3 Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде географияны оқыту әдістемесі мен тәжірибесі: тәжірибелер және инновациялар
Мектептегі география пәнінің ғылым негіздерін оқыту пәні ретінде, оқушылардың дүниетанымдық ғылыми көзқарасын қалыптастыруда үлесі зор. Оқушылардың меңгерген ғылыми білімі дүниетанымның бір бөлігі болуы үшін география пәні әр тұлғаның қоршаған ортаның нақты жағдайымен қарым-қатынаста және байланыста болуында, бұл қарым-қатынастарды реттеуде және ұйымдастыруда, олардың мағынасын түсінуде бағыттаушы рөлін атқаруы тиіс.
География – Жер – адам өмір сүретін ғаламшар ретінде тұтас көзқарас қалыптастыратын оқу пәні және оқушылардың бойында жалпы мәдениет пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда негізгі орынды иеленеді. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін де қажет. Шаруашылықтың тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсартуда да география ғылымы қажет. Географиялық білім көптеген ақпарат көздерінен жинақталған деректерді кіріктіруді, тілдесудің халықаралық тілінің бірі – географиялық картаны дұрыс қолдануды үйретеді.
Географиялық білім заманауи әлемнің және адамзаттың тұтастығы туралы саналы түсінік береді. Оқушылар өздерін қоршаған материалдық, рухани және мәдени құндылықтарды, сондай-ақ адамның кеңістікте өмір сүруінің мәнін дұрыс түсінулері үшін, белгілі деңгейде географиялық білім мен түсінік жинақтаулары тиіс. Сонымен қатар география пәнінің басты мақсатының бірі экологиялық білім беруді жетілдіру болып табылады.
Осы заманғы кезеңде әлемдік білім беру тәжірибесінде білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыт-бағдарлары нәтижеге бағытталған білім беру үлгісі арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдердің білім берудегі ауқымды реформалары білім берудің заманауи үлгісін тарихи қалыптасқан жағымды дәстүрлерді сақтай отырып, инновациялық көзқарас-ыңғайларды пайдалануды көздейді.
Бүгінгі күні адамның білім алудағы сұранысы «білетін адамнан» – «шығармашылық тұрғыда ойлайтын, әрекет етуге, өздігінен жетілуге қабілетті адам» үлгісіне ауысып отыр.
Оқыту мен тәрбиенің өзге құрамдас бөліктерімен салыстыра келгенде, білім мазмұны түйінді және тұрақты шама болып табылады. Сондықтан оны жаңарту жұмысы жаңа білім беру парадигмасын тудырып, бірқатар қажетті педагогикалық шарттар кешенінің өзгеруіне әкеледі. Бұл білім беру қызметінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауға да қатысты.
Бүгінгі таңда бірінші орында тұрған ғаламдық мәселелердің бірі экологиялық дағдарыстардың алдын алу адамдардың мақсатты бағытта ойластырған іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Осыған орай экологиялық дағдарыстан шығудың жолдары іздестірілуде және оған қатысты материалдарды елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау», «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы Заңдардан, сондай-ақ «Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық әрекет жоспары» сияқты экологиялық мәселелерге арналған мемлекеттік құжаттардан көруге болады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасы мен оны тәжірибеге енгізу жолдары ғалым Ә.Бейсенованың жетекшілігімен әзірленген. Тұжырымдамада адамның әлеуметтік қатынас жүйесіндегі табиғатқа деген жауапкершілік рөлінің өсуі; табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас жасауды экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі; экологиялық білім беруге мемлекеттік мәртебенің берілуі; халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін құру; орта жалпы білім беретін мектептерде жеке пәндерді оқыту, пәнаралық байланыс, тереңдетілген және саралап оқыту процесі арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру қарастырылған [9].
«География» пәні оқулықтарының авторы Т.О.Увалиев ұсынған «Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы» курсы оқушылардың біліктілігін жетілдіруде өзіндік маңызды орны бар.
«Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясын» оқытудың жалпы білімдік мақсаты – оқушылардың бойында табиғат ресурстарының алуан түрлілігі мен байлығы және оларды пайдаланудан туындайтын проблемалар туралы білім мен түсініктер қалыптастыру болып табылады. Ол қоршаған табиғи ортаның біртұтас көрінісі туралы жан-жақты ғылыми түсінік береді. «Табиғат ресурстары географиясының» білімдік маңызы – табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтірудің географиялық аспектілерін, адамзаттың ресурспен қамтамасыз етілу проблемаларын зерттеуге байланысты арта түсуде.
Осы еңбекте табиғат ресурстарын оқытудың келесі міндеттері көрсетілген:
оқушыларды «Табиғат ресурстары географиясының» география ғылымдары жүйесіндегі және оның проблемаларын шешудегі рөлімен, аумақтар табиғатының құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерімен таныстыру;
жер шарында адамзаттың қалыпты өмір сүруі үшін табиғат ресурстарының қажеттілігі мен құндылығы туралы білімді қалыптастыру;
білімдерді өз беттерінше іздестіру және меңгеру қабілетін дамыту, гуманистік бағдар қалыптастыру;
адамның шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған табиғи ортадағы өзгерістермен өзара байланыстылығы туралы, өз іс-әрекетіне, қабылдаған шешіміне, таңдауын жүзеге асырудағы жауапкершіліктері жайлы түсініктер қалыптастыру [10].
География пәнін оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім жетістігін жетілдіруде өзіндік орны бар. Мысалы, 11-сыныпқа арналған «Экономикалық және әлеуметтік география» курсына ғана қысқаша тоқталамыз. Электрондық мектеп оқулығының алғашқы бетінде анықтамалық бөлімнің жеке тармақтары бойынша тұтынушыға арналған нұсқаулар (әдебиеттерді көру, оқулықты ашып-жабу, жиыру, дыбысты қосу-тоқтату, модульге кіру тәрізді) берілген. Бұл курста «Дүние жүзіне аймақтар бойынша экономикалық-географиялық шолу» жасалады. Бұл электрондық мектеп оқулығының (ЭМО) құрылымы модульдік технологияға бағытталып құрастырылған. Ол – ғаламшардың жеке құрылықтары және «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» атауларымен аталған 7 модульден тұрады, олар бірнеше тақырыптарды қамтиды (авторлары: Увалиев Т.О., Аблеева А.Г. т.б.). Әлем елдеріне саяхатты модуль құрылымының мазмұны берілген (44 дана) файлдарға тоқталу арқылы жасауға болады. Жалпы ЭМО мазмұны нақты өмірдің формасына сәйкес келеді. Түрлі-түсті бейнелер мен анимациялар арқылы әзірленген оқу материалдары пән мұғалімінің тақырыпты жан-жақты түсіндіруіне мүмкіндік береді. Анимация арқылы түсіндіруге арналған 59 түсініктемелер дайындалған. Оқушы алған білімін 78 интерактивті және үй тапсырмаларын орындау арқылы бекіте алады, сонымен бірге 525 тест сұрағы оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ал оның «Функционалды сауаттылық» бөлімінде күнделікті өмірде қолдануға негізделген тапсырмалар берілген. Берілген нұсқаулар оқушының нақты жобалармен жұмыс жасауына және шығармашылдықпен айналысуларына мүмкіндік жасайды. «Жобалық іс-әрекет» бөлімінде оқушыны мектептен ғылыми жобаға бейімдейтін жұмыстар мен оның түрлері, мақсат-міндеттері мен кезеңдеріне қойылатын талаптар, жобаны безендендіруі туралы анықтамалық мәліметтер берілген. Соңында глоссарий берілген. Оқушы тізімнен өзіне қажетті терминді іріктеп, оның мән-мағынасын тереңірек білуіне болады [11].
Құрлықтардың немесе ірі аумақтардың, сондай-ақ бір елдің табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, саяси-экономикалық-әлеуметтік құрылымы туралы мәліметтерді жинақтап, зерттеп, жүйеге келтіретін география пәнінің бір саласы – Елтану пәні. Осы салада мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралды ұсынуға болады:
Саипов А.А., Айткенова А.Е., Даулетбаева Г.К. Елордатану (Астанаведение) – мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. – Астана, 2013. – 105 б.
Бұл оқу-әдістемелік құралда Астана қаласының құрылу және даму жолдары, астананың сәулеті және мәдениеті туралы материал берілген.
Географ ғалым А.А.Саиповтың «Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму географиясы» әдістемілік құралы әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның жаңа географиясы құрылуы мен дамуына, Қазақстан шаруашылығы салаларының индустриалды-инновациялық дамуына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіне, дүниежүзілік геоэкономикалық кеңістікте жаһандануына сәйкес, мектеп оқушыларына географиялық білім беруге арналған. Бұл әдістемелік құралды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мұғалімдерге география пәнін оқытуда көмекші құрал ретінде ұсынады.
Оқытудың педагогикалық технологияларының тиімді әдіс-тәсілдері мен жаңа жолдарын іздестіру үздіксіз жүргізілетін үдеріс. Үздіксіз географиялық білім беру осы үдерістің бір бөлігі. Яғни қазіргі оқушының өмірінің әр кезеңінде үздіксіз және өз бетінше шығармашылықпен білім алуына, тез өзгермелі өмірге бейімделуіне жағдай жасау және болып жатқан жаңалықтарды жылдам қабылдау қабілеттерін қалыптастыру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету мұғалімнен шығармашылықты талап етеді. Осы салада 1991 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Алматы қаласындағы «Ұ.Ә. Есназарованың географиядан Республикалық атаулы мектебін» ерекше атап өтуге болады.
Атаулы мектеп құрудағы мақсат – жеке пәндер бойынша білікті, ізденімпаз, еңбекқор ұстаздарды біріктіру, солар арқылы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер санын көбейту; оқушылардың терең, тиянақты білім алып шығуын қамтамасыз ету [12].
Қазіргі уақытта бұл мектепте 100-ден аса ұстаз еңбек етеді. Сонымен қатар республика бойынша атаулы мектептің бөлімшелері жұмыс істеуде.
Ұ.Ә. Есназарованың атаулы мектебі жалпы орта білім беретін мектептің Қазақстан географиясы пәні бойынша 136 сағаттық бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешен әзірледі және олар орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Сонымен қатар, оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыруға негізделген жұмыс дәптері (қазақ және орыс тілдерінде), оқушылардың пәннен меңгерген білімін тексеруге арналған тест сұрақтары, 8-9-сыныптарға арналған географиялық атлас, кескін карталар, үлестірме дидактикалық материалдар әзірленген. «Қазақстан табиғаты – Природа Қазақстана» фотоальбомы және қазақ жерін зерттеген ғалымдар мен саяхатшылардың портреттері екі альбом болып шығарылған. Ғалым-ұстаздың көптеген еңбектерін республиканың география пәні мұғалімдері кеңінен қолданып жүр, мысалы:
Ұ.Ә.Есназарова.Қазақстанның физикалық және экономикалық георафиясын оқыту. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. Алматы. Рауан. 1994,1996, -114 б.
Ұ.Ә.Есназарова.География пәнін оқыту үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру әдістемесі. Монография. Алматы, 2003, көлемі -8,2 б.т.
Ұ.Ә.Есназарова, А.Т.Темірбеков. Түркі тілдес елдер географиясы. Факультативтік және таңдау курсына арналған оқу құралы – Алматы: -2013 – 212 б.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызын және қазірдің өзінде оқушыларға пән бойынша мектепте қажетті инновациялық курстар жоқ екендігін атап көрсетіп, өскелең ұрпақтың туған жерге деген махаббатын, елжандылығы мен отаншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында «Өлкетану» пәнін өту керектігін міндеттеді. Осыған байланысты Географиядан Республикалық Атаулы мектепте әрбір мүшесі еңбек ететін аудан және облыстарда «Туған жер географиясы» немесе «Өлкетану» таңдау курсының бағдарламалары жасалды және баспадан шықты. «Астанатану» немесе «Әсем қала – Астана» және «Алматытану» немесе «Менің туған қалам – Алматы» өлкетану курстарының авторлары – п.ғ.д., проф. Ұ.Ә. Есназарова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУдің профессоры, г.ғ.к. А.Т.Темірбеков.
«Алматытану» немесе «Менің туған қалам – Алматы» өлкетану курсын бітірген бастауыш сынып оқушыларының біліміне қойылатын талаптар:
Мақсаты – оқушыларды Алматы қаласының географиялық орны мен тарихын, өсімдіктері мен жануарларымен таныстыру, оларды қорғау шаралары туралы айтып түсіндіру және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, қызығушылықтарын арттыру.
Атаулы мектеп мүшелерінің «Туған жер географиясы» (11-кесте) бойынша әзірлеген көптеген ізденіс жұмыстары оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде және арттыруда маңызы зор.
11-кесте – «Туған жер географиясы» оқу құралдарының тізімі
№
|
Қазақстан аймағы
|
Басылымның атауы
|
Автор
|
1
|
Батыс Қазақстан
|
Атырау облысының физикалық географиясы
|
Жиенқұлов Е.
|
2
|
Ақтөбе облысының физикалық географиясы
|
Сергалиева Райгүл
|
3
|
Шалқар ауданының географиясы
|
Төлебаева Дәмеш
|
47
|
Зеленов ауданының географиясы
|
Майемер Азамат
|
5
|
Хромтау ауданының географиясы
|
Әбдікешов Д.
|
6
|
Маңғыстау ауданының географиясы
|
Қашқымбаева Т
|
7
|
Мұғалжар ауданының географиясы
|
Дайырова Г.
|
8
|
Жылыой ауданының географиясы
|
Шоқанова Н.
|
9
|
Шығыс Қазақстан
|
Семей облысының физикалық географиясы
|
Күмісбекова Т.
|
10
|
Зайсан ауданының географиясы
|
Ысқақова К
|
11
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
Созақ ауданының географиясы
|
Қаландарова Н.
|
12
|
Мерке ауданының географиясы
|
Хұдайбердиев Ф.
|
13
|
Отырар ауданының географиясы
|
Әмзеева Ү.
|
14
|
Жаңақорған ауданының географиясы
|
авторлар тобы
|
15
|
Қарасай ауданының географиясы
|
Қозыбақова А., Оспанова Қ.
|
16
|
Солтүстік Қазақстан
|
Мамлютка ауданының географиясы
|
Имангулова Т.
|
17
|
Баянауыл ауданының географиясы
|
Жиенқұлова Б.
|
18
|
Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданының географиясы
|
|
Географияны оқытудың әдістемесі мен практикасының шетелдік тәжірибесін талдау, олардың озық тәжірибесін қазақстандық жалпы білім беретін мектептерге енгізу қажеттігін көрсетті.
Білім беру аймағындағы Сингапурдың мемлекеттік саясаты қызығушылық тудырады. Өзінің икемділігіне, қабілеттері, қызығушылықтары және бейімділіктері әр түрлі балалардың қажеттіліктерін адамгершілік құндылықтарға тәрбиелей отырып қанағаттандыру себептеріне байланысты Сингапурлық білім беру саясаты әлемдегі ең тиімді болып аталды. Бұл елде 1993 жылдан бері инновациялық идеялар мен дағдыларды, жаңашылдықты және жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың жетекші-тәлімгерлерімен өзара байланысу арқылы ғылыми жобаларды дайындауда оқушылардың білімін практикада қолдануды дамытудың тамаша мүмкіндігін ұсынатын инновациялық бағдарлама ендірілген. Инновациялық бағдарлама (ИБ) жаратылыстану пәндерін оқып-үйренуде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін келесі іс-шаралар арқылы дамытуға бағытталған:
«Старт» ИБ. Старт – бұл оқушылардың инновацияларда шабыттануына және өз жобаларын қалай бастау керектігі туралы кейбір идеяларды ұсынуына арналған платформаныбілдіретін жартыкүндік іс-шара.
«Сабақтар» ИБ. Оқу процесінде оқушылар идеяларымен бөлісетін сабақтарды топтардағыжетекші-тәлімгерлер жүргізеді.
«Сессия жобасы». Бірінші жартыжылдықта қатысушылар жетекші-тәлімгерлердің жетекшілігімен таңдаған жобасы бойынша өздігінен белсенді жұмыс істейді және оны аяқтағанда өз жобаларын ұсынады.
«Семинар» ИБ. Біркүндік семинар Сингапурдың Ұлттық университетінде 5-ші және 8-ші сынып оқушылары үшін шамамен мамыр/маусымда ұйымдастырылады. Бұл семинар оқушылар мен тәлімгерлерге, сарапшыларға оқушылардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
Финляндияда 5-сыныптың географиясын оқытуда технология түсінігін оқып-үйренеді. Оқыту технологиясы деп оқыту тиімділігін арттырудың тәсілдерін және нақты берілген алгоритм мен материалға ие жобалаушы процесті түсінеді.8-сынып практикасына «Жер – адамзат үйі ретінде» деген түсінік, физикалық картаның анықтамалары, оның талдауы енгізіледі. Сонымен қатар, білім беру мазмұны Жердегі және құрнлықтардағы оқиғаларды, табиғат жағдайларын салыстыруды, адамның іс-әрекетін және мәдени ерекшеліктерін қамтиды. Географияны оқытудың мақсаты табиғи, техногендік және әлеуметтік ортаны, сонымен қатар жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейінгі адамдар мен қоршаған орта арасындағы әрекеттесу үдерісін оқып үйренуде оқушылардың дағдыларын дамыту болып табылады[6].
Қазақстанның география бойынша оқу бағдарламасының тақырыптарын және TIMSS-2011 (8-сынып) бағалау құрылымдарын салыстыру негізгі бөлімдер бойынша сәйкестік бар екендігін көрсетті (12-кесте).
12-кесте – Қазақстанның география бойынша оқу бағдарламасының тақырыптарын және TIMSS-2011 (8-сынып) бағалау құрылымдарын салыстыру
TIMSS-2011 бағалау құрылымдары
|
ҚР география бойынша оқу құрылымдары
|
Ескерту
|
Жердің құрылымы және физикалық сипаттамалары.
1. Жер қыртысының, қабығының және ядросының құрылымы және физикалық ерекшеліктері. (жер сілкіну, жанартаулар).
2. Таулардың, минералдардың, топырақтың суреттелуі және оның формациясы.
|
Литосфера. Жер құрылысы. Географиялық қабық.түсінігі және оның заңдылықтары. Жердің табиғи кешені.
|
Сәйкес келеді.
|
Жер үдерістері, кезеңдері және тарихы.
1. Таулар.
2. Диаграммалар немесе судың табиғаттағы айналым үдерістерін, энергия көзі ретінде Күнге қатысты, бұлттардың рөлін суреттеу.
3. Салыстырмалы биіктіктегі және төмендегі климаттарды салыстыру (ұзақмерзімді және қысқамерзімді климаттық өзгерістер, ауа райы мәліметтерін түсіндіру/
карталар).
|
Литосфера. Жердің рельефі және оның саналуандығы. Материктер мен мұхиттар. Қазақстанның таулары: Орал, Алтай, Жоңғар Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Солтүстік Тянь-Шань.
Физикалық-географиялық жағдайы. Геологиялық құрылысы және оның рельефтің ерекшеліктеріне әсері және пайдалы жәндіктерді орналастыру.
|
Гидросфера және оның құрамы. Су айналымы.
Гидросфера және оның құрам бөліктері. Судың қасиеттері. Табиғаттағы су айналымы және оның құрам бөліктері. Судың маңызы 6, 7-сынып курсында оқылады.
|
Жер ресурстары.
1. Қолдану және сақтау.
2. Жаңартылатын және жаңартылмайтын ресурстар.
3. Түрлі энергия көздерінің артықшылықтары және кемшіліктері.
4. Кәдімгі агромәдени әдістері мен жерді жерді қолдануды түсіндіреді.
5. Таза судың жетістіктерін суреттеу. Суды сақтау.
|
Климат және агроклиматтық ресурстар.
Климаттүзуші факторлар және Қазақстанның климатын қалыптастыру. Өз жерінің климаты және ауа райын болжау. Ең жоғары және ең төмен температура, жауын-шашын мөлшері. Климаттық жағдайлардың өмір салтына, денсаулыққа, тұрғындардың шаруашылық іс-әрекеттеріне әсері. Агроклиматтық ресурстар. Қазақстанның агроклиматтық картасы. Ішкі сулар және су ресурстары. Судың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Мелиорация. Суды пайдалану және оның сапасы мен көлемін сақтау жолдары. Су және жергілікті су ресурстары, оларды қорғау.
|
Сәйкес келеді.
|
Күн жүйесіндегі және Ғаламдағы Жер.
1. Жердің, Айдың және Күн жүйесіндегі басқа да денелердің қозғалысына, қашықтығына және мөлшеріне қатысты құбылыстарды түсіндіру.
2. Жердің, Күннің және басқа ғаламшарлардың физикалық ерекшеліктерін салыстыру.
3. Күн жүйесіндегі гравитацияның рөлі.
|
Жұлдыздар жүйесі. Күн – бізге жақынырақ жұлдыз. Күн жүйесі. Жер және Күн жүйесінің басқа ғаламшарлары. Жұлдыздардың қозғалысы. Ғарышты зерттеу.
Жер – Күн жүйесінің ғаламшары. Жер Ғаламның бөлшегі ретінде.
Жер дің Күн жүйесіндегі орны. Жер мөлшері. Жердің өз осімен айналуы. Жердің Күн ді айналуы. Жердің жасанды серіктері. Жер туралы білімді дамыту.
|
Сәйкес келеді.
|
Батыс елдерінде географияны оқып-үйретуді біржақты бағалау қиын. География элементтері басқа оқу пәндерінің мазмұнынан тұратын кіріктірілген курстардың құрамына кіреді (экология, экономика, геология). Ұлыбритания үкіметі бүкіл елге міндетті оқу пәндерінің бірыңғай тізімін бекіткен жаңа ұлттық жоспарын іске қосты. Бұл тізімге 9 пән, оның ішінде география енді. Мектептің жоғары буынында элективті жүйе жұмыс істейді, оқушылардың жартысы географияны тереңдетіп оқу үшін және бітіру емтиханын тапсыру үшін таңдайды. Англияның әдіскер-географтары екі себепті атап көрсетеді: 1. Оқытудың практикалық бағыттылығы, географияны оқып-үйренудегі зерттеу жұмыстарының маңызды рөлі. 2. Мектептегі географияның мазмұнын ізгілендіру. Бұл екі бағыт аймақтық негізде зерттеуді қамтиды, ал білім беруді ізгілендіру балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді және зияткерлік дамуы, адамгершілік тәрізді тұлғаның басқа да қырларына қатты әсер етеді.
География сабағын дамытудың заманауи қағидалары оқытуды ұйымдастыру формаларының әртүрлілігімен тығыз байланысты: саяхаттар мен жорықтар, далалық практикалық жұмыстар, шағынқорықтардың экологиялық жолдарындағы жұмыс.Заманауи әдіс-тәсілдер әр түрлі оқу пәндерінің екі-үш мұғалімі арқылы жүргізілетін пәнаралық сабақтарды қажет етеді. Оқыту тәсілдері, мысалы, зерттеулік, проблемалық баяндау және ұйымдастыру формаларының әртүрлілігі, әсіресе топтық, ұжымдық – оқушыларды тәрбиелеуде және дамытуда маңызды рөл атқарады.
Батыс елдеріндегі география сабағының кейбір ерекшеліктері географияны оқытудың мақсатын анықтайды, онда бірінші кезеңге оқушыларды танымдық еркіндікке ынталандыру жатады, ал қабілеттікті дамытуға және практикалық дағдыны қалыптастыруға, білім жүйесін меңгеруге аз көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес, мұғалімдер алдымен оқушылардың жеке танымдық – зияткерлік және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағдар жасайды. Мұғалім ақпарат көзі болып табылатын «Оқытудың дидактикалық стилінде» мұғалімнің ақпарат көзі болатындығын негізінен жоғары буын өкілдерін бақылауға болады. Сондықтан, орта сынып сабақтарында жергілікті географияны оқып үйренуге байланысты оқушылардың топтық жұмыстары басымдыққа ие болады.Батыс педагогтардың пікірі бойынша, балалардың шынайы ситуацияларды сезінуіне, проблеманы онымен бетпе бет келген адамның көзімен көруге көмектесетін ойындар әр уақытта қолданылады.
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрін үйлестіретін мектепте білім берудің инновациялық моделін қалыптастыру қазіргі заманғы білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. Осындай модельді жасау білім беру мазмұнын, оқыту әдістемелерін, оқу жетістіктерін бағалау қағидаттарын, қалыптасқан мектеп құрылымын, өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертуді талап етеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшелігі – құрылымы және мазмұны жағынан орта білімге арналған үздік шетелдік куррикулумдарға сәйкес келуі. Бұл ретте бағдарлама құрамына мерзімді жоспарлардың (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар) кіретінін айта кеткен жөн:
– ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік мазмұн нақтыланады;
– орта мерзімді жоспар – бұл ұзақ мерзімді жоспармен қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжей сипаттайтын, оқу материалын сынып ішінде және сыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыс сызбасы;
– қысқа мерзімді жоспар – бұл жеке сабақ үлгісі.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде география пәнін оқытуда жүйелік-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру – алдыңғы орынға қойылатын талап.
Оқыту мақсаттары (сабақтың мақсаттары) оқушылардың әрекеттерінен көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады (ол нені біледі, түсінеді, және т.б.). Оқыту мақсаттарына келесі талаптар қойылады:
- деректерді, ұғымдарды және т.б. меңгеруге бағытталуы;
- мақсаттардың операциялық тұрғыдан анықталуы;
- мақсаттардың нақты болуы;
- мақсатқа қол жеткендігін айқын анықтауға мүмкіндік беретіндей нақты тұжырымдалуы;
- мақсаттар, мақсатқа жетуге қажетті міндеттердің толықтығын білдіруі тиіс;
- мақсаттардың уақытша айқындылыққа ие болуы (мерзімділік – белгілі бір академиялық мерзімге сай болу) [13].
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде географияны оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі аса назар аударатын мәселелерді көрсетті, олар:
– оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары және функционалдық сауаттылықты дамыту;
– оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту;
– география тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
Ұсыныстар:
географияны оқытудың сапасын көтеру бойынша жұмысты белсендендеру, сонымен қатар оқушылардың дайындық деңгейіне назар аудару;
оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу, сыныптан тыс жұмысты, үйірме жұмысын, қолданбалы курс тақырыптарын түрлердіру;
оқыту барысында отандық және шетелдік оқу құралдарында орын алатын терминологиялық айырмашылықтарды ескеру;
педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде мұғалімдерді оқытудың әдістемесін жетілдіру;
«География» пәнінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту;
географиялық білім беруде АКТ қолдануды белсендендіру;
географ-ғалымдардың, мұғалімдердің, білім беру ұйымдарының, жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесін тарату.
4 Жалпы білім беретін мектептердегі география бойынша білім берудің жағдайы
Педагог мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жетілдіру білім беруді жаңартуды қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
2014 жылдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы жасаған Ұлттық баяндама мәліметтері көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары Қазақстанның жалпы білім беру мектептерін мамандармен қамтамасыз етудің оң динамикасы байқалады: 2013 жылы жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдер саны 294897 адамды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 8527 адамға артық. Бірақ, мамандардың жетіспеушілігі біздің республикамызда әлі де орын алып отыр. Жекелей алғанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында география пәні бойынша 60 вакансияға 399 түлектен келеді, осыған байланысты, жалпы алғанда республика бойынша географ-мұғалімдердің жетіспеушілігі болмауы тиіс (13-кесте). Алайда, жалпы білім беру мектептерінде оларға деген сұраныс әлі де өз күшінде қалуда. Бұл, өз кезегінде, жас мамандардың мұғалімдіктен гөрі басқа мамандықтарды қалайтынын көрсетеді.
13-кесте – География мұғалімдерінің сандық көрсеткішіжәнеҚазақстанның жалпы білім беру мектептеріндегі педагог мамандарға қажеттілік
Аймақтар
|
География
мұғалімдерінің сандық көрсеткіші
|
Педагог мамандарға қажеттілік
|
ҚР
|
9 809
|
60
|
Ақмола
|
420
|
2
|
Ақтөбе
|
538
|
6
|
Алматы
|
1 222
|
5
|
Атырау
|
369
|
5
|
БҚО
|
398
|
4
|
Жамбыл
|
726
|
0
|
Қарағанды
|
617
|
3
|
Қостанай
|
464
|
0
|
Қызылорда
|
769
|
1
|
Маңғыстау
|
267
|
2
|
ОҚО
|
1 913
|
0
|
Павлодар
|
368
|
0
|
СҚО
|
431
|
20
|
ШҚО
|
747
|
12
|
Астана қ .
|
160
|
0
|
Алматы қ .
|
400
|
0
|
Дереккөз: ҚР БҒМ деректері
Аймақтық аспектіде мамандар жетіспеушілігіне қатысты аса қолайсыз жағдай Солтүстік Қазақстан (20 мұғалім) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12 мұғалім) жетіспейтіні байқалса, ал қалған облыстарда мамандарға жетіспеушілік соншалықты көп емес (14-кесте).
Қазақстан Республикасы бойынша география пәні мұғалімдерінің соңғы 3 жылдағы жалпы саны, сонымен бірге жоғары, 1-ші және 2-санатты мұғалімдердің сапалық құрамының (13-сурет) талдауы, жалпы алғанда, оң динамиканы көрсетеді.
14-кесте – География мұғалімдерінің сапалық құрамы
|
Мұғалімдер саны
|
Жоғары санат
|
1 санат
|
2 санат
|
Санаты жоқ
|
Зейнеткерлер
|
Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндер
|
Қызылорда облысы
|
2012-2013
|
589
|
21
|
189
|
225
|
154
|
0
|
0
|
2013-2014
|
624
|
25
|
202
|
232
|
165
|
0
|
0
|
2014-2015
|
642
|
34
|
226
|
235
|
147
|
0
|
0
|
Ақмола облысы
|
2012-2013
|
419
|
75
|
127
|
91
|
126
|
19
|
0
|
2013-2014
|
420
|
79
|
111
|
101
|
129
|
25
|
4
|
2014-2015
|
467
|
85
|
116
|
130
|
136
|
21
|
2
|
Павлодар облысы
|
2012-2013
|
310
|
62
|
74
|
95
|
79
|
10
|
22
|
2013-2014
|
368
|
58
|
108
|
99
|
103
|
9
|
20
|
2014-2015
|
357
|
69
|
112
|
80
|
96
|
9
|
6
|
Маңғыстау облысы
|
2012-2013
|
245
|
38
|
40
|
68
|
99
|
8
|
0
|
2013-2014
|
263
|
43
|
42
|
70
|
108
|
5
|
0
|
2014-2015
|
287
|
52
|
49
|
74
|
112
|
18
|
0
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
2012-2013
|
543
|
92
|
155
|
154
|
142
|
15
|
10
|
2013-2014
|
509
|
98
|
147
|
132
|
132
|
12
|
14
|
2014-2015
|
474
|
94
|
146
|
130
|
104
|
16
|
9
|
Қостанай облысы
|
2012-2013
|
491
|
64
|
117
|
114
|
196
|
7
|
7
|
2013-2014
|
475
|
66
|
119
|
113
|
177
|
4
|
9
|
2014-2015
|
483
|
71
|
116
|
121
|
175
|
9
|
10
|
Жамбыл облысы
|
2012-2013
|
703
|
157
|
207
|
182
|
157
|
14
|
0
|
2013-2014
|
726
|
180
|
190
|
200
|
156
|
12
|
0
|
2014-2015
|
705
|
165
|
193
|
203
|
144
|
4
|
0
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
2012-2013
|
738
|
131
|
179
|
184
|
244
|
|
5
|
2013-2014
|
736
|
132
|
176
|
184
|
241
|
|
3
|
2014-2015
|
732
|
141
|
194
|
157
|
240
|
|
2
|
Ақтөбе облысы
|
2012-2013
|
503
|
79
|
135
|
136
|
153
|
12
|
0
|
2013-2014
|
538
|
81
|
135
|
147
|
175
|
10
|
0
|
2014-2015
|
534
|
80
|
141
|
140
|
173
|
6
|
1
|
Алматы қ.
|
2012-2013
|
377
|
149
|
77
|
79
|
72
|
8
|
0
|
2013-2014
|
401
|
160
|
78
|
80
|
83
|
12
|
0
|
2014-2015
|
416
|
159
|
79
|
80
|
98
|
15
|
0
|
Астана қ.
|
2012-2013
|
80
|
28
|
27
|
10
|
15
|
-
|
2
|
2013-2014
|
86
|
22
|
32
|
15
|
17
|
-
|
2
|
2014-2015
|
90
|
26
|
34
|
16
|
14
|
-
|
-
|
Дереккөз: ҰБДҚ деректері
Қазіргі уақытта (2014-2015 оқу жылының деректері) санаты бар география пәні мұғалімдерінің республика бойынша орташа үлесі 77,3% құрайды. Маңғыстау (61%) және Қостанай (64%) облыстарында санаты бар география пәні мұғалімдерінің үлесі төменірек, сондай-ақ Астана қаласы (84%) және Жамбыл облысы (80%) көрсетілген аспект бойынша көшбасшылар болып табылады (13- сурет). Жоғары санатты мұғалімдердің ең жоғары үлесі Алматы (38%) және Астана (29%) қалаларында, ең төмен үлесі – Қызылорда облысында (5%) байқалады. Осыған қарамастан, 1-ші және 2-ші санатты география пәні мұғалімдерінің жиынтық үлесінде Қызылорда облысы (74%) көшбасшы болып танылды.
13- сурет –2014-2015 оқу жылындағы санаты бар мұғалімдердің (география пәні мұғалімдерінің жалпы санынан алғанда, %) аймақтар бойынша үлесі
Мұғалімдердің жалпы санына шаққанда санаты жоқ география пәні мұғалімдерінің жоғары үлесі Маңғыстау (39%), Қостанай (36%), Шығыс Қазақстан (33%) және Ақтөбе (32%) облыстарында байқалды (14-сурет). Маңғыстау, Ақмола облыстары, Алматы қаласы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында мамандардың жетіспеушілігі зейнеттік жастағы география пәні мұғалімдер есебінен (6%, 4%, 4%, 3%, және 3% сәйкесінше), және Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында (2%-ға) дипломда көрсетілген мамандығына сәйкес келмейтінмұғалімдер есебінен толықтырылды.
Мамандармен қамтамасыз ету бойынша қызметті жоспарлағанда республиканың жалпы білім беретін мектептерінде аталған аймақтарға көңіл бөлген жөн.
14-сурет – 2014-2015 оқу жылындағы санаты жоқ, зейнеткерлік жастағы және мамандығына сәйкес емес жұмыс істейтін мұғалімдердің (география пәні мұғалімдерінің жалпы санына алғанда, %) аймақтар бойынша үлесі
Білім беруді жетілдіру және инновациялық даму жағдайында мамандардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау күрделі мәселе болып табылуда. Бұл міндет кәсіби құзырлылықты тереңдетуге және дамытуға бағытталған оқытудың жаңа технологиясына көшуді қамтамасыз етудің жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек беру және олардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы («Өрлеу» БАҰО АҚ) және «НЗМ» АҚ «Педагогикалық шеберлік орталығы» арқылы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық формаларын (шеберлік сыныптар, тренингтер, іскерлік ойындар, шағын топтардағы жұмыстар және т.б.), оқытудың технологиялары мен әдістерін (кейс-технология, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, жобалау әдісі, іс-әрекеттік зерттеулер және т.б.) қолдана отырып, құзырлылық амалы негізінде әлемдік озық практиканы есепке ала отырып, «Өрлеу» БАҰО АҚ тақырыптық курстары құрылды. Қазақстан Республикасының «Өрлеу» БАҰО АҚ-да аймақтық филиалдар жұмыс істейді. Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарында Деңгейлік бағдарламалардың орталығы құрылды. Мұндай орталықтарда ДББҰ «НЗМ» ААҚ педагогтық шеберлік орталығында оқыған тренерлер курстары (201 адам) өткізіледі.
15-кестеде 2013-2014 жылдары «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарында оқыған география пәні мұғалімдерінің саны көрсетілген, мұнда 2013-2014 жылдары оқығандардың жалпы санының кемігені байқалады. Осы уақыт аралығында ең көп маман дайындағаны: Алматы (97 адам), Оңтүстік Қазақстан (88 адам) және Қызылорда (72 адам) облыстарының филиалдары, ең азы – Маңғыстау облысы (15 адам) және Алматы қаласы (16 адам) филиалдары болып отыр.
15-кесте – 2013-2014 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің саны
Аймақтар
|
География пәні мұғалімдерінің сандық құрамы
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Барлығы
|
География пәні мұғалімдерінің барлық санына шаққанда, %
|
Ақмола
|
420
|
0
|
19
|
19
|
4,5
|
Ақтөбе
|
538
|
32
|
17
|
49
|
9,1
|
Алматы
|
1 222
|
46
|
51
|
97
|
7,9
|
Атырау
|
369
|
13
|
6
|
19
|
5,1
|
ШҚО
|
747
|
26
|
28
|
54
|
7,2
|
Жамбыл
|
726
|
36
|
25
|
61
|
8,4
|
БҚО
|
398
|
22
|
23
|
45
|
11,3
|
Қарағанды
|
617
|
28
|
23
|
51
|
8,3
|
Қостанай
|
464
|
18
|
16
|
34
|
7,3
|
Қызылорда
|
769
|
42
|
30
|
72
|
9,4
|
Маңғыстау
|
267
|
9
|
6
|
15
|
5,6
|
Павлодар
|
368
|
36
|
9
|
45
|
12,2
|
СҚО
|
431
|
26
|
14
|
40
|
9,3
|
ОҚО
|
1 913
|
45
|
43
|
88
|
4,6
|
Алматы қ.
|
400
|
12
|
4
|
16
|
4
|
Астана қ.
|
160
|
20
|
8
|
28
|
17,5
|
ҚР
|
9 809
|
425
|
262
|
687
|
7
|
Дереккөз: ҚР БҒМ деректері
2013-2014 оқу жылдарында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының біліктілікті арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің аймақтар бойынша пайыздық үлесі 15-суретте көрсетілген.
Республика бойынша соңғы екі жылда география пәні мұғалімдері, олардың жалпы санына шаққанда, орташа есеппен 7%-біліктілігін арттырған. Бұл көрсеткіште көшбасшы Астана қаласы (17,5%), одан кейін Павлодар (12,2%), Шығыс Қазақстан (11,3%), Солтүстік Қазақстан (9,3%) және Ақтөбе (9,1%) облыстары болып табылды. «Өрлеу» БАҰО АҚ курстарын өткен мұғалімдердің үлесі Алматы қаласында (4%), Ақмола (4,5%), Оңтүстік Қазақстан (4,6%) облыстарында азырақ.
15-сурет – 2013-2014 оқу жылдарында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының біліктілікті арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің аймақтар бойынша үлесі (география пәні мұғалімдерінің жалпы санына шаққанда, %)
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары тыңдаушыларының жұмыс тиімділігін талдау көрсеткендей, деңгейлік бағдарламалардың концепциялық идеяларын тарату республика бойынша тұтастай алғанда педагогтер қауымдастығы, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар және оқушылар тарапынан оң баға алды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Дербес білім беру ұйымдары Кембридж Университетінің білім беру фаультетінің эксперттерімен бірге Қазақстан Республикасындағы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарының деңгейлік: мектепте күндізгі дайындықты және практикалық жұмысты үйлестіретін бірінші (озық), екінші (негізгі), үшінші (базалық)бағдарламалары әзірленді. Зияткерлік мектептердің деңгейлік бағдарламаларын және тәжірибелерін таратуды тиімді жүзеге асыру мақсатында Педагогтық шеберлік орталығының (бұдан әрі – ПШО) 16 филиалы Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ашылды.
16-кесте – 2012-2014 оқу жылдары аралығында «НЗМ» ПШО біліктілікті арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің саны
|
География пәні мұғалімдерінің сандық құрамы
|
2012
|
2013
|
2014
|
Барлығы
|
География пәні мұғалімдерінің барлық санынан алғанда, %
|
Ақмола
|
420
|
5
|
8
|
9
|
22
|
5,2
|
Ақтөбе
|
538
|
1
|
7
|
13
|
21
|
3,9
|
Алматы
|
1 222
|
2
|
29
|
22
|
53
|
4,3
|
Атырау
|
369
|
1
|
14
|
3
|
18
|
4,9
|
ШҚО
|
747
|
7
|
11
|
19
|
37
|
4,95
|
Жамбыл
|
726
|
2
|
20
|
23
|
45
|
6,2
|
БҚО
|
398
|
4
|
10
|
5
|
19
|
4,8
|
Қарағанды
|
617
|
-
|
18
|
18
|
36
|
5,8
|
Қостанай
|
464
|
4
|
9
|
7
|
20
|
4,3
|
Қызылорда
|
769
|
3
|
12
|
11
|
26
|
3,4
|
Маңғыстау
|
267
|
1
|
3
|
5
|
9
|
3,4
|
Павлодар
|
368
|
2
|
10
|
10
|
22
|
5,98
|
СҚО
|
431
|
|
4
|
13
|
17
|
3,9
|
ОҚО
|
1 913
|
6
|
43
|
36
|
85
|
4,44
|
Алматы қ.
|
400
|
9
|
8
|
14
|
31
|
7,8
|
Астана қ.
|
160
|
1
|
12
|
6
|
19
|
11,9
|
ҚР
|
9 809
|
48
|
218
|
214
|
480
|
4,9
|
Дереккөз: ҰБДҚ деректері
16 -кестеде 2012-2014 оқу жылдары аралығында«НЗМ» ПШО біліктілікті арттыру курстарында оқығангеография пәні мұғалімдерінің саны көрсетілген. Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша «НЗМ» ПШО курстарын өткен география мұғалімдері санының 2012 жылы 48-ге, 2013 жылы 218-ге, 2014 жылы 214-ке өсуі байқалады. Зерттелген жылдар аралығында мамандардың біліктіліктерін арттыруда Оңтүстік Қазақстан (85 адам), Алматы(53 адам), Жамбыл (45 адам) және Қарағанды (36 адам) облыстары көшбасшы болып табылды. Маңғыстау облысы мамандар дайындығын бәрінен аз жүргізеді – үш жылда 9 адам.
16-сурет – 2013-2014 оқу жылдары аралығында «НЗМ» ПШО біліктілікті арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің аймақтар бойынша үлесі (география пәні мұғалімдерінің жалпы санынан алғанда, %)
Қазақстан бойынша 2013-2014 оқу жылдары аралығында НЗМ педагогтық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарында география пәні мұғалімдерінің пайыздық қатынастағы үлесі 4,9% болып шықты. «НЗМ» ПШО және «Өрлеу» БАҰО АҚ мамандарды дайындау талдауының қорытындысы көрсеткендей, география мұғалімдерін біліктілікті арттырумен қамту деңгейі жеткіліксіз екендігін көрсетті: география мұғалімдерінің жалпы санына шаққанда сәйкесінше 4,5% және 7%. Мамандарды дайындау «НЗМ» ПШО бағыты бойынша да, «Өрлеу» БАҰО АҚ бағыты бойынша да мамандарды дайындауда Астана қаласы аса белсенді болып танылды. Алматы қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ бағыты бойынша дайындалған мұғалімдер санының ең төмен деңгейін көрсетті, дегенмен «НЗМ» ПШО бағыты бойынша оның белсенділігі Астана қаласынан кейінгі орында. «НЗМ» ПШО және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында салыстырмалы түрде жақсы нәтиже көрсетті.
Осылайша, талдау көрсеткендей, республика бойынша жалпы білім бері мектептеріндегі география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз ету жағдайы тұтастай алғанда жаман емес: мамандар жетіспеушілігі салыстырмалы түрде көп емес. Республикадағы педагог мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейту қажет.
География сабақтары арнайы кабинеттерде жүзеге асырылады және картографиялық, көрнекілік құрал-жабдықтардың, аспаптар мен жалпы қолданыс құралдарының, көрнекілік және басқа құралдардың, интернет ресурстардың, техникалық оқыту жабдықтарының болуы қамтамасыз етіледі. Географияның перспективті кабинетінде электрондық оқыту жүйесі болу қажет (ЭОЖ), ол өз кезегінде «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының жеке тақырыптарын оқытуда орбитальды кешендермен байланысты жүзеге асыруға, ғаламшар аймақтары бойынша виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік береді. Ғарыш аймағына ие болушы елдердің оқушылары («Байқоңыр» ғарыш айлағы) осындай мүмкіндікке ие болуы қажет.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерімен қамтылуы. Мектеп кітапханасының қоры білім беру ұйымдарының білім алушыларының контингентіне сәйкес құрастырылады. Еліміз бойынша оқулықтармен қамтылған жалпы оқушылар саны 98% құрайды. ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, білім беру ұйымдарының, олардың республика бойынша жалпы санына шаққанда, 88,9% – да кітапханалар жұмыс істейді. Кітапхана қажетті ақпараттың көзі ретінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады. Осыған орай, «білім қоймасын» баспа түрінде, электрондық оқу құралдары түрінде де қажетті ресурстармен лайықты түрде қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Педагогиканың дамуыкөптеген жылдар бойыоқу мен тәрбиенің жаңа құралдарының, формаларының және әдістерінің ашылуымен сүйемелденіп отырды. Оқу мен тәрбиенің үдерісін ұйымдастыруға бағытталған жаңа амалдар мен көзқарастар, әлеуметтік шарттар мен талаптардың өзгеруіне жауап ретінде туындайды. Бүгінде әрбір педагог оқу үдерісін жетілдірудің, оқушылардың қызығушылығы мен оқу үлгерімін арттырудың аса тиімді жолдарын іздейді.
Мониторинг көрсеткендей, қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің география пәні мұғалімдері педагогикалық технологиялардың келесі түрлері қолданады: жобалық жұмыс, проблемалық оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, тұлғалық бағытталған оқыту, модульдік технология, бейімдеу технологиясы, Ж.А. Караевтың технологиясы, И.С. Якиманскаяның технологиясы, П. Гальпериннің білімді кезеңмен қалыптастыру технологиясы, әрдеңгейлі технология, Шаталовтың технологиясы, Монаховтың технологиясы, ақпараттық коммуникативтік технология, денсаулық сақтаушы технология, биоинформатика және синергетика (БИС), қауымдастыққа оқыту, оқытудың интерактивті әдістері, кіріктірілген оқыту технологиясы, оқытудың саралау мен тұлғаландыру әдістері, М.М.Жанпеисованың модульдік технологиясы.
Сабақ өткізудің дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқыту барысында мектеп оқушыларын оқытудың заманауи құралдарының рөлі өте зор. Алайда оқулық пен атлас оқытудың негізгі құралы болып қалады. Бірақ білім берудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқыту құралдарының басқа да көптеген түрлерін: бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды, оқушыларға арналған арнайы дәптерлерді, көрнекі құралдарды, бір сөзбен айтқанда оқу-әдістемелік кешенін қолдану қажет. Оқу-әдістемік кешенімен қоса оқытудың басқа да құралдарын: аудиовизуальды, экрандық-дыбыстық, әртүрлі интерактивтік құралдарды (мультимедиялық энциклопедиялар мен нұсқаулар, бейінделген бағдарламалық-әдістемелік кешендер, электронды оқулықтар, тесттер), сонымен қатар оқытудың заманауи технологияларын, ақпарат көздерін, білім берудің сандық ресурстары мен құралдарын қолдану керек.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде географияны оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру үшін, білім сапасын көтеруге мүмкіндік беретін заманауи технологиялардың түрлері өте көп. Бұл технологиялар оқу уақытын тиімді пайдалануға және сабақ барысындағы іс-әрекеттің өнімді болуына, көптеген нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі. Бұл әдістеме бойынша жұмыс істеу оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби және әлеуметтік бағытты таңдауда саналылық танытуға мүмкіндік береді. Мұғалімнің де, оқушының да табысты болуына мүмкіндік беретін тәсіл – жобалау әдісі:
өзінің оқу іс-әрекетін (мақсатын, міндеттерін, бағытын, әдіс-тәсілдерін) жоспарлайды;
өзінің оқу іс-әрекетінің нәтиесін алдын-ала болжайды;
алдына қойған мақсатқа жету барысында туындаған қиындықтарды жеңу үшін, өзінің психологиялық және дене күштерін шоғырландырады.
Оқытудағы зерттеу әдістері. Бұл әдістің көмегімен оқушылар білім қорын өз беттерінше толықтыруға, мәселені тереңірек зерделеуге және дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуында маңызды рөл атқаратын мәселені шешудің жолдарын ұсынуға мүмкіндік алады. Оқытудағы зерттеу әдістері әр оқушының дамуның жеке траекториясын анықтау үшін өте маңызды.
Проблемалық оқыту дегеніміз – белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің түрлері. Кез келген сұрақ проблемалы болмайды және сұрақтың дайын жауабы болмайды, сұрақтың жауабын оқушы іздеуі тиіс. Проблемалық сұрақ оқушының жас ерекшелігіне, шамасына сай болуы, баланың сана-сезіміне қиындық туғызуы тиіс. Оқушыға дайын білім берілмейді, одан өз бетінше іздену арқылы проблеманың дұрыс шешімін табу талап етіледі. Бала өз білімін іштей талдап, жауап беруге жеткіліксіз екенін түсінгенде, жауап беру жолдарын іздеуге кіріседі. Ол сұрақтың жауабын өз бетінше іздеу арқылы жаңа білімді меңгереді және сұрақты шешу жолдарымен танысады. Сонымен оқу барысында проблемалық жағдай туғызу және оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Оқытудың бұл түрін қолданудың нәтижесінде оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі, ойлау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту жүзеге асады, яғни оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Лекциялық-семинарлық сынақ жүйесі. Аталған жүйе негізінен 10-11-сыныптарда қолданылады, өйткені бұл әдіс оқушылардың болашақта жоғары оқу орындарында білім алуларына көмектеседі. Лекциялық-семинарлық-сынақ жүйесі оқылған материалды бөлімдерге жинақтауға және оны біртұтас материал ретінде көрсетуге, сонымен қатар бақылауды оқушылардың дайындығы бойынша өткізуге мүмкіндік береді
Денсаулықсақтау технологиялары. Бұл технологияларды қолдану оқытудан жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін әртүрлі тапсырмаларды сабақ барысында біркелкі бөлуге, ойлау әрекетін түрлі ойын, демалыс түрлерімен кезектестіруге, күрделі оқу материалының берілу уақытын анықтауға, оқушылардың өз беттерінше орындайтын тапсырмаларының уақытын белгілеуге, оқытудың техникалық құралдарын нормаға сай қолдануға мүмкіндік береді
Жоғарыда берілген технологияларды жеке немесе бірлестіріп қолдану – оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың зияткерік әлеуетін арттыруға бағытталған мұғалімдердің білім беру үдерісіндегі шығармашылық амалдарының нәтижесі.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептерді мамандармен қамтамасыз ету, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және мұғалімдердің білімін жетілдіру жұмысын белсендендіру қажет.
Қорытынды
Сонымен, географиялық білім беру жағдайын зерттеу мен талдау төмендегіні көрсетеді:
географиялық білім берудің және қазіргі заманғы ақпараттық ағындар, қоғамды ақпараттандырудың жоғары деңгейі жағдайында географияны оқыту үдерісінен туындайтын құзыреттерді іс жүзінде қолданудың рөлі артады;
білімділікті, тұлғалық және кәсіби құзыреттілікті тиімді қалыптастыру оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана мүмкін;
- қазіргі заманғы адам мәдениетінің дамуын географиялық білімсіз, мәдениетінсіз қарастыру мүмкін емес.
Талдау жұмысы бойынша келесідейқорытынды жасауға болады:
1. География бойынша оқу үдерісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасы қанағаттарлық:
- 6-сыныпта география пәнін оқытуда Мемлекеттік білім беру стандартында сағат саны 0,5 сағатқа, ал 9-сыныпта 1 сағатқа көбейтілген;
- 2013 жылдың оқу бағдарламалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мектептің білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтуға бағытталған; оқытудың деңгейлік жіктелуін нығайту жүзеге асырылған;
- оқулықтарға функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар енгізілген.
2. Республика бойынша география пәнінен білім жетістігінің мониторингтік зерттеуі оқушылардың үлгерім деңгейінің қанағаттандырарлық екенін көрсетті.
3. География пәнінен мамандармен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетті.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында алдымызға қойған жаңа міндеттер білім сапасын қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді талап етеді.
Географиялық білім берудің жаңа мазмұнын анықтаудағы негізгі идеологиясы – географияның мектеп курсының оқу бағдарламасын күрделендіру емес, мектеп бітіруші кейіннен өзі таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыратын болашақ кәсіби қызметінің әртүрлі салаларында географиядан алған білімдерін пайдалану.
Бұл білім берудегі технологиялық мәдениеттің деңгейін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз, бұл әсіресе жоғары дамыған мемлекеттердің біліміне тән.
Ұсынымдар:
жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында географияны оқытудың жаңа мазмұнын, әдістерін және технологияларын анықтау;
білім беруді дамытудағы қазіргі жағдайда география мұғалімінің рөлін анықтау;
мұғалімнің жоғары рөлін,отандық географ-ғалымдардың жетістіктерін тек мамандандырылған баспасөз беттерінде ғана емес, сонымен қатар орталық баспасөз басылымдарында насихаттау;
жаңа білім беру технологияларын енгізу, жетекші географ-ғалымдардың, білім беру ұйымдарының география мұғалімдері мен жаңашыл педагогтердің тәжірибесін тарату және насихаттау;
білім алушылардың білімін бақылау жүйесін жетілдіру;
оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту, географиялық білім беруде АКТ пайдалануды жандандыру;
нақты өмірлік жағдаяттарға негізделген мектеп оқулықтарындағы тапсырмалар мен сұрақтар санын арттыру;
жоғары оқу орындарында география пәні мұғалімдерін дайындауды, педагог мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін жетілдіру;
инновациялық технологиялар аясында дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.
Әдебиет
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы// http://oblsot.zhambyl.kz/
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген. http: //online.zakon.kz
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім. ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген. http: //online.zakon.kz
Қазақстандағы биологиялық білім беру бойынша талдамалық материалдар. Қазақстанда биологияны оқыту бойынша талдамалық материалдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 164 б.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптары үшін «География» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Результаты международного исследования оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана.Национальный отчет. - Астана: НЦОСО, 2013. - 237 стр.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008890
Анализ результатов единого национального тестирования (ЕНТ-2014). Аналитический сборник. Г. Кусиденова, А. Алина - Астана: НЦОСО, 2014. 70 стр.
Карбаева Ш.Ш. Мектептегі бағдарлы оқыту үрдісінде оқушылардың әлеуметтік-экологиялық біліктерін қалыптастыру (жаратылыстану пәндерін оқыту мысалында): автореферат / Ш.Ш. Карбаева. - Алматы - 2008. - 23 б.
Мазбаев О.Б., Увалиев Т.О. Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы. – Алматы, «Полиграфкомбинат», 2013. – 244 бет.
Мазбаев О.Б., Асубаев Б.К., Аблеева А.Г. География: электрондық оқулық. Алматы: Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО) ,2008
Достарыңызбен бөлісу: |