Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет38/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Қазақ-түрік лицейлері 
(бұдан әрі 

ҚТЛ) Қазақстандағы 
инновациялық мектептер болып саналады. 
 
ҚТЛ-дың басты ерекшелігі – оқыту төрт тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, 
ағылшын және түрік. Қазіргі таңда, ҚТЛ-де әлемдік білім беру стандарттарына 
жауап беретін көптілді білім беру принципі енгізілген [23]. 12-кестеде «Нұр 
Орда» халықаралық мектеп-лицейінде өткізілетін таңдауы бойынша курстары 
көрсетілген.
«
Ағылшынша тілдесейік
»
7-9-сыныптардағы (барлығы – 68 с., аптасына 
2 с.) таңдауы бойынша курсының мақсаттары: оқушының жеке тұлға болып 
қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің 
негізгі түрлеріндегі қарапайым шет тілдік коммуникативтік құзыреттің 
қалыптасуы, төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, 
әлеуметтік, қатысымдық және тілдік қабілеттерінің дамуы, ағылшын тілінде 
қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі [24].
«
Физика және электротехника
» таңдау бойынша курсы 10-11- 
сыныптарда өткізіледі (барлығы – 34 с., аптасына 1 с.). Бұл курс ғылым мен 
техниканың даму бағыттарымен, құралдардың, техникалық құрылғылардың, 
технологиялық қондырғылардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен 


62 
таныстыру нәтижесінде оқушылардың политехникалық білімдерінің негізі 
қаланады. Олардың теориялық және қолданбалы білімдерді меңгеруі 
зертханалық жұмыстарды орындауы мен есептер шығару барысындағы 
политехникалық білім беру міндеттері шешіледі [25].
12-кесте – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің таңдау курстары
Таңдауы бойынша курстары
Таңдауы бойынша курстар
Мектеп 
компоненті 
есебінен 
өткізілетін курстардың атауы
Сыныптар
Ағылшынша тілдесейік 
7-9 
Бакирова Ж.Қ./ағылшын тілі 
Иманғалиев Н.К./ағылшын тілі 
Сарбасов Е.Е./ағылшын тілі 
Түрікше тілдесейік 
7-9 
Кая Н./түрік тілі 
Арслан Мухаммед Б./түрік тілі 
Ерен М./түрік тілі 
Тіл мәдениеті 
8-9 
Қозыбай Н.Н./қазақ тілі 
Молдабекова Р.А. /қазақ тілі 
Абайтану 
10-11 
Абдрасилов Е./қазақ тілі 
Өлкетану 

Жекенова Ж.С./география 
Физика және электротехника 
10-11 
Тусюбжанов А.Б./физика 
Дифференциалдық және интегралды 
есептеулер 
10 
Қожахметов Қ.Б./математика 
Параметрлік есептер 

Қожахметов Қ.Б./математика 
Елтану 
10-11 
Байзильдина С.С./география 
Генетика негіздері 
10-11 
Эрметов Б.Т./биология 
Қолданбалы химия
10-11 
Саматов А.М./химия 
Канмаз Х./химия 
Қолданбалы информатика 
10-11 
Абылаев Ф.Т./информатика 
«Елтану»
курсы 10-11 сыныптарда өтеді (барлығы – 34 с., аптасына 1 с.).
 
Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени 
қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының 
дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін 
қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады. Аталған курс 
білімдерін меңгере отырып, оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана 
қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға баға бере алатын 
саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып 
қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы 
артады [26]. 
 
«
Қолданбалы химия
» таңдау бойынша курсы 10-11 сыныптарда өткізіледі 
(барлығы – 34 с., аптасына 1 с.).
 
Аталған курстың бағдарламасы табиғатта, 
тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған 
заттардың тірі организмге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып 
білуді үйретеді. 
 
Курстың мақсаты: оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын 


63 
арттыру; танымдық белсенділігін терендету; химия пәні бойынша 
зерттеушілікке, 
терең 
білімдерді 
меңгеруге 
деген 
белсенділікті 
қалыптастырады [27].
«
Тіл мәдениеті
» таңдауы бойынша курсы 10-11-сыныптарда өткізіледі 
(барлығы – 34 с., аптасына 1 с.).
 
«Тіл мәдениеті» курсының бағдарламасы 
оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, қарым-қатынастың барлық 
түрлеріне сай келетін коммуникативтік дағдыларын дамыту, шешендікке баулу, 
интеллектуалдық қабілеттерін арттыру [28].
«
Дифференциалдық және интегралдық есептеулер
» курсы 10-сыныпта 
өткізіледі (барлығы – 34 с., аптасына 1 с.). 10-сыныпқа арналған математика 
курсы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және 
интеллектуалдық біліктерді меңгертуге мүмкіндік береді. Дифференциалдық 
есептеулер оқушының математикаға деген ықыласын оятуға, қызықты 
есептерді шешу арқылы жаңа әдіс-тәсілдермен, идеялармен танысуға; 
математика жөніндегі түсінігі, математикалық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал
етеді. Негізгі міндеті – оқушының шығармашылық ойлау қабілетін ақпаратқа 
сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру [29].
«
Түрікше тілдесейік
» курсы 7-9-сыныптарда өткізіледі (барлығы – 34 с., 
аптасына 1 с.). Әлемдік өркениетке ілесе отырып, мемлекетіміздің халықаралық 
деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық 
қатынастар орнатуы, шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Түрік тілін 
үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде 
мәліметтер алады, салт-дәстүрлерін, мәдениетін таниды [30].
«
Қолданбалы информатика
» курсы 10-11-сыныптарда жүргізіледі. 
(барлығы – 34 с., аптасына 1 с.). Аталған курс оқушылардың ойлау, танымдық 
және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты 
дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық 
көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, 
түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану 
дағдыларын қалыптастыруды көздейді [31].
«
Генетика негіздері
» курсы 10-сыныпта оқытылады (барлығы 34 сағат, 
аптасына – 1 сағаттан). Осы курста оқытылатын мәселелердің бір қатары 
интегративтік сипатта болатынын атап өткен жөн. Оны игеруде оқушылармен 
жаратылыстану топтамасы (химия, физика, математика) және қоғамдық 
пәндерді (география, қоғамтану және құқық) оқу кезінде алынған білім үлкен 
рөл атқарады.
Сонымен қатар, «Адам генетикасы» элективті курсын зерделеу 
оқушылардың қазіргі жалпы биологиялық ғылымның ең өзекті салаларының 
бірі бойынша білімдерін ғана қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ әлемнің 
тұтас бейнесі және ондағы өз орны, қазіргі адамның рөлі мен қызметі туралы 
түсінігін қалыптастырады [32].
Сонымен қатар, 13-кестеде көрсетілген Алматы қаласының білім 
басқармасының арнайы мектеп-лицей-интернатының таңдауы бойынша 
курстарына талдау жасалды. 
 


64 
13-кесте – Алматы қаласы білім басқармасының қазақ-түрік арнайы мектеп-
лицей-интернатының таңдауы бойынша курстары
Мектеп компоненті есебінен 
өткізілетін курстардың атауы
Сыныптар Курсты 
жүргізетін 
пән 
мұғалімі
Өлкетану 

Б. Балкыбек / география 
мұғалімі 
Түрік тілі 
7-8 
С. Екер/ түрік тілі мұғалімі
Абайтану 

А. Кадырқұлова / қазақ тілі 
мен әдебиет мұғалімі 
Алгебралық
 
теңдеулер 
мен 
теңсіздіктерді логикалық шешу 
жолдары
10-11 
Е. Ишмухаметов / математика 
мұғалімі 
Математикалық 
талдаудың 
теориялық негіздері
10-11 
Р. Султамуратов / математика 
мұғалімі 
Экономикалық 
сауаттылық 
әліппесі
10-11 
Э. Шотанова / география 
мұғалімі
«
Математикалық талдаудың теориялық негіздері»
10-11-сыныптардың 
оқушыларына арналған курстың оқу бағдарламасы (барлығы – 68 с., аптасына 
2 с.) мектептегі математикалық білім берудің мынадай жалпы мақсаттарын 
анықтайды: практикалық іс-әрекетте қолдануға қажет нақты математикалық 
білімдерін, аралас пәндерді зерделеу және білім алуды әрі қарай жалғастыру 
үшін меңгеру; оқушылардың зияткерлік дамуы, математикалық іс-әрекет үшін 
қажет оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру; логикалық және 
абстрактілі ойлауды дамыту; өздігінен білімін жетілдіруді, еңбек сүйгіштікті, 
зерделеу материалына деген шығармашылық көзқарасты және өз іс-әрекетін 
бара-бар бағалау қабілетін тәрбиелеу [33].
10-11-сынып оқушыларына арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет