Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Компьютерлік графикадан анимацияға дейін
» элективті курсы 
оқушылардың танымдық белсенділігінің; шығармашылық ойлау қабілетінің, 


60 
информатикаға және ең маңыздысы мамандықтар әлеміндегі кәсіби бағдарлау 
қызығушылығының дамуын қамтамасыз етеді. Компьютердегі графикамен 
жұмыс күннен-күнге кез келген адамның компьютерлік сауаттылығының 
ажырамас бөлігі болып келе жатыр.
Курсты меңгеру барысында алған білімдерін оқушылар әртүрлі білім 
саласында қолдана алады: физика, химия, биология және т.б., сонымен қатар 
олар үш өлшемдік жобалау, анимация, бейнемонтаж саласында шеберлігін әрі 
қарай жетілдіре алады.
Сыртқы элективті курстар танымал жетекші білім және ғылым 
ұйымдарының базасында жүргізіледі. Курстың тақырыптары оқушыларда 
тілдік дағдыларды және бейіндік пәндер бойынша машықтарын дамытумен 
байланысты.
Элективтік курстар Қазақстанда, Ресейде, Сингапурда, Ұлыбританияда, 
АҚШ-та және басқа да елдердің әлемге танымал білім беру ұйымдары және 
жоғары технологиялық кәсіпорындарының базасында өткізіледі: Колмогоров 
атындағы СУНЦ, Джонс Хопкинс Университетінің дарынды жастар 
орталығының жазғы лагері (
CTY
), 
The Bell Educational Services Ltd
., ГБОУ В.Н. 
Челомей атындағы «Халықаралық ғарыш мектебі», 
F1F Technologies LLP

Ұлыбритания Корольдік институты, «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-
өндірістік холдинг» АҚ, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ғылыми-
зерттеу институты» ЖШС және т.б.
В.Н. Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде оқушылар 
аэроғарыштық білім беру жобалары бойынша «Байқоңыртану», «Ғарыштағы 
сабақтар», «Ғарыштық моделизм», «Ғарыш астрономиясы» және басқа да оқу-
танымдық сабақтарды өтеді. Жұлдызды аспан мен ғаламшардың нағыз 
астрономиялық бақылаулары жүзеге асырылады. Оқушылар өз көздерімен 
«Энергия», «Буран», «Зенит» ракета тасымалдауыштарының монтаждық-сынау 
кешендерін, алыс ғарыш байланысының «Сатурн» кешенін, «Союз» старттық 
кешенін, Гагарин старттық кешенін көреді.
НЗМ оқушылары Джонс Хопкинс университетінің дарынды жастар 
орталығында (
CTY
), Карлайл қ., Пенсильвания штатында, АҚШ-та элективті 
курстардан өтті:
«
Ықтималдықтар мен ойындар теориясы
» - ықтималдықтар мен ойындар 
теориясын зерделеу студенттерге математика білімдерін шынайы жағдайларда 
қолданудың тиімді тәсілі болып табылады.
«
Жоғары мектеп химиясы
» 

курс орта мектептегі химияның жылдық 
кіріспе курсына енгізілген материалды қамтиды. Оқушылар, кем дегенде 
жиырма сағат байланыс уақытын зертханада өткізеді.
«
Физика (
жеделдетілген
курс
)» 

аталған курста оқылатын тақырыптар 
Ньютон механикасын, толқын қозғалуын, геометриялық және толқындық 
оптиканы, электр қуаты мен магнетизмді, термодинамика мен бастауыш қазіргі 
физиканың сұлбаларын қамтиды.
«
Электротехника
» 

оқушылар қазіргі электроникадағы ең маңызды 
физикалық қағидаларының бірі ретінде электромагнитті құбылыстарды және 


61 
олардың практикада және әртүрлі құрылғыларда қолданылуын зерделейді. 
Олар Ом заңы және Кирхгоф заңдары сияқты математикалық құралдарды 
қолдану арқылы баламалық құрылғылар макеттерін жасайды.
«
Криптология
» 

бұл құпия хатын жасау үшін кодтар мен шифрларды 
зерделейтін ғылым. Математиканың аталған курсында оқушылар құпия хатты 
жазу үшін әртүрлі бастауыш білім беру әдістерін зерделеуден бастайды: 
дөңгелек шифрлары, Цезарьдың өтуі, моноалфавиттік ауысым, Винжер шифры 
және т.б.
Ауқымы тар бейіндегі тақырыптарды оқу қарастырылған элективті 
курстарды жүргізу кезінде, оқушыларда оларды оқығаннан кейін зерттеулер 
мен жаңа ғылыми жобалардың әзірленуіне алып келетін идеялар мен сұрақтар 
пайда болады.
Осылай, мысалы, Қарағанды қаласындағы тікелей эксперименталды және 
клиникалық фармакология зертханаларындағы «Фитохимия» элективті 
курстарында оқушылар өсімдіктердің эндемиялық және дәрі-дәрмектік 
түрлерінің биотехникалық сақтау тәсілдерін зерделеді, «Фитостероидтер», 
«Өсімдіктердің алкалоидтері мен оларды химиялық зерттеу» және т.б. 
тақырыптарда практиканы жүзеге асыратын ғалымдардың дәрістерін тыңдады.
Кейінен, кейбір оқушылар химиялық қоспаларсыз, барынша өсімдік 
компонентін сақтайтын тамақ өнімі мен жуу құралдарын өңдеу бойынша 
зерттеулермен айналысты.
Назарбаев Зияткерлік мектептері элективті курстар мазмұнын жетілдіруді, 
оқушыларды жаратылыстану-ғылыми бағыттағы үлкен мұражайлардың құнды 
материалдарына және еліміздегі және шетелдегі оқу орындарының үздік 
зертханалары базасына негізделген жан-жақты зерттеулерді тарту мақсатында 
курстарды ұйымдастыруды жоспарлайды [22].
Сонымен қатар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет