Кушекова Алмагул Курмантаевна Ерітінділер концентрацияларының түрлері: пайыздық және мольдік концентрациялар. Қатты заттардың, сұйықтардың



Дата11.07.2017
өлшемі67,56 Kb.
#21138
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,

№77 А. Аскаров атындағы жалпы орта

мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Кушекова Алмагул Курмантаевна

Ерітінділер концентрацияларының түрлері: пайыздық және мольдік концентрациялар. Қатты заттардың, сұйықтардың

Қазіргі XXI ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры. Қазіргі таңдағы ұстаздардың алдына қойған негізгі мақсат – білім мазмұнындағы жаңару әдістерін қолдана отырып меңгеру. Біз курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде теориялық білім қалыптастырып , мектептке іс-тәжірибеге бардық, кeйбіp модульдерді қолдану барысында сабақ жоспарыма кейбір жepлepінe өзгepіcтep eнгіздім.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға баса назар аудара отырып, оқушылардың берілген ақпаратты енжар қабылдамай, белсенді қатыса отырып түсінуіне қолайлы оқыту ортасын құру мақсатында сабаққа қажет құрал-жабдықтар : электрондық оқулық , бағалау парағы , интернет желісінен алынған керекті суреттер, смайликтер, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер , қарындаштар , желім , қайшы сияқты заттарды түгелдедім. Бұл жүйе еліміздің білім беру жүйесін дамыту жоспарларының мақсаттарына сай келіп отыр. Бағдарламадағы тәсілдер мұғалімнің өз тәжірибесін түбегейлі өзгертуіне, болашаққа жоспар құруына, және ол жайында саналы түрде ойлануына алып келеді. Әрине біздер осы оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді тек оқып қана қоймай, оны практика жүзінде балаға сапалы білім беруде қолдануға әрекет жасаймыз.

Осы айтылғандарға байланысты мен бірінші «Бетпе –бет» кезеңінен кейін өзімнің бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сабақтарым мен жеті модулді кіріктіріп өткен сабақтар арасында үлкен айырмашылық бар екенін түсіндім.

Мектептегі тәжірибе кезінде мен осы Кембридж бағдарламасының модулдерін енгізіп тізбектелген сабақ жоспарын және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасадым.


Пәні: химия

Сыныбы: 8

Оқыту тілі: қазақ

Мерзімі: 10.03.2015ж

Сабақтың тақырыбы:

Ерітінділер концентрацияларының түрлері: пайыздық және мольдік концентрациялар. Қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі.

Сабақтың мақсаты:

Ерітінділердің концентрацияларының түрлерін, заттардың ерігіштігін, кристаллогидраттар жайлы білім қалыптастыру

Табыс критерий:

1.Концентрациялардың түрлері, ерігіштікке, кристаллогидраттарға анықтама бере алу

2.Ерігіштік кестесін есеп шығару барысында қолдана алу

3. Ерітінді концентарцияларынына есептер шығару


Күтілетін нәтиже

Қажетті концентрациядағы ертініділерді дайындай алады

Көрнекі құралдар:

Флипчарт, стикерлер,слайдтар

Әдіс-тәсілдер:

Миға шабуыл, деможоба, миға шабуыл







САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

БАҒАЛАУ

І.Кіріспе кезеңі

8 минут


а) ынтымақтастық атмосферасын құру

ә) Топтастыру



Шаттық шеңберін құру
Оксидтер, негіздер, тұздар, қышқылдар

Оқушылардың бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілігін ояту

Қол шапалақтау

ІІ.Тұсаукесер

12 минут


Үй тапсырмасын «миға шабуыл» әдісімен қайталау

Жылдам қойылған сұрақтарға жауап береді

Дұрыс сұрақ қоя алу дағдыларын қалыптастырады

Жетондар арқылы

ІІІ.Негізгі бөлім

15 минут


«Елші» тәсілі арқылы жаңа сабақты ашу

«Оксидтер»-пайыздық концентрация

« негіздер» -мольдік концентрация

«қышқылдар»-қатты заттардың ерігіштігі

« тұздар»-газдар мен сұйықтардың ерігіштігі


Топ болып жаңа материалды оқиды және елшілер өз тобына түскен тапсырманы, өзге топқа түсіндіреді

Ойларын жинақтап бір жүйеге келтіру, тақырып бойынша білегендерін ортаға салу

Смайликтер арқылы

ІV.Қорытынды

8 минут


«бес тармақ» тәсілі арқылы оқушыларға сабақты қорытындылату

«2 жұлдыз, 1 тілек» кері байланыс



Алақанның суретін қырқып алып, сұрақтар жазады, келесі топ оған жауап дайындайды.

Ұжымдасып шешім қабылдау қабілеттерін арттыру

Саусақтың көмегімен

V.Үйге тапсырма

2 мин


101-бет 5,6-есептер

Күнделіктеріне жазып алады

Тақырыпты бекіту

Жиынтық бағалау

« Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технология ғасыры болмақ , ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып , өмірге енгізу игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде » - деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай сабақты бастамас бұрын сыныпта кім жоқ деп сұрап алдым. Сыныпта оқушылар арасында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында оқушылардан алдымен бүгін күніміз қандай болып тұр деп, ауа райын сұрап алдым. Бұл сұрағыма оқушылар күн суытып жаңбырлы болып тұр деп жауап берді. Сосын оқушылар арасынан Зияда есімді оқушым күннің суық болғаны біздің көңіл-күймізге ешқандай кедергі жасамайды деп керемет жауап берді.

Ынтымақтастық атмосферасын құруда көңіл күйді көтеру ролигін пайдаланып көрсеттіп жылы лебізбен көңіл күйлерін көтеру боды . Көңіл күйлерін көтеріледі таңдаған түстер мен топқа бөлініп топтық ереже құрып топтық ережелерде

1.сабаққа белсенді қатысу

2.құрал сайманның түгел болуы

3. Мұғаліімнің айтқанына бағыну

4 сабаққа кешікпей келу

5.топта тыныштық сақтау. Сияқты ережелерді түзді.топты қорғайды. Ауызша сурақ- жауап әдісі арқылы үйтапсырмасына шолу жасаубарысында жабық сурақ диалог арқылықолдану тиімді болды.сураққа барша оқушы өткен тақырыптағы алған білімдерді саралап пысықтай бастады және «Эссе» жазу бойынша сөйлей бермейтін тұйық оқушым Б оқушым талпына сабағыма ынтасы артқанын байқадым себебі үй тапсырмасына қосымша «Эссе» жазу берілген. Слайдтан үйтапсырмасын бекітуде оқыту мен оқуда ақпараттық- комуникативті- технологиялар қолдануда оқушының білім алуна қосымша құрал ретінде электронды оқулық . Оқушылардың «Қораптағы сұрақ » сурақтарына жауап беріліп жаңа тақырып ашылады . Ақпараттық –комуникациялық-технологиялық қолданып видио ролик көрсету арқылы баяндау. Ақпараттық- комуникациялық- технологиялар оқушыға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Осы сурақтарға жауап берген соң жаңа тақырып ашылады да тақырыпқа сілтеме жасалады. Ақпараттық комуникативті технологиялар да қорыта келе оқу мен оқыту үдерісінің білікті түсіну көрсеткіші болып табылады .



Нәтижеде:

Оқушылар тaпcыpмaны opындaп бoлғaн oқyшылapдaн cұpaп, жayaптapынa қapaй бeлгілepі мeн бaғaлaу парағының белгіленүін тексеріп өттім . Оқушының мотивациясын арттыруда оқытyды және оқуды бағалау мақсатында бағалау түрлерін түсіндірдім . Caбaқ coңындa oқyшылapдың әp тaпcыpмa бoйыншa opындaғaн әpeкeттepінe қapaй aлғaн бaғaлapын қocып, жиынтық бaғaлapын шығapып айтып едім кейбір оқушылар тапсырмаға көбірек қатыса алмаған дарын айтып өздерінің алған бағасына риза болмағанын байқатты. Бірақ ендігі сабақтарда белсенділік танытып жақсы баға алтынын айтып өтті .Менің сабағымды өтіп жатқан мұғалімге ескертіп әpіптecімe бaғaлay кpитepийі жaзылғaн пapaқшaлap тapaтып, жиынтықтaп, caбaқтaн coң жypнaлғa жaзып қoйуын өтіндім. Oны кeлecі caбaқтa жapиялaп өтyді көздeдім.Оқушылapдың жиынтық бaғaсын , оқушылар тaпcыpмaны opындaу барысына қарай шығардым . Мысалы 5 тапсырманың барлығына қатысса үлкен шеңберге орналасады.4 тапсырмаға қатысса орта шеңберге орналасады. Егер тапсырманың 3 – не қатысса кіші шеңберге орнығады. Солай оқушы сабақтағы орнын бағалайды бұл жерде әрі білімді , әрі өзін бағалайды. Coл пapaқшa apқылы oқyшылapдың бaғaлapын . Менің іс тәжірбие өткізген сабақтарым бойынша алдынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқушылары толығымен қамтылып олардың қызығушылықтары күннен күнге арта бастады олар үшін қызықты өткен әр сабағым мәнді және ойға алған мақсатыма жеттім деп ойлаймын . Маған тиімді болған модулдердің бірі АКТ –ны қолдана отырып оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып дарындылықты анықтау және сыни тұрғыдан ойландыра отырып , тек баға үшін емес өмірде қолдана алатынбілім алуға көзжеткізе білім беру екендігі қызықтырды. Алдағы уақытта осы жағдайларды ескере қажетті әді-тәсілдерді қолданамын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет