3. Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу Жұмыстың мақсаты: ақуызды тұндыру реакцияларын қарастыру Құрал-жабдықтар: фарфор келі мен сабы, шәшке, құм моншасы, техникалқ таразы, бюретка, екі химиялық стакан, өлшеуіш колбалар
Реактивтер: крахмал, желатин, тауық жұмыртқасы немесе альбумин, 1н натрий ацетатының ерітіндісі (СH3COONa)
Жұмыс барысы: А тәжірибесі. Крахмалдың 0,5г өлшендісін өлшеп, оны фарфор сабыда келімен езеді. Сосын крахмалды фарфор шәшкесіне салып үстіне алдымен 10мл дистилденген судан қосып, содан соң аралыстырып 90мл су құйыңыз да қайнатады. Ерітінді бірнеше рет қайнаған соң крахмалдың 0,5%-к опалесцирленген золін алады.
Б тәжірибесі. Желатиннің 0,5г өлшендісін өлшеп, оны көлемі 200мл химиялық стаканға салыңыз да үстіне 50мл су құйыңыз. Желатин ісіну үшін 6-8 сағатқа тыныштықта қойыңыз. Уақыт өткен соң желатин үстіне тағы 50мл су қосыңыз да ісінге желатин толық ерігенше су моншасында 40 – 50С температурада қыздырыңыз.
Қыздырып болған соң желатиннің 0,5%-тік ерітіндісін аламыз. Ол консервациялануы үшін оған бір неше тамшы формальдегид қосу керек.
В тәжірибесі. Көлемі 200мл өлшеуіш қолбаға алдын ала ұнтақталған жұмыртқа альбуминін (порошок) немесе тауық жұмыртқасының ағын салып үстіне 50мл суық су құйыңыз да ақуыз толық ерігенше колбаны қатты шайқаңыз. Содан соң колбаның белгісіне дейін су құйып тағы да шайқаңыз. Салқында еріту нәтижесінде әлсіз опалесценцияға ие болатын ақуыздың коллоидтық ерітіндісі алынады.
Г тәжірибесі. Көлемі 100мл өлшеуіш қолбаға бюретка арқылы 10мл 1н натрий ацетатының ерітіндісін құйып, үстіне 20мл су және 0,4г казеин ұнтағын қосады. Колбаны су моншасында 40–50С температурада қыздырыңыз, арасында колбаны сілкіп тұрыңыз. Колбада казеин толық ерігенде оның көлемін колбаның белгісіне дейін сумен толтырады.
Колбаны қыздырып болған соң казеиннің әлсіз опалесценцияланатын коллоидтық ерітіндісі алынады.