Құрал-жабдықтар: көлемі 500мл химиялық стақан, шыны таяқшасы, штатив, термометр, техникалық таразы.
Реактивтер: КOH түйіршіктері, дистилденген су.
Жұмыс барысы: Штативке орнатылған термометрді стақанның түбіне дейін түсіреді. Таразыда калий гидроксидінің 25г өлшеп, оны стақанға термометрдің ұшын жапқанға дейін салады. Содан соң стаканға 50мл су құйып, ерітіндіні ақырын шыны таяқшасымен араластыру қажет. Ерітінді қатты қызып, термометр 100С-тан жоғары температураны көрсетеді:
КОН + аq = КОН + аq, Hх.р. = – 13,3 ккал
Температураның максимальды мәні мен реакцияның жылу эффектісін анықтап, жұмыстың қорытындысын жасаңыз.
2 Тәжірибе.Аммоний нитратының сумен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісін анықтау.