38
дамытады, балалардың бойында күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау
дағдысы қалыптасады, олар жобалауды, модельдеуді, өз дәлелдерін және ойын
дұрыс, сауатты жеткізе білуді үйренеді.
Бұл курстар оқушылардың
шығармашылық және практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен оқыту әдістерін таңдауда оқу тапсырмаларының бағдарламада
қамтылған оқу материалдарының
қолданбалы сипатын ашуы, мақсатқа сәйкес
барынша ыңғайлы, әсерлі яғни оқушы белсенділігін талап етуі тиіс. Бақылау
дәрежесі өткізілуге тиісті бақылау жұмыстары әр тарауды немесе бағдарламаны
толық меңгергендігін нақты анықтауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Курсты оқытуды нақты мүмкіндік тұрғысынан қарау, яғни оқу материалдарын
оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін уақыт бөлінуі тиіс.
«Жаратылыстану»
білім беру саласы бойынша
қ
олданбалы курстарды
жүргізудің танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары. Курстарды жүргізу барысында
оқушылардың жаратылыстану туралы білімдері кеңейеді,
олардың қабілетін
дамыту арқылы мамандыққа икемделіп, кәсіптік бағдар беріледі.
Қорыта келгенде, қолданбалы курстардың
көмегімен кез келген пәнді
терең меңгертуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға
мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл курстар оқушының жалпы оқу біліктілігін және
дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы, сонымен
қатар оқыту әдістемесі
оқушылардың ой еңбегі және өз бетімен білім алу дағдысын дамытуы тиіс. Оқу
материалдарын игеруі барысында оқушының әртүрлі оқулықтарды, оқу
құралдарын, энциклопедияларды және т. б пайдалануына мүмкіндік туғызуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: