы по обучению предмету «география» Астана 2015


Оқушылардың география бойынша дайындық деңгейінің жағдайы



бет2/7
Дата01.04.2017
өлшемі3,32 Mb.
#12825
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7

2 Оқушылардың география бойынша дайындық деңгейінің жағдайы
Қазақстанда оқушылардың білімжәне дағдыларының педагогикалық өлшеу аспектілерін ғана емес, білім беру ұйымдары беретін білімнің тиімділігін мемлекеттік тұрғыдан бақылаудың түрлі формаларын да қамтитын білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі жұмыс істейді.

Мониторингтік зерттеуді жүргізудің мақсаты Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің географиядан білім беру үдерісінің, білім алушылардың дайындық деңгейінің жағдайын анықтау болып табылды.

Зерттеу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың географияны игерудегі білім сапасын анықтау;

  • оқушылардың зияткерлік жарыстарға қатысу дәрежесін анықтау;

  • оқушылардың зияткерлік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділік дәрежесін анықтау.

Мониторингтік зерттеу республиканың жеті облысында (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар), Астана және Алматы қалаларында өткізілді.

6-9 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша үлгерімі мен білім сапасы туралы мәліметтер 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте – 6-9-сынып оқушыларының география пәні бойынша үлгерімі мен білім сапасы

Облыс/қала

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылының

І-жартыжылдығы

барл

үлгер

сапа

барл

үлгер

сапа

барл

үлгер

сапа

Ақмола

39340

100%

67,8%

39364

100%

67,9%

39450

100%

66,8%

ШҚО

37429

100%

64,4%

57998

100%

65,4%

21815

100%

61,7%

Жамбыл

67010

98,2%

59,8%

66039

98,9%

56,9%

66340

98,2%

57,8%

Қостанай

39555

99,9%

58,2%

39600

99,9%

58%

39178

99,9%

57,6%

Қызылорда

49127

100%

76,8%

47399

100%

76,9%

46235

100%

78,1%

Маңғыстау

35640

99,4%

62,1%

36129

99,5%

61%

35125

99,2%

60,4%

Павлодар

32729

100%

70,8%

31859

100%

73,4%

31841

99,8%

70,7%

Алматы қаласы

59434

100%

65,5%

59160

100%

71,3%

63846

100%

73,4%

Астана қаласы

31174

100%

76,3%

31938

100%

79,3%

34539

100%

78,8%


2012-2013 оқу жылы география пәні бойынша білім сапасы негізгі орта мектепте 58,2%-дан бастап 76,8%-ға дейін ауытқып отырған. Ең жоғары нәтижені Қызылорда облысы көрсетті – 76,8%, ең төмен нәтиже Қостанай облысының оқушыларында – 58,2%. 2013-2014 оқу жылы ең жоғары білім сапасын Астана қаласы оқушылары көрсеткен (79,3%), ең төмен нәтиже Қостанай облысының оқушыларында – 58%. Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Астана қаласында тұрақты нәтижелер байқалуда. Қостанай облысы 6-9 сыныптар оқушылары білім сапасының жылдан жылға төмендеуі байқалады (58,2%, 58% және 2014-2015 оқу жылының І жартыжылдығында 57,6%). Алматы қаласында білім сапасының жылдан жылға өсуі көрінеді.

6-9 сынып оқушыларының география пәні бойынша білім сапасының салыстырмалы талдау динамикасы көрсетілген (1-сурет)

1-сурет – Аймақтар бойынша 6-9 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша білім сапасы
6-9 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша білім сапасын салыстырмалы талдаудың қорытындысы бойынша:

- жылдан жылға Қызылорда облысы, Астана қаласы бойынша оқушылардың білім сапасының жоғарлауы;

- Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстары, ШҚО, Астана қаласы бойынша оқушылардың білім сапасының тұрақты еместігі;

- Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша оқушылардың білім сапасының төмендеуі байқалады.

10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша үлгерімі мен білім сапасы туралы мәліметтер 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте – 10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша үлгерімі мен білім сапасы

Облыс/қала

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылының

І-жартыжылдығы

барл

үлгер

сапа

барл

үлгер

сапа

барл

үлгер

сапа

Ақмола

9775

100%

70%

9781

100%

71,8%

9772

100%

71,2%

ШҚО

11821

100%

67,1%

17674

100%

68,9%

6192

100%

70,1%

Жамбыл

20294

98,6%

69,6%

18598

97,9%

58,8%

17795

98,6%

54,4%

Қостанай

9687

99,6%

61,1%

9054

99,5%

60,7%

8847

99,6%

61%

Қызылорда

16279

100%

73,9%

14699

100%

72,8%

14338

100%

73,4%

Маңғыстау

8646

99,3%

59,8%

8196

99,2%

64%

8399

99,3%

64,1%

Павлодар

9795

99,9%

78,4%

8548

100%

77,6%

7713

99,8%

73,7%

Алматы қаласы

14256

100%

65,7%

15122

100%

69,8%

15176

100%

73,4%

Астана қаласы

8425

100%

81%

9025

100%

81,5%

97711

100%

85,9%


Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының 2012-2013 оқу жылындағы география пәні бойынша білім сапасы 59,8%-дан бастап 81%-ға дейінгі аралықтағы ауытқуды көрсетеді. Ең жоғары нәтиже Астана қаласында – 81% және сапаның жылдан жылға өсіп отырғаны байқалады, ең төмен нәтиже Маңғыстау облысында – 59,8%. Астана қаласы 2013-2014 оқу жылында да ең жоғары көрсеткішті сақтап отыр (81,5%), өткен оқу жылымен салыстырғанда Жамбыл (69,6 және 58,8%) облысында білім сапасының керісінше төмендегенін көруге болады, ал Маңғыстау облысында екі жылдың салыстырмалы талдауы білім сапасының 59,8%дан 64%-ға дейін көтерілгенін көрсетеді.

Келесі суретте 10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша білім сапасының салыстырмалы талдау динамикасы көрсетілген (2-сурет)

2-сурет – Аймақтар бойынша 10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша білім сапасы
10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша білім сапасын салыстырмалы талдаудың қорытындысы:

- жылдан жылға Маңғыстау облысы, ШҚО, Астана және Алматы қалалары бойынша оқушылардың білім сапасының жоғарлауы;

- Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша оқушылардың білім сапасы тұрақты еместігі;

- Жамбыл облысы бойынша оқушылардың білім сапасының төмендеуі байқалады.

Білімберудің келесі деңгейіне көшуге байланысты оқушылардың 2012-2013 оқу жылы бойынша географиядан білім сапасыныңсалыстырмалы талдауы келесі диаграммамен берілген (3-сурет).



3-сурет – 2012-2013 оқу жылындағы оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша география пәнінен білім сапасы
Білімберудің келесі деңгейіне көшуге байланысты оқушылардың 2013-2014 оқу жылы бойынша географиядан білім сапасыныңсалыстырмалы талдауы келесі диаграммамен берілген (4-сурет).


4-сурет – 2013-2014 оқу жылындағы оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша география пәнінен білім сапасы
Білімберудің келесі деңгейіне көшуге байланысты оқушылардың 2014-2015 оқу жылының І-жартыжылдығы бойынша географиядан білім сапасыныңсалыстырмалы талдауы келесі диаграммамен берілген (5-сурет).



5-сурет – 2014-2015 оқу жылының І-жартыжылдығында оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша география пәнінен білім сапасы

2014-2015 оқу жылының І-жартыжылдығында оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша география пәнінен білім сапасының салыстырмалы талдау динамикасы төмендегідей:

  • Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары, ШҚО және Астана қаласында білім сапасы артқаны;

  • Жамбыл, Қызылорда облыстарында білім сапасының төмендегені;

  • Алматы қаласы бойынша тұрақты екені байқалады.

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу жетістіктерін сыртқы бағалау (ОЖСБ) 2012 жылдан бастап жүргізіліп келеді.

9-сыныптардағы ОЖСБ шараларына міндетті түрде қазақ тілі және жыл сайын осы шаралар қарсаңында уәкілетті ұйыммен анықталатын 3 пән енгізіледі. Соңғы үш жылда «География» пәні 2014 жылы ғана таңдап алынды. Жылдар бойынша ОЖСБ-ға енгізілген пәндер 5-кестеде көрсетілген.
5-кесте – 2012-2014 жж. ОЖСБ пәндері




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Қазақстан тарихы

Алгебра

Дүние жүзі тарихы

2

Алгебра

Физика

География

3

Химия

Ағылшын тілі

Химия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет