«География»
пәні бойынша таңдау курстарының атқаратын: негізгі
қызметі базалық оқу бағдарламасының мазмұнымен белгіленген тақырыптарды
тереңдету, яғни география пәнінің мазмұнын кеңейту, оқушыларға
тереңдетілген білім беру. Сонымен қатар оқушылардың білім алуының өзіндік
бағытын, кеңістігін таңдау мүмкіндіктері кеңейеді және білімдерін тереңдету
мен кеңейту үшін қосымша мүмкіндік пайда болады. Қолданбалы курстар
оқушылардың пән негіздерінен игерген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың
маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыруға, оқушының болашақ
мамандығын таңдауға, баланы жеке тұлға ретінде дамытуға, күнделікті өмірдегі
жағдаяттарға бейімделуіне және заманауи қоғамда әлеуметтенуіне мүмкіндік
туғызуға, болашақ мамандығын таңдауына байланысты жеке білім кеңістігін
таңдауға бағытталуы қажет.
Қолданбалы курстардың түрлері көп, бірақ олар ең алдымен өзінің
атауымен, мазмұнының түсінікті, меңгеруге жеңіл болуымен оқушының
қызығушылығын оятуы тиіс. Курстың мазмұнын іріктеу барысында келесі
сұрақтарға жауап берген жөн:
1) теориялық және практикалық сабақтардың, сонымен қатар
оқушылардың өздік жұмыстарының негізгі мәні неде: негізгі білімдер
(ұғымдар, фактілер, идеялар, ойлар, принциптер), білік және дағдылар, әдістер
мен іс-әрекет түрлері, оларды меңгеру тәжірибесі;
2) іріктелген мазмұн бейінді білік және дағдыларды қалыптастыруға
қалайша мүмкіндік туғызады;
3) қалыптастырылатын білік және дағдылар қандай бейіндер үшін тиімді;
4) қолданбалы курсты оқып бастар алдында, мектептің оқуға міндетті
бағдарламалық курсының қандай бөлімдірі (тараулары) және тақырыптары
меңгерілуі тиіс;
5) курстың мазмұны қандай материалдар арқылы жүзеге асырылады
(оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, жұмыс дәптері, хрестоматия,
электронды және мультимедиялық құралдар, интернет ресурстары, қосымша
әдебиет, анықтамалықтар және т.б.).
Еліміздің мектептерінде «География» пәні бойынша оқушыларға
ұсынылатын таңдау курстары мектептің материалдық-техникалық базасының
қамтамасыз етілуіне, педагогикалық ұжымның мүмкіндіктеріне, оқушылардың
танымдық қызығушылығына байланысты. География пәні бойынша республика
мектептерінде өтетін курстардың тақырыптары алуан түрлі. Таңдау
курстарының басым көпшілігі өлкетану, елтану тақырыбына бағытталған және
олар: «Өлкетану», «Менің Қазақстаным», «Туған жер табиғаты» «Табиғатым
36
тағдырым», «Туған жер», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның экологиялық
жағдайы», «Жергілікті жердің топографиясы» және т.б. Облыстардан
жинақталған деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің міндетті оқуға ұсынған «Өлкетану» курсы еліміздің
жалпы білім беретін мектептерінің барлық деңгейлерінде оқытылады. Өлкені
тануға арналған курстардың тақырыптарын: туған жердің табиғаты; ерекше
қорғалатын аумақтар; өз облысының географиясы; облыстың экологиялық
жағдайы; туған жер суларының экологиясы деп топтастыруға болады.
Курстардың келесі тобы: «Ғаламдық география», «Геология негіздері»,
«Дүниежүзінің
саяси
картасы»,
«Әлем
экологиясының
ғаламдық
проблемалары», «Дүние жүзі елдері», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» т.б.,
бұл тақырыптар негізінен жоғары сыныптарда оқытылады және география
пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын толықтырады. «Ұлы саяхатшылар»,
«Ұлы географиялық ашылулар», «Шоқанның саяхат жолдары», «Географиялық
қабықтар», «Ғажайыптар мен жұмбақтар планетасы», «Таңғажайып география»,
«География әлемінде» тақырыптары оқушылардың бойында білімқұмарлық
сезімін оятуға бағытталған және негізгі орта білім деңгейіндегі география,
биология, физика, химия, тарих, әдебиет пәндерінен алған білімдерін
тереңдетуге бағытталған.
Таңдау курстары мазмұнының ерекшеліктеріне және мақсатына қарай:
– мектептегі география курсының мазмұнын тереңдететін және кеңейтетін,
емтихандарға, тестілеулерге дайындайтын курстар;
– география курсын оқу барысында білімді тереңдетуге бағытталған, яғни
күрделілік деңгейі жоғары курстар;
– негізгі курстың міндетті бағдарламасының құрамына кіретін жекелеген
бөлімдерді тереңдетіп оқыту курстары;
– табиғат пен қоғамды танудың тәсілдерін үйренуге арналған курстар;
– географиялық есептерді шығаруға, болжауға, модельдеуге арналған
курстар;
– оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға, техника мен
өндіріске деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған курстар.
Қазақстан
Республикасы
облыстарының
жалпы
білім
беретін
мектептерінде оқытылатын география пәні бойынша және «Өлкетану» таңдау
курстарының талдауы, курстар саны жағынан айырмашылығының бар екен
көрсетті (3-кесте).
Сонымен Қазақстанның 7222 мектебінде 8384 географиялық таңдау
курстары жүргізілетінін байқауға болады. Олардың 4983-і негізгі және 3401-і
жалпы орта мектептерде.
Берілген мәліметтер бойынша таңдауы бойынша курстардың неғұрлым көп
саны Астана қаласына тиесілі: бір мектепте жүргізілетін курс саны 4 есеге
жуық. Сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда
облыстарында курстардың көптеген түрлері жүргізіледі.
Негізгі орта білім деңгейінде оқу процесіне енгізілген таңдау курстарының
саны жағынан Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе
37
облыстарын атап өтуге болады.
3-кесте – Облыстар бойынша «География» пәні және «Өлкетану» курстарының
саны
Достарыңызбен бөлісу: |