2 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі Жұмыстың мақсаты: жоғары молекулалық қосылыстардың ісіну кинетикасын зерттеу Құрал-жабдықтар: U-тәріздес түтікшесі, цилиндр, стакандар, таразы, темір немесе мыс сымы
Реактивтер: жоғары молекулалық қосылыстар (резина, агар-агар, желатин, казеин т.б.), еріткіштер – метанол, бензол және т.б.
Жұмыс барысы: Полимердің ісінуі ісіну дәрежесімен сипатталанады. Ісіну дәрежесі – дегеніміз 1 грамм затпен сіңірілген сұйықтың мөлшері.
Q – ісіну дәрежесі, %
Q1 және Q2 – ісінуге дейінгі және кейінгі заттың салмағы немесе көлемі
Ісіну константасын келесі формула бойынша есептейді:
ісіну уақыты, мин.
i 1гр ісінетін заттына сәйкес келетін сіңірілген еріткіштің шекті мөлшері.
U-тәріздес түтікшеге еріткішті (метанол, бензол және т.б.) құйып, бір тізесіне, таразыда өлшенген, сымға кигізілген резеңкені салады. 5, 10, 30 және 50 минут өткен сайын ісінген резеңкені еріткіштен алып, оның массасын өлшейді және төмендегі кестені толтырады.
1г құрғақ резинамен сіңірілген еріткіштің мөлшері, i
1
0
2
5
3
10
4
30
5
50
Әртүрлі уақыттар (5, 10, 30, 50 минут) аралығында ісіну дәрежесін анықтау барысында ісіну кинетикасын сипаттайтын қисықтарды алуға болады. Ісінудің жылдамдығын келесі теңдеумен өрнектейді:
Qmax – шекті ісінудің дәрежесі,
Q – уақытындағы ісіну дәрежесі,
K – ісіну жылдамдығының константасы, ол ЖМҚ мен еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді болады.
Ісіну дәрежесінің уақытқа тәуелділік графигін сызып, жұмыстың қорытындысын жасайды.