1 аралық бақылауға дайындық сұрақтары
1. Химиялық термодинамика негіздері. Термодинамикалық жүйелер түрлері, олардың параметрлері және қасиеттері. Интенсивті және экстенсивті қасиеттер. Күй функциялары және олардың физикалық мағыналары. Термодинамика заңдары. Гесс заңы және оның салдары.
2. Химиялық кинетика негіздері. Химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Әрекеттесуші массалар заңы. Вант-Гофф ережесі. Активтендіру энергиясы және Аррениус теңдеуі. Жылдамдық константасының физикалық мағынасы. Химиялық тепе-теңідік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ережесі.
3. Катализ және каталитикалық процестер. Катализ теориялары. Катализаторлар тұрлері. Автокатализ.
4. Д.И.Менделелев ұсынған ерітінділердің гидраттық теория негіздері. Еру процесі. Заттардың ерігіштігі. Шынайы ерітінділердің ерекшеліктері. Аса қаныққан, қаныққан және қанықпаған, сұйытылған және концентрлі ерітінділер. Ерітіндінің концентрацияларын өрнектеу тәсілдері: проценттік, мольдік, моляльдік, нормальдік концентрациялар, титр, мольдік үлес.
5. Бейэлектролит заттары, олардың ерітінділері және олардың коллигативті қасиеттері: Рауль және Вант-Гофф заңдары. Криоскопия және эбулиоскопия әдістері. Осмос құбылысы және осмос қысымы. Осмостық ерітінділер.
6. Электролиттер және оладың ерекшеліктері. С.Аррениустың электролиттік диссоциация теориясының негіздері. Оствальдтың сұйылту заңы. Электролит ерітінділерінің қасиеттеріндегі ерекшеліктері. Изотоникалық коэффициенттің мағынасы.
7. Судың иондық көбейтіндісі және сутектік көрсеткіші. Гидролиз процесі.
8. Буферлік ерітінділер, олардың биологиялық маңызы. Буферлік жүйелердің түрлері және олардың рН мәндерін есептеу формулалары. Колориметрия әдісі.
9. Күшті электролиттер (Дебай-Гюккель) теориясының негіздері. Электролит ерітіндісінің иондық күші, иондардың активтілігі, электроөткізгіштік түрлері, иондардың жылжу жылдамдықтары мен тасымалдау саны. Кольрауш заңы.
10. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар, олардың эквиваленттерінің мольдік массалары.
11. Электрохимия негіздері. Электродтық (электрохимиялық) процестер. Электродтық потенциал шамасы. Нернст теңдеуі. Электроқозғауыш күш. Гальваникалық элементтер.
12. Электрод түрлері. Салыстырмалы – сутектік, каломельді, хлор-күмісті электродтар. Индикаторлық – хингидронды және шыны электродтары.
13. Беттік құбылыстар. Сорбция процестері. Физикалық және химиялықсорбция. Абсорбция және адсорбция. Адсорбция түрлері және теориялары: Ленгмюр, Фрейндлих және Гиббс теңдеулері. Беттік активті және активті емес заттар.
1 аралық бақылаудың нұсқасы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Физика және химия кафедрасы
Аналитикалық., физикалық және коллоидтық химия пәні
1 аралық бақылау
5В120100, 5В120200 мамандықтары үшін
Нұсқа – 1
1) Стандартты жағдайда жүйенің Гиббс энергиясын есептеп, реакцияның жүру мүмкіндігін анықтаңыз:
FеO(қ) + СО (г) → Ғе (қ) + СО2 (г)
G кДж/моль -244,30 -137,15 0 -393,37
2) Келесі жүйе үшін тепе-теңдіктің математикалық өрнегін жазып, оны оңға ығыстыру үшін Р және t жағдайларын қалай өзгертуге болады:
2Na(қ) + 2H2O(с) → 2NaOH(с) + H2(г) (Н<0)
3) рН=5 [H+]-? [OH-]-? pOH-?
4) Құрамында 20г барий хлориді бар 500мл ерітіндінің мольдік концентрациясын анықтаңыз.
5) 40С температурада 20г бензолды 300мл суға еріткенде алынған ерітіндінің осмос қысымы неге тең?
6) 0,1834г затты 17,79г суда (Есу=0,52С) еріткенде алынған ерітіндінің қату температурасының төмендеуі -0,571С тең. Заттың молекулалық массасы неге тең?
7) Буфердің рН=9 болу үшін 0,2н 8мл NН4ОН ерітіндісіне 0,3н NH4CL-дың қанша мл қосу керек? Kдисс (негіз)=1,79*10-5
8) Na+ ионының қозғалғыштығы 2,65, ал CrO42- хромат-ионының қозғалғыштығы 4,2. неге тең?
9) 0,01н ерітіндідегі кальций электродының потенциалын анықтаныз (В).
10) гальваникалық элементтің стандартты жағдайда ЭҚК есептеңіз.
11) 0,5М Na2SO4 ерітіндінің иондық күшін есептеңіз
|
Достарыңызбен бөлісу: |