Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Қорытынды бақылаудың тест сұрақтарының жиынтығы



бет109/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

Қорытынды бақылаудың тест сұрақтарының жиынтығы

1. эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


A) 109 B) 226 С) 32,3 D) 16,1 E) 20,6

2. МnO2 эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


A) 21,75 B) 100,8 C) 50 D) 33,35 E) 25

3. BaSO4 эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


А) 233,0 В) 58,2 C) 28,l D) 116,5 E) 137,0

4. Zn(OH)2 эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


А) 99 B) 65 C) 56,6 D) 49,5 E) 72

5. Калий перманганатының бейтарап ортадағы эквиваленттік массасы (г/моль):


А) 57,5 В) 31,6 С) 158 D) 52,7 Е) 55,0

6. Калий перманганатының сілтілік ортадағы эквиваленттік массасы (г/моль):


А) 57,5 В) 31,6 С) 158 D) 52,7 Е) 55,0

7. Калий перманганатының қышқылдық ортадағы эквиваленттік массасы (г/моль):


А) 57,5 В) 31,6 С) 158 D) 52,7 Е) 55,0

8. Жүйенің жылу эффектісін анықтайтын формула:


A) ΔSх.р.(станд) = Σ S соңғы өнім – ΣS алғашқы өнім
B) ΔH х.р. = Σ ΔH соңғы өнім – Σ ΔH алғашқы өнім
C) ΔGх.р.(станд) = Σ ΔGсоңғы өнім – Σ ΔG алғашқы өнім
D) ΔU= U2 –U1
E)

9. Ішкі энергияны анықтайтын формула:


A) ΔSх.р.(станд) = Σ S соңғы өнім – ΣS алғашқы өнім
B) ΔH х.р. = Σ ΔH соңғы өнім – Σ ΔH алғашқы өнім
C) ΔGх.р.(станд) = Σ ΔGсоңғы өнім – Σ ΔG алғашқы өнім
D) ΔU= U2 –U1
E)

10. Энтропия өзгерісін анықтайтын формула:


A) ΔSх.р.(станд) = Σ S соңғы өнім – ΣS алғашқы өнім
B) ΔH х.р. = Σ ΔH соңғы өнім – Σ ΔH алғашқы өнім
C) ΔGх.р.(станд) = Σ ΔGсоңғы өнім – Σ ΔG алғашқы өнім
D) ΔU= U2 –U1
E)

11. Өздігінен жүретін химиялық реакция жағдайы:


А. ΔG =0 В. ΔG>0 С. ΔН>1 D. ΔН<1 Е. ΔG<0

12. Идеал газ күйінің теңдеуі:


А) pV= n В) pV=RT/n С) pV= n /RT D) pV= nRT Е) pV= MRT

13. Термодинамикалық жүйенің жылу эффектісін сипаттайтын функция:


А) Энтропия С) Гельмгольц энергиясы
В) Гиббс энергиясы D) Энтальпия Е) Ішкі энергия

14. Термодинамикада жүйе жағдайының ықтималдық шамасының аталуы


A) Энтальпия C) Гиббс энергиясы
B) Энтропия D) Гельмгольц энергиясы E) Ішкі энергия

15. Қоршаған ортамен зат және энергия алмаспайтын, ал ішінде жылуы аз бөлікке жылу көп бөліктен энергияның бір-біріне алмасуы, концентрацияның теңесуі жүретін жүйе:


А) Термодинамикалық C) Оқшауланған
B) Жабық D) Гомогенді E) Ашық

16. Қоршаған ортаның энергиясымен немесе белгілі бір заттары арқылы алмаса жүретін жүйе:


А) Термодинамикалық C) Оқшауланған
B) Жабық D) Гомогенді E) Ашық

17. Беттік бөліктерімен бөлінген және барлық нүктелерінде бірдей физикалық қасиеттерімен сипатталатын гетерогенді жүйенің бөлігі:


А) Компонент В) Параметр C) Фаза D) Ерітінді С) Қоспа

18. Өте ұсақталған зат күйі:


А) Дисперсті фаза С) Шынайы ерітінді
В) Дисперсті орта D) Идеал ерітінді Е) Буферлі ерітінді

19. Жүйенің салмағына байланысты қасиеттердің жиынтығы:


А) интенсивті C) экстенсивті
В) коллигативті D) физикалық Е) химиялық

20. Тұрақты температурада жүйенің бір күйден екінші бір күйге ауысуы:


А) Изохоралық C) Изобаралық
B) Адиабаттық D) Изохора-изотермиялық E) Изотермиялық

21. Тұрақты көлемде жүйенің бір күйден екінші күйге алмасуы:


А) Изохоралық C) Изобаралық
B) Адиабаттық D) Изохора-изотермиялық E) Изотермиялық

22. Тұрақты қысымда жүйенің бір күйден екінші бір күйге ауысуы:


А) Изохоралық C) Изобаралық
B) Адиабаттық D) Изохора-изотермиялық E) Изотермиялық

23. Hg2Cl2 (қ) = HgCl2 (г) + Hg (қ) реакцияның Гиббс энергиясының шамасы (кДж/моль):


A) -387,0 B) -25 C) +25 D) +387 E) +50

24. 2Cu2O + C = 4Cu + СО2 химиялық реакциясына сәйкес келетін энтропия өзгерісінің мәні(Дж/моль*град):


А) +98,63 В) +593,79 С) +154,62 D) -126,13 E) +219,55

25. Fe2O3 + 3C = 2Fe + 3СО темір оқсидінің тотығу реакциясында стандартты жағдайдағы энтальпия өзгерісінің мәні (кДж/моль):


А) 490,6 В) –933,6 С) 936,6 D) 712,4 E) 1154,8

26. Реакцияның 4HCl(г) + О2 = 2Сl2 + 2H2O(г) жылу эффектісі тең (кДж/моль):


А) 15,0 В) 15,0 С) + 512,0 D) –512 Е) +301

27. Тұрақты температурада реакция жылдамдығы әрекеттесетін заттардың концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал болатын заң:


А) Құрам тұрақтылық заңы
В) Массалар сақталу заңы
С) Энергия сақталу заңы
D) Әрекеттесуші массалар заңы
Е) Парциалды қысым заңы

28. ZnO +CO = Zn +CO2 реакциясындағы тепе-теңдікті оңға ығыстыру үшін қажетті жағдай:


А) Қысымның артуы
В) Қысымның төмендеуі
С) CO концентрациясының артуы
D) CO концентрациясының кемуі
Е) CO2 концентрациясының артуы

29. 2NO + Cl2 = 2NOCl (H<0) жүйеде тепе-теңдікті солға ығыстыру үшін:


А) Қысымды жоғарлату керек
В) Температураны төмендету керек
С) NO концентрациясын жоғарлату керек
D) Cl2 концентрациясын жоғарлату керек
Е) NOCl концентрациясын азайту керек

30. 2Al(к)+3Cl2(г) = 2AlCl3(қ) реакция жылдамдығының математикалық өрнегінің түрі:


А) V = k Al2 Cl23
B) V = k 2Al 3Cl2
C) V = k 2Al+Cl23
D) V = Al2
E) V = k Cl23

31. 3SO2 + 6HNO3 = 3H2SO4 + 6NO2 реакциясы үшін әсер етуші массалар заңының математикалық өрнегі:


А) V = k [SO2]2
В) V = k [3SO2] [ 6HNO3]
С) V = k [SO2]3 + [HNO3]6
D) V = k [SO2]3 [HNO3]6
Е) V = k [SO2] [6HNO3]

32. СаО(қ) + СO2 ↔ СаСО3(қ) қайтымды реакцияға сәйкес тепе-теңдік константасының математикалық өрнегі:


А) Кт-т = [СаСОз] / [СаО][СО2]
В) Кт-т = 1/[СаО]
С) Кт-т = 1/|СаО] [СO2]
D) Кт-т = 1/[СO2]
Е) Кт-т = [СО2][СаО]/[СаСО3]

33. Жүйе температурасын 65°С-тан 25°С-қа дейін сұытқанда реакция жылдамдығыкемиді ( =4):


А) 8 рет В) 3 рет С) 16 рет D) 27 рет Е) 64 рет

34. Жүйеде температурасын 25°-тан 75°-қа дейін жоғарлатқанда реакция жылдамдығы 243 есе артады, температуралық коэффициент неге тең?


А) 2 В) 3 С) 4 D) 5 Е) 6

35. 400 мл ерітіндіде 20г барий хлориді болса, оның нормальдік концентрациясы тең (моль/л):


A) 0,102 B) 0,52 C) 0,48 D) 0,24 E) 0,0012

36. 500 мл ерітіндіде 4г NaOH бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясы тең (моль/л):


А) 0,80 B) 0,20 C) 2,10 D) 12,50 E) 1,25

37 . Титрі 0,0082 г/мл тең 0,5л ерітіндідегі азот қышқылының мөлшері тең (г):


A) 4,9 B) 5,0 C) 4,1 D) 4,6 Е) 3,4

38. Күкірт қышқылының титрі 0,0098 г/мл. 100мл ерітіндісіндегі қышқылдың мөлшері тең (грамм):


A) 0,49 B) 0,98 C) 0,10 D) 0,63 Е) 1,49

39. Фосфор қышқылының титрі 0,0098г/мл. Фосфор қышқылының нормальдігі тең (моль/л):


А) 0,28 В) 0,60 С) 0,67 D) 0,45 E) 0,30

40. КОН ерітіндісінің титрі 0,00573 г/мл. Ерітіндінің эквиваленттік концентрациясы тең (моль/л):


A) 0,140 B) 0,102 C) 0,150 D) 0,135 E) 0,156

41. Көлемі 200 мл өлшеуіш колбада 1,535г KMnO4 ерітілді. KMnO4 ерітіндісінің қышқылдық ортадағы реакциясы үшін нормальдік концентрациясы тең (моль/л):


А) 0,19 B) 0,50 C) 0,83 D) 0,95 E) 0,24

42. Көлемі 500 мл өлшеуіш колбада 1,535 г KMnO4 ерітілді. KMnO4 ерітіндісінің сілтілік ортадағы реакциясы үшін нормальдік концентрациясы тең (моль/л):


А) 0,019 B) 0,0471 C) 0,0583 D) 0,0095 E) 0,0950

43. Бейтарап ортада өтетін реакция үшін 100мл 0,2Н ерітінді дайындауға калий перманганатының қандай мөлшері қажет:


А) 0,632г В) 1,053г С) 3,16г D) 0,95г Е) 1,12г

44. Еріген зат молекулаларының бүкіл ерітіндіні бойына өз бетімен таралу құбылысы:


А) коагуляция В) седиментация С) осмос
D) электрофарез Е) диффузия

45. Осмос қысымы бірдей ерітінділер


А) Буферлі В) Қаннықан С) Изотондық
D) Осмостық Е) Қанықпаған

46. Жартылай өткізгіш арқылы жүретін бір жақты диффузия:


А) коагуляция В) седиментация С) осмос D) электрофарез Е) диализ
47. Ерітіндінің рН мәнінің тұрақтылығын сақтайтын ерітінді:
А) Буферлі В) Қаннықан С) Изотондық
D) Осмостық Е) Қанықпаған

48. Құрамында 90г қант (C12H22O11) бар 4 л ерітіндінің 20°С температурадағы осмостық қысымы (кПа):


А)2436 В) 166,28 С) 19,34 D) 160,26 Е) 10,97

49. 3 М ерітіндінің 20°С температурадағы осмостық қысымы (кПа):


А) 73,08 В) 7308,0 С) 9606 D) 56 Е) 465,5

50. 0,5 моль бейэлектролит бар 1 л ерітіндінің 23°С температурададағы осмостық қысымы (кПа):


А) 87,9 В) 1230,47 С) 12,3047 D) 166,28 Е) 2383,2

51. 4 молялды глицерин ерітіндісінің қайнау температурасы (E=0,52°С):


А) 34,897°С B) 102,6°С С) 21,989°С D) 2,08°С Е) 2,5°С

52. 5 молялды глюкоза ерітіндісінің қату температурасы таза еріткіштен неше градусқа артық (К=1,86°):


А) 9,3°С B) 109,3°С С) -1,5°С D) -9,3°С Е) -8,5°С

53. Егер ЕН2О = 0,52° болса, екімоляльді формалин ерітіндісінің қайнау температурасы тең:


A) 0,52° B) 1,04° C) 101,04° D) 100,52° E) 98,96°

54. 10% қант (С12Н22О11) ерітіндісінің қайнау температурасы (Е=0,52°):


А) 0,32°С В) 100,32°С С) 0,168°С D) 100,168°С Е) 100,15°С

55. 15% қант (С12Н22О11) ерітіндісінің қайту температурасы (К=1,86°):


А) 0,96°С В) 100,96°С С) -0,96°С D) -0,168°С Е) -1,15°С

56. 2 моль этил спирті 250г суда ерітілген ерітіндінің қату температурасы (К=1,86°):


А) -14,88°С В) 114,8°С С) 14,88°С D) -1,48°С Е) 1,48°С

57. Күкірттісутек қышқылының диссоциациялану константасының өрнегі:


A) K=[2H+][S2-]/[H2S]
B) K=[H+]2[S2-] / [H2S]
C) K=[2H+] + [S2-] / [H2S]
D) K=[H2S] / [2H+][S2-]
E) K=[H+] + [S2- / H2S

58. рН = 6 ерітіндісіндегі гидроксил ионының концентрациясы (моль/л):


А) 10-5 В) 10-4 С) 10-14 D) 10-8 Е) 10-10

59. рОН=8 ерітіндідегі сутегі ионының концентрациясы (моль/л ):


А) 10-6 В) 10-5 С) 10-14 D) 10-4 Е) 10-10
60. Сутегі иондарының концентрациясы 10-5 моль/л ерітіндінің рOН мәні:
А) 5 B) 10-9 С) 9 D) 8 Е) 12

61. Гидроксид иондарының концентрациясы 10-3 моль/л ерітіндінің рOН мәні:


А) 4 B) 10-9 С) 12 D) 3 Е) 11

62. Ерітіндіде сутегі иондарының концентрациясы 10-4 моль/л болғанда, сол ерітіндіде лакмус көк индикаторы қандай түске боялады:


А) көк B) қызғылт С) күлгін D) сары Е) жасыл

63. Ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы 10-2 моль/л болғанда, сол ерітіндіде фенолфталеин индикаторы қандай түске боялады:


А) көк B) қызғылт С) күлгін D) сары Е) жасыл

64. Ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы 10-12 моль/л болғанда, сол ерітіндіде метилоранж индикаторы қандай түске боялады:


А) көк B) қызғылт С) күлгін D) сары Е) жасыл

65. Анион бойынша гидролизденетін тұз:


А) K2CO3 B) KNO3 C) KCl D) K2SO4 E) KClO4

66. Катион бойынша гидролизденетін тұз:


А) АІСІ3 B) Ca(NO3)2 C) К3РО4 D) (NH4)2S E) Рb(СН3СОО)2

67. Катион-анион бойынша гидролизденетін тұз:


A) SnCl2 B) Na3PO4 С) Na2SiО3 D) Fe(CH3COO)2 E) KC1

68. Гидролизге ұшырамайтын тұз:


A) KI B) К2СО3 C) FeSO4 D) AgNO3 E) SnCl2

69. 1,96 мл 0,2н лимон қышқыл ерітіндісіне 4,0мл 0,1н цитрат тұзының ерітіндісін қосқандағы буфердің рН-ын анықтаңыз, егер қышқылдың Кдисс = 8,7*10-4


A) 8,52 B) 5,58 C) 0,93 D) 3,07 E) 4,93

70. 5,8мл 1,5н аммоний гидроксиді (Кдисс=1,79*10-5) ерітіндісіне 9,0мл 0,2н аммоний хлориді ерітіндісін қосқандағы буфердің рН-ын анықтаңыз:


A) 8,65 B) 9,94 C) 4,06 D) 0,94 E) 10,86

71. Мысты тұздарының ерітінділерінен ығыстыратын металдар:


А) Al, Ag B) Fe, Hg C) Fe, Al D) Ag, Ni E) Pt, Al

72. Қышқыл ерітінділерінен сутегін ығыстыратын металлдар:


А) Li, Na, Cu, Ni В) K, Na, Pt, Hg C) Cu, Fe, Mg
Д. Ca, Sn, Cu E. Mg, Zn, Fe

73. Қышқыл ерітінділерінен сутегі газын ығыстырмайтын металдар:


А) Na, Cu, Ni В) Bi, Pt, Hg C) Cu, Fe, Mg
D) Ca, Sn, Cu E) Mg, Zn, Fe

74. Химиялық энергияны электрлік энергияға айналдыратын қондырғы:


А) Гальваникалық элемент В) Электролизер С) Диализатор
D) Электродиализатор Е) Вольтметр

75. Гальваникалық элементе магний анод болғанда, катод болуы мүмкін:


А) Ca B) Na C) Li D) Zn E) K

76. Гальваникалық элементте кобальт анод болғанда, катод болуы мүмкін:


А) Mg B) Cd C) Fe D) Mn E) Sn

77. 0, АІ(NО3)3 ерітіндісінің иондық күшін анықтаңыз:


А) 0,9 В) 0,3 С) 0,6 D) 1,2 Е) 0,45

78. 2 М Ва(OH)2 ерітіндінің иондық күшін анықтаңыз:


А) 8 В) 4 С) 6 D) 12 Е) 3

79. Концентрациясы 10-3М магний тұзының ерітіндісіне батырылған магнийдің электродтық потенциалы:


А) -2,27B В) -2,45 B С) -2,36 B D) -2,30 B Е) -2,48B

80. 0,1М мыс тұзының ерітіндісіне батырылыған мыстың электродтық потенциалы:


А) +0,31 В) +0,86 С) +0,80 D) +0,74 Е) +0,77

81. Концентрациясы С1=0,1моль/л, С2=0,001моль/л күміс нитраты ерітіндісіне батырылған күміс пластинадан құрылған гальваникалық элементтің ЭҚК-нің мәні:


А) 0,006 В) -2,24 С) 0,136 D) 0,118 Е) 0,132

82. Al3+ - Cr3+ гальваникалық элементінің (стандартты жағдай) ЭҚК-інің мәні:


A) +0,419В В) -1,93В C) +1,60B D) -0,12В Е) +0,92В

83. Cu2+ - Са2+ гальваникалық элементінің ЭҚК-нің мәні:


А) -0,59В В) 3,2В С) -3,2В D) -0,09В Е) 2,52

84. Қалыпты сутек электродының потенциалы анықтау Нернст теңдеуінің түрі:


А) В)
С) D) E)

85. Хлор-күмісті электродтың схемасы


A) Ag/AgCl, KCl B) AgCl/Ag, KCl C) Ag, AgCL/KCl
D) KCl/Ag, AgCl E) Ag+/AgCl, KCl

86. Каломельді электродтың схемасы:


A) Hg/AgCl, KCl B) Hg/Hg2Cl2, KCl C) Hg, Hg2CL2/KCl
D) KCl/Hg, Hg2Cl2 E) Hg+/ Hg2Cl2, KCl

87. Сутектік электродтың схемасы:


A) B) C)
D) E)


88. 25С температурада К2СrО4 шексіз сұйытылған ерітіндінің эквиваленттік электроөткізгіштігі тең:
A) 15,85 B) 8,5 C) 10,5 D) 11,65 E) 45,3


89. 0,5н КСІ ерітіндісінің меншікті электроөткізгіштік 3,54 см/м тең. 0С температурадағы КСІ-дің электроөткізгіштік коэфициентін анықтаңыз.
A) 0,08 B) 8,17 C) 7,08 D) 0,87 E) 0,33


90. 0С температурада КJ ерітіндісінде катиондардың тасымалдау саны неге тең:
A) 4,07 B) 4,14 C) 8,21 D) 0,50 E) 0,49

91. 0,2н натрий ацетаты ерітіндісінің меншікті электроөткізгіштігі 1,55*10-2 см/м тең болғанда эквиваленттік электроөткізгіштігі неге тең:


A) 7,75*10-2 B) 0,775 C) 0,13*10-2 D) 0,75 E) 2,41

92. Мына реакциядағы K2Cr2О7 + KI + Н2SO4 = Cr2(SO4)3 + I2 + K2SO4 + H2O тотықтырғыш эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


A) 49 В) 294 С) 147 D) 98 Е) 73,5

93. Мына реакциядағы KNO2 + KMnO4 + H2O  MnO2 + KNO3 + KOH тотықсыздандырғыш эквивалентінің молярлық массасы тең (г/моль):


А) 85 B) 21,3 C) 158 D) 42,5 E) 30,5

94. Тотығу үрдісіне сәйкес схема:


А) Mg  Mg2+ B) Cr+6  Cr+3 C) SO42-  H2S
D) Cl+  Cl- E) 2H+  H2O

95. Тотықсыздану үрдісіне сәйкес схема:


A) 2Br-  Br2 B) Mn+7  Mn+4 C) C  CO
D) Al  Al+3 E) Ni  Ni+2

96. 100 грамм топырақпен адсорбцияланатын органикалық қышқылдың мөлшерін есептеңіз, егер топырақ ерітіндісінің тепе-теңдік концентрациясы 20 ммоль/г тең, егер К=5 және 1/n=0,8 (ммоль/г):


А) 33,635 В) 1,005 С) 10,312 D) 54,928 Е) 15,685

97. Еріген кезде еріткіштің беттік керілуін төмендететін зат: :


А) Беттік-активсіз В) ЖМҚ С) БАЗ D) Эмульсия Е) Гель
98. Фрейндлихтың сызықтық изотермасы бойынша анықталатын шама:
А) Температура В) Көлем С) К және 1\n тұрақтысы
D) Газды тұрақтылық Е) Қысым

99. Газдың қатты немесе сұйық заттың барлық көлемінде сіңірілу үрдісі:


А) Адсорбция В) Капиллярлы конденсация
С) Десорбцией D) Абсорбция Е) Хемосорбция

100. Өз бойына газды немесе сұйықты сіңіріп алушы зат:


А) Адсорбент В) Адсорбат С) Сорбат
D) Активті көмір Е) Силикагель

101. Физикалық беттік құбылысқа жататын процесс:


А) Коагуляция В) Сорбция С) Адсорбция
D) Седиментация Е) Абсорбция

102. Адсорбция шамасымен беттік керілу арасындағы тәуелдікті сипаттайтын теңдеу:


А) В) С)
D) Е)

103. Фрейндлихтың адсорбция изотермасын сипаттайтын теңдеу:


А) В) С)
D) Е)

104. Ленгмюр адсорбция изотермасын сипаттайтын теңдеу:


А) В) С)
D) Е)

105. Сіңірілген зат:


А) Адсорбент В) Адсорбат С) Сорбент
D) Активті көмір Е) Силикагель

106. Сіңірілген зат пен сіңіретін заттардың өзара терең әрекеттесіп жаңа химиялық заттар түзуі:


А) Абсорбция В) Хемосорбция С) Десорбция
D) Адсорбция Е) Капиллярлы конденсация

107. Дисперстік фазасы зарядталған иондар болып келетін ерітінді:


А) Шынайы В) Идеал С) Буферлі D) ЖМҚ Е) Коллоидты

108. Коллоиды жүйенің барлық қасиеттерін айғақтайтын, өздігінен іс-әрекет жасай алатын коллоидты заттардың ең кіші бөлігі:


А) Молекула В) Ион С) Мицелла D) Атом Е) Радикал

109. Дисперстік ортада бөлшектердің қозғалысында адсорбциялық және диффузиялық қабат шекарасында пайда болатын потенциалдардағы секірулерінің атауы:


А) Ионның адсорбциялық потенциалы
В) Тамшылау потенциалы
С) Дзета потенциал
D) Доннан потенциалы
Е) Фазаның салыстырмалы көлем тереңдігінің потенциалы

110. Электр өрісінде дисперстік фаза бөлшектерінің қарама-қарсы зарядталған электродқа қарай қозғалысы:


А) Электросмос С) Флуктация
В) Электрофорез D) Седиментация Е) Коагуляция

111. Коллоидты бөлшектердің ірілену процесі


А) Кристалдану В) Конденсациясы С) Үгіту
D) Седиментация Е) Коагуляция

112. Ауырлық күш әсерінен біріккен коллоидты бөлшектердің тұну процесі


А) Кристалдану В) Конденсациясы С) Үгіту
D) Седиментация Е) Коагуляция

113. Кеуекті қатты дене арқылы сұйықтардың өтуін не деп атайды?


А) Электросмос С) Флуктация
В) Электрофорез D) Седиментация Е) Коагуляция

114. Дисперсті ортада сырттан туған электр тоғының әсерінен зарядталған бөлшектердің қозғалуын не деп атайды:


А) электрофарез В) электроосмос С) фотометрия
D) диализ Е) электродиализ

115. Фарадея-Тиндаль эффектісі тән жүйе:


А) Шынайы ерітінді В) Идеал ерітінді С) Буферлі ерітінді
D) Зольдер Е) Электролит ерітінді

116. Коллоидтық жүйенің дисперстік фаза бөлшектерінің жабысуға қарсыласу және сонын нәтижесінде белгілі бір дисперстік дәрежесін сақтау қабілетті:


А) Гидраттық тұрақтылық D) Агрегаттық тұрақтылық
В) Сольваттық тұрақтылық Е) Кинетикалық тұрақтылық
С) Молекулалық тұрақтылық

117. Коллоидтық жүйенің дисперсиялық фазасын броундық қозғалысы әсерінен жүзгін түрінде ұзақ сақтау қабілеті:


А) Гидраттық тұрақтылық D) Агрегаттық тұрақтылық
В) Сольваттық тұрақтылық Е) Кинетикалық тұрақтылық
С) Молекулалық тұрақтылық

118. Коллоидты ерітіндінің қарапайым бөлшегі:


А) Мицелла В) Гранула С) Потенциал анықтаушы ион
D) Эмульсия Е) Аэрозоль

119. Потенциал анықтаушы иондармен қарсы иондардан тұратын зольдің қос электр қабаты:


А) Гранула В) Ион С) Мицелла D) Атом Е) Ядро

120. Коллоидты бөлшектердің дисперстік дәрежесі:


А) 10-3 – 10-7м В) 10-2 м – 10-6 м С) 10-7 м – 10-9м D) 10-3м Е) 10-10 м

121. Ірі дисперсті бөлшектердің дисперстік дәрежесі:


А) 10-3 – 10-7м В) 10-2 м – 10-6 м С) 10-7 м – 10-9м D) 10-3м Е) 10-10 м

122. Коллоидтық бөлшегінің диаметріне кері шама:


А) Диссоциация дәрежесі В) Дисперстік дәрежесі С) Беттік керілу
D) Бөлшек мөлшерінің мәні Е) Көлем

123. Бөлшектердің ірі агрегат түзе бірігуі:


А) Коагуляция В) Адсорбция С) Тұндыру
D) Конденсация Е) Десорбция

124. Мицелланың нейтралды ядросы мен адсорбциялық қабатының иондары оның қандай бөлігін құрайды?


А) Золь В) Адсорбциялық қабат С) Гранула
D) Коллоидтық бөлшек E) Диффузиялық қабат

125. Мицелланың диффузиялық қабатын құрайтын ион:


А) Ядро В) Катион С) Гранула
D) Карама-қарсы иондар E) Потенциал анықтаушы ион

126. Седиментация дегеніміз:


А) Полимеризация В) Поликонденсация
С) Коагуляция D) Пептизация Е) Тұну
127. Алғашқы зат тәрізді жай төменгі молекулалы заттардан жоғары молекулалы заттардың түзілуі:
А) Полимеризация В) Поликонденсация
С) Коагуляция D) Пептизация Е) Тұну

128. Жоғары концентрлі (қаныққан) ерітінді әсерінен ерітіндіден жоғары молекулалы қосылыстардың бөлінуі:


А) Коацервация В) Тұзсыздандыру С) Синерезис
D) Ісіну Е) Коагуляция

129. Еріткіш молекуласының ЖМҚ ортасына енуі және соған байланысты оның салмағы мен көлемінің арту үрдісі:


А) Тұндыру В) Еру С) Ісіну
D) Дисперстену Е) Ағындылық

130. Функционалдық тобы бар кіші молекулалы заттардан жоғары молекулалы қосылыстармен қосымша төменгі молекулалық (H2O, HCI, NH3) заттардың түзуі:


А) Конденсация В) Дисперстілік С) Полимеризация
D) Седиментация Е) Поликонденсация

131. Ақуыз молекуласының заряды бейтарап болып тұғызатын ортаның рН мәні:


А) титрлеу қисығы В) эквиваленттік нүкте С) титр
D) изоэлектрлік нүкте Е) титрлеу нүктесі

132. Белок молекуласының екінші және үшінші құрылымын бұзылу процессі:


А) Конденсация В) Денатурация С) Полимеризация
D) Седиментация Е) Поликонденсация

133. ЖМҚ ерітіндісін алу әдісі:


А) Ұсақтау В) Полимерлеу С) Пептизация
D) Коагуляция Е) Дезагрегация

134. Еріткіш молекуласының ЖМҚ ортасына енуі және соған байланысты оның салмағы мен көлемінің арту үрдісі:


А) Тұндыру В) Еру С) Ісіну D) Дисперстену Е) Ағындылық

135. Полимердің түрлі сұйықтықта және түрлі жағдайда полимердің сандық мөлшері жағынан ісінуге қабілеттілігі:


А) Дисперстілік дәрежесі В) Ісіну дәрежесі C) Диссоциация дәрежесі
D) Гидролиз дәрежеі Е) Бостық дәрежесі

136. Молекулалық массасы 500-ден 5000-ға дейін болатын заттарды атайды:


А) Полимер В) Мономер С) Олигомер D) Димер Е) ЖМҚ

137. {m(CuS) nСu (2n-x)Cl} 2xCl мицелла грануласының заряды:


А) –1 В) –2 С) +2 D) 0 Е) +3

138. { m(Fe(OH)3 nFe (3n-x)Cl } x3Cl мицелла грануласының заряды:


А) –1 В) –2 С) +2 D) 0 Е) +3

139. {m AgI n I (n-x)Na} xNa мицелла зарядын анықтаңыз:


А) –1 В) –2 С) +2 D) 0 Е) +1

140. Коллоидты бөлшектердің дисперсті орта молекуласын өзіне қатты тарту қасиеті:


А) Лиофобтылық В) Лиофильділік С) Дисперстілік
D) Бөлшектену Е)Тұрақтылық

141. Коагуляциялаушы қабілеті жоғары ион:


А) Li+ В) Cs+ С) Na+ D) K+ Е) Rb+

142. Қай анионнің полимерді тұнбаға түсіру қабілеті жоғары:


А) SO42- В) CH3COO- С) CNS- D) Cl- Е) NO3-

143. Қай анион ісінуді күшейтеді:


А) SO42- В) Na+ С) CNS- D) CN- Е) NO3-

144. Коллоидты ерітінділердің сулы ерітіндісі:


А) Золь В) Гидрозоль С) Бензоль D) Этерозоль Е) Алкозоль

145. Ортасы бензол болатын коллоидты ерітінді дегеніміз:


А) Золь В) Гидрозоль С) Бензоль D) Этерозоль Е) Алкозоль

146. Спирттік коллоидты ерітінді дегеніміз:


А) Золь В) Гидрозоль С) Бензоль D) Этерозоль Е) Алкозоль

147. Эфирлердің коллоидты ерітіндінің атауы:


А) Золь В) Гидрозоль С) Бензоль D) Этерозоль Е) Алкозоль

148. Дисперсті фазасы мен дисперстік ортасы - сұйық болатын жүйе:


А) Суспензия В) Бұлт С) Золь D) Эмульсия Е) Гель

149. Дисперстік фаза-сұйық тамшылары, ал дисперстық орта-газ болатын агрегаттық жүйелерге жатады:


A) Бұлт B) Тұман С) Гель D) Көбік E) Пенопласт

150. Дисперстік ортасы сұйық, дисперстік фазасы газ болып келетін дисперстік жүйе:


A) Бұлт B) Тұман С) Гель D) Көбік E) Пенопласт

151. Дисперстік фазасы – қатты зат, ал дисперстік ортасы сұйық болып келетін дисперсті жүйе:


А) Суспензия В) Бұлт С) Золь D) Эмульсия Е) Гель

152. Ағызбалылығын тоқтатып қатты күйге ауысатын коллоидты ерітінділер:


А) Зольдер В) Гельдер С) Суспензиялар
D) Эмульсия Е) Аэрозольдер

153. Зольдің гельге айналу қайтымды изотермиялық құбылысы:


А) Синерезис В) Тиксотропия
С) Коацервация D) Коагуляция E) Желатиндеу

154. Гельдің уақыт өткен сайын ескіру процессі:


А) Денатурация В) Конденсация
С) Желатиндеу D) Кристалдану Е) Синерезис
155. Концентрациясы және титрі белгілі ерітінді дегеніміз:
А) Титрленген С) Дайындалған
В) Стандартталған D) Анықталған Е) Фиксанал
157. Алкалиметрияда қолданатын титрант ерітінділері:
А) HCl, NH4OH С) HCl, H2SO4
В) NH4OH, NaOH D) NaOH, KOH E) KOH, KCl

158. Ұзын мойында сақиналы белгісі бар, концентрациясы өте дәл ерітінділерді дайындау үшін қолданылатын шыны ыдысы


А) бюретка
В) өлшеуіш пипетка
С) тегіс түпті конус тәріздес колба
D) цилиндр
E) тегіс түпті дөңгелек өлшеуіш колба

159. Нақты анализ жасауға қажетті зерттелетін заттың анализдік орташа татпасының шағын массасы


А) орташа татпа В) заттың нақты массасы С) заттың салмағы
D) өлшенді E) лабораториялық татпа

160. Анықталатын татпаның құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген анализдің әдісі


А) гравиметрия С) редоксиметрия
В) титриметрия D) алкалиметрия E) комплексонометрия

161. 50 мл суды титрлеуге 2,5 мл 0,025Н трилон Б ерітіндісі жұмсалды. Судың кермектілігі тең (ммоль/л):


A) 2,20 B) 1,25 C) 3,45 D) 2,22 E) 2,75

162. Қышқыл–негіздік жіктеу бойынша катиондарды неше аналитикалық топтарға бөледі?


А) 6 В) 5 С) 4 D) 3 E) 7

163. Кристалды тұнбаны сүзуге арналған сүзгіш қағаздың түрі:


А) тығыз сүзгі В) баритты сүзгі С) орташа тығыздықты сүзгі
D) күлсіз сүзгі E) жоғары тығыздықты сүзгі

164. 100 мл 0,1Н сода ерітіндісін бейтараптау үшін жұмсалатын 0,2 Н тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі тең (мл):


А) 22 В) 10 С) 50 D) 28 Е) 48

165. Несслер реактиві қандай ионды ашады:


А) В) С) D) Е)

166. Сапалық анализде аналитикалық көрініс (сигнал) беретін реакциялар:


A) ерекше В) арнайы С) спецификалық D) түсті Е) аналитикалық

167. Қышқыл–негіздік жіктеу бойынша аниондарды неше аналитикалық топтарға бөледі?


А) 6 В) 5 С) 4 D) 3 E) 7

168. Химиялық реакцияға кіріскен заттардың көлемдерін тікелей өлшеуге негізделген анализдің әдісі:


A) титриметрия В) гравиметрия
С) комплексонометрия D) кондуктометрия Е) потенциометрия

169. Белгілі бір жағдайда әрбір ионды өзіне тән арнайы реакциялармен табу үшін, кедергі келтіретін басқа иондарды ығыстыруға негізделген әдіс:


A) құрғақ әдісі В) дымқыл әдіс С) бөлшектік әдіс
D) жүйелік әдіс Е) тамшылық әдісі

170. 50мл суды титрлеуге орташа шамамен 2,5мл 0,1Н тұз қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Судың карбонаттық кермектілігін анықтаңыз (ммоль/л):


A) 4 В) 4,5 С) 5 D) 5,5 Е) 3,5

171. Құрамында анықталатын элементтердің мөлшері жоғары дәрежелі дәлдікпен болатындай әр түрлі материалдарды ...................... д.а.


A) үлгілер В) химиялық таза заттар С) татпалар
D) эталондар Е) өлшенділер

172. Берілген реакция арқылы жеткілікті дәрежеде табылатын заттың минимальды мөлшері:


А) анықталатын максимум С) табу шегі
В) табылатын минимум D) көрінетін шегі E) көрінетін минимум

173. Сульфат анионын ашатын реагент:


А) AgNO3 В) BaСl2 C) NaOH D) NH4OH E) HCl

174. Ацидиметрияда қолданатын титрант ерітінділерді көрсетіңіз:


А) HCl, NH4OH В) NaOH, KOH C) NH4OH, NaOH
D) HCl, H2SO4 E) KOH, KCl

175. Қатты затты қыздырғанда бірден булануы, ал суытқанда қайтадан кристалдану процесі:


А) кристалдану В) булану C) қайта кристалдану
D) сублимация E) экстракциялау

176. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі қандай реакцияларға негізделген?


А) бейтараптану реакциялары
В) тотығу-тотықсыздану реакциялары
C) тұнбаға түсіру реакциялары
D) комплекс түзу реакциялары
E) айырылу реакциялары

177. Комплексонометриялық титрлеу әдісі қандай реакцияларға негізделген?


А) бейтараптану реакциялары
В) тотығу-тотықсыздану реакциялары
C) тұнбаға түсіру реакциялары
D) комплекс түзу реакциялары
E) айырылу реакциялары

178. Редоксиметрия әдісі қандай реакцияларға негізделген?


A) бейтараптану реакциялары
В) тотығу-тотықсыздану реакциялары
C) тұнбаға түсіру реакциялары
D) комплекс түзу реакциялары
E) айырылу реакциялары

179. 10мл 0,1Н қымыздық қышқылы ерітіндісімен калий перманганатының ерітіндісін стандарттағанда орташа көлеммен оның 20,5мл жұмсалды. Калий перманганаттың нормальдік концентрациясын анықтаңыз (моль/л):


А) 0,0455 В) 0,0311 C) 0,0056 D) 0,0250 E) 0,0488

180. Чугаев реактиві қандай катионды ашады?


A) B) C) D) E)

181. II аналитикалық топтың катиондарына топ реактиві болып табылатын реагент:


A) NaOH B) HCl C) NH4OH D) H2SO4 E) топ реактиві жоқ

182. III аналитикалық топтың катиондарына топ реактиві болып табылатын реагент:


A) NaOH B) HCl C) NH4OH D) H2SO4 E) топ реактиві жоқ

183. 100мл суды титрлегенде HCl ерітіндісінің 15,5мл көлемі жұмсалып, судың карбонаттық кермектілігі 5,56ммоль/л тең болды. Тұз қышқылы ерітіндісінің нормальдік концентрациясын анықтаңыз (моль/л):


А) 0,556 В) 0,0376 С) 0,0358 D) 0,0224 Е) 0,1011

184. V аналитикалық топтың катиондарына топ реактиві болып табылатын реагент:


A) NaOH B) HCl C) NH4OH D) H2SO4 E) топ реактиві жоқ

185. II аналитикалық топтың аниондарына топ реактиві болып табылатын реагент:


A) BaCl2 B) AgNO3 C) KI D) H2SO4 E) топ реактиві жоқ

186. Неге 1- аналитикалық топтағы катиондардың топ реагенті жоқ?


А) Олар басқа заттармен әрекеттеспейді
В) Олардың қосылыстары суда мүлдем ерімейді
С) Олардың қосылыстары иондарға диссоциацияланбайды
D) Олардың тұздары суда ериді
Е) Олардың оксидтері суда ериді

187. 10мл КОН ерітіндісін нейтралдау үшін 20мл 0,1н тұз қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Калий гидроксиді ерітіндісінің нормальділігін анықтаңыз (моль/л):


A) 0,3 B) 0,5 C) 0,1 D) 0,2 E) 0,4

188. – хлорид анионын ашатын реактив


А) AgNO3 В) Ba(NO3)2 C) NaOH D) NH4OH E) HCl

189. Қосарласып кездесетін иондарды топтық реагент көмегімен белгілі аналитикалық топтарға бөлуге негізделген әдіс:


A) құрғақ әдісі В) дымқыл әдіс С) бөлшектік әдіс D) жүйелік әдіс Е) тамшылық әдісі

190. Анықталатын құрамдас бөлігін аз еритін, химиялық құрамы белгілі қосылыс түрінде тұндырып, оның массасын дәл өлшеуге негізделген анализдің әдісі?


А) тұндыру В) бөлу C) қайта кристалдану D) айдау E) сүзу

191. Анықталатын құрамдас бөлікті ұшқыш қосылыс түрінде толық бөліп алып, қалдықты немесе тұтылған ұшқыш өнімді өлшеуге негізделген әдіс?


А) тұндыру В) бөлу C) қайта кристалдану
D) айдау E) сүзу

192. Протонның алмасу реакциясына негізделген титриметриялық анализдің әдісі:


А) тұндырып титрлеу әдісі
В) комплексонометрия әдісі
C) редоксиметрия әдісі
D) тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі
E) қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі

193. Электрондардың тасымалдауымен жүретін реакцияларға негізделген титриметриялық анализдың әдістері:


А) комплексонометрия B) редоксиметрия
C) қышқыл-негіздік титрлеу D) алкалиметрия E) ацидиметрия

194. Бір литр 0,1Н немесе 0,01Н ерітінді дайындауға арналған шыны ампула


А) фиксанал В) титрант С) пробирка D) колба Е) ампула

195. Судың жалпы кермектілігі титриметрияның ....................... әдісімен анықталады


А) йодометрия В) комплеконометрия С) ацидиметрия
D) алкалиметрия Е) редоксиметрия

196. Натрий карбонатының 10мл ерітіндісін бейтараптауына 25мл 0,05Н тұз қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Натрий карбонаты ерітіндісінің нормальділігін анықтаңыз:


А) 0,1Н В) 0,2Н С) 0,25Н D) 0,125Н Е) 0,0025Н

197. Тұндырып титрлеу әдісі қандай реакцияларға негізделген?


А) бейтараптану реакциялары
В) тотығу-тотықсыздану реакциялары
C) тұнбаға түсіру реакциялары
D) комплекс түзу реакциялары
E) айырылу реакциялары

198. Зерттелетін заттан анықталатын құрамдас бөлікті бос күйінде бөліп алып, соңынан дәл өлшеуге негізделген анализдің әдісі:


А) тұндыру В) бөлу C) қайта кристалдану
D) айдау E) сүзу

199. Сыртқы өзгерісі тек бір ионға немесе қосылысқа тән болатын аналитикалық реакция:


A) микрокристаллоскопиялық В) арнайы С) сапалық
D) түсті Е) аналитикалық

200. Химиялық құрамы, химиялық және физикалық қасиеттері барлық алынатын топтамаларға сай келетін салыстырмалы түрде алынған материалдың шағын мөлшері:


A) орташа татпа В) зертханалық татпа С) өлшенді
D) бастапқы татпа Е) татпа

201. Судың уақытша кермектілігі титриметрияның ....................... әдісімен анықталады


А) йодометрия В) комплеконометрия С) ацидиметрия
D) алкалиметрия Е) редоксиметрия

202. Ерітіндінің белгілі бір көлемін өлшеп, бір ыдыстан екіншісіне тасымалдау үшін қолданатын арнайы шыны түтікше:


A) мензурка В) цилиндр С) бюретка D) пипетка Е) өлшеуіш колба

203. II-ші аналитикалық топтағы қай катионың хлоридын ыстық суда ерітіп, оны басқалардан ажыратып алуға болады?


A) B) C) D) E)

204. 15мл тұз қышқылы ерітіндісін стандарттауға үш рет 0,1Н 24,5мл 24,5мл және 24,6мл сода ерітіндісі жұмсалды. Қышқыл ерітіндісінің нормальділігін анықтаңыз (моль/л):


A) 0,4907 В) 1,0025 С) 0,1635 D) 0,0012 Е) 0,0322

205. Реакцияның аналитикалық өзгерісі (сигналы) дегеніміз


А) химиялық реакцияның белгілері
В) химиялық реакцияның өту барысында көзге көрінетін сыртқы өзгеріс
С) химиялық реакцияның өту барысында тұнбаның түзілуі
D) химиялық реакцияның өту барысында газдың бөлінуі
E) химиялық реакцияның өту барысында ерітіндінің бояуының өзгеруі

206. Ерітінділерді аз мөлшерде тамшымен құйып алу үшін, жоғары бөлігінде нөлдік белгісі бар көлемі бойынша градуирленген шыны түтікшілер:


А) бюретка В) өлшеуіш пипетка С) тегіс түпті конус тәріздес колба
D) цилиндр E) тегіс түпті дөңгелек өлшеуіш колба

207. 10мл қымыздық қышқылы ерітіндісін титрлеуіне 15,2 мл 0,01н калий перманганаты ерітіндісі жұмсалды. Қымыздық қышқылының нормальділігін анықтаңыз (моль/л):


A) 0,24 B) 0,03 C) 0,0007 D) 0,0152 E) 0,048

208. Сүзу кезінде алдымен тұнбаны лайламай, тұнған сұйықтықты стаканнан сүзгіге шыны таяқшаның бойымен құю тәсілі:


А) сублимация B) шаю C) дистелдеу D) декантация E) центрифугалау

209. Нәтижесінде микроскоппен қаралатын тән пішінді кристалдар түзілетін реакциялар көмегімен компонентті анықтауға негізделген әдіс:


A) микрокристаллоскопиялық В) арнайы
С) тамшылық D) түсті Е) пробиркалық

210. Көлемдік анализдің негізінде жататын заң


А) құрам тұрақтылық заңы В) әрекеттесуші массалар заңы
С) эквиваленттер заңы D) Ле-Шателье ережесі E) Вант-Гофф заңы

211. Неге III аналитикалық топтағы аниондардың топ реагенті жоқ?


А) Олар басқа заттармен әрекеттеспейді
В) Олардың барий және күміс тұздары суда мүлдем ерімейді
С) Олардың қосылыстары иондарға диссоциацияланбайды
D) Олардың барий және күміс тұздары суда ериді
Е) Олардың оксидтері суда ериді

212. Зерттеуге алынған заттың ерітіндідегі мөлшері, оған қосылған заттың мөлшеріне эквивалентті болғандағы күйі:


А) эквиватенттік масса В) эквиваленттік нүкте
С) изоэлектрлік нүкте D) титрлеу қисығы Е) титрлеу нүктесі

213. Комплексонометрия әдісінде қолданатын индикаторлар:


А) фенолфталеин, метилоранж С) метилен көгі, метил қызыл
В) лакмус көк, нейтралды қызыл D) мурексид, хромоген қара
Е) крахмал

214. Оңай жуылып, қоспаларды аз дәрежеде адсорбциялайтын, қайта кристалдана алатын, кристалдық торға ие болатын тұңбалар .....................


А) аморфты B) еритін C) кристалды D) ерімейтін Е) майда

215. 20мл калий карбонаты ерітіндісін титрлеуіне орташа шамамен 45,5мл 0,1Н күкірт қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Калий карбонатының нормальділігін есептеңіз (моль/л):


А) 4,39 B) 0,2275 C) 0,033 D) 1,005 Е) 0,0521

216. Дәл өлшенді бойынша дайындалған титрленген ерітінді:


А) стандартталған В) титрант С) анықталған D) стандартты Е) фиксанал

217. Дәл концентрациясы нақты өлшенген мөлшерінен емес, басқа стандартты ерітінді бойынша анықталатын титрант ерітіндісі:


А) Титрант В) Стандартты С) Стандартталған
D) Даярланған E) Титрленген

218. Йодометрия әдісінің индикаторын атаңыз:


A) мурексид B) метилоранж C) фенолфталеин D) крахмал E) хромоген

219. Гравиметриялық анализдің әдісін көрсетіңіз:


A) Кептіру B) Декантация С) Буландыру D) Айдау E) Дистелдеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет