Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы



бет110/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы

Реферат (латынша “reffer” – баяндау, хабарлау) біршама әдебиет көзіне шолу жасау түрінде ғылыми мәселе немесе сұрақтың мән-мағынасын жазбаша түрде жеткізу.


Рефератты құрастыру оның тақырыбына байланысты ең соңғы шыққан әдебиетпен танысуға тырысудан басталады. Барлық көздерден мұқабасы, мазмұны, иллюстрациялар, соңында берілетін әдебиеттер тізімі қарастырылып, шығарылады. Нәтижесінде таңдап алынған тақырып бойынша мағлұматтары бар кітаптар мен жинақтар алынып, солармен жұмыс істеуге кірісуге болады.

  1. Реферативтік зеттеудің жалпы жүргізу схемасы:

  • тақырыптың көкейкестілігін негіздеу;

  • мақсатын қою;

  • зерттеу объектісін анықтау;

  • әдіс таңдау:

  • қорытынды тұжырымдау;

  • зерттеу нәтижесін талдау.

2. Жұмыс құрылымы:

  • мұқаба (бірінші беті)

  • мазмұны (жоспар)

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • әдебиет тізімі

  • қосымша

3. Мұқабасын рәсімдеу: реферат тақырыбын көрсету, студенттің аты-жөні, факультеті, курсы, оқу тобы көрсетіледі.
4. Мазмұнының болуы – яғни рефераттың жоспары құрастырылады (екінші бет)
5. Реферат көлемі: баспа бет 9-10 бет (14 шифр, 1,5 аралықта).
6. Соңғы бетте әріп қатары бойынша жалпылай түрде қолданылған әдебиеттер тізімі, автордың аты-жөні, кітаптың аты, шығарылу орны, баспасы, жылы көрсетіледі.
7. Аяқталған рефератты танысу үшін өздік жұмыс бойынша сабаққа 7 күндей қалғанда оқытушыға тексеруге беріледі және баяндаманың тезисі тапсырылады.
8. Баяндау тезисі – баяндама мағлұматын қысқышы түрде ауызша хабарлау (көлемі 1-2 бет).
9. Сабақта реферат мазмұны қысқа және нұсқа түрде, басынан аяғына дейін оқылмай, тезисті қолдану арқылы баяндалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет