«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары негізінде
2022 жылдың 12 айы бойынша
Аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) ММ-нің Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі (әрі қарай-Соттар әкімшісі) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 10-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау» қағидаларына сәйкес Соттар әкімшісінің ішкі бақылау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары негізінде есебі дайындалды.
2022 жылғы 12 айы бойынша «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша 5 арыз түскен. Оның 4-уі электронды түрде, 1-уі қағаз түрінде түскен.
1. Алматы қаласының Әуезов ауданының №2 сотының 12.03.2020 жылғы шешіміне апостиль қою туралы арыз қанағаттандырылған.
2.Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 26.07.2018 жылғы шешіміне апостиль қою туралы арыз қанағаттандырылған.
3.Азаматтарға арналған Үкімет «Мемлекеттік Корпорациясы» Қызылорда филиалының Қызылорда қаласының №1 бөлімінен түскен Қызылорда қалалық сотының 13.08.2004 жылғы шешімі мен 08.04.2022 жылғы ұйғарымына апостиль қою туралы арыздар қанағаттандырылған.
4. Қызылорда қалалық сотының 18.06.2009 жылғы шешіміне апостиль қою туралы арыз қанағаттандырылған.
5. Қызылорда қалалық сотының 22.06.2021 жылғы шешіміне апостиль қою туралы арыз қанағаттандырылған.
Түскен арыздар туралы деректер «Мониторинг» ақпараттық жүйесі АЖ-не уақытылы және мерзімі бұзылмай енгізілген.
Қызылорда облыстық сотының ресми сайтында және «Facebook» әлеуметтік желісінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметі туралы ақпараттар орналастырылған. /https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=452862912628006&id=100037129039780&sfnsn=mo/.
Құқықтық насихаттау негізінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттау, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін бағалау бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.
Апостиль қызметін насихаттау бағытында 25.01.2022 жылы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Ресми құжатқа апостиль қою тәртібі» атты Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметімен бейнеролик жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |