Q = cm (tс – tб)
мұндағы с – меншікті жылу сыйымдылық 4,184*103 Дж/кг*град
(1 кал/г*град),
m – реакциялық қоспаның массасы (г), реакциялық қоспасының тығыздығын 10-3 кг/м3 (1 г/см3).
Тәжірибенің нәтижелерін салыстырып, реакциялардың термохимиялық теңдеулерін құрып, қорытынды жасаңыз.
4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі
Жұмыстың мақсаты: реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясын және температураға тәуелділігін анықтау
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, штативпен пробиркалар, секундомер, химиялық стакандар
Реактивтер: 1н натрий тиосульфатының (Na2S2O3) және 0,5н күкірт қышқылының (H2SO4) ерітінділері
Жұмыс барысы:
Ескерту: Натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылының ерітінділерін өлшеген цилиндрлерін алмастыруға болмайды!
Үш пробирка алыңыз, әрқайсына кестеде көрсетілген мөлшерде натрий тиосульфаты ерітіндісі мен суды аралыстырып құйыңыз. Содан кейін бірінші пробиркаға 2 мл күкірт қышқылын құйыңыз да, осы құйған мезеттен бастап пробиркада әлсіз тұнба пайда болғанға дейінгі аралықта кеткен уақыт мөлшерін секундомер арқылы белгілеңіз. Осы тәжірибе үрдісін, қалған екі пробиркаға натрий тиосульфаты мен судың көлемдік қатынасын төмендегі кестеде берілген мөлшерде алып қайталаңыз. Тәжірибе нәтижелерін берілген кестеге түсіріңіз:
|
Көлем, мл
|
Шартты концентрация
С, моль/л
|
Реакцияның жүру уақыты
, сек
|
Реакция жылдамдығы
V=1/, сек-1
|
Na2S2O3
|
H2O
|
H2SO4
|
1
|
2
|
6
|
2
|
0,25
|
|
|
2
|
4
|
4
|
2
|
0,5
|
|
|
3
|
8
|
-
|
2
|
1
|
|
|
Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін график түрінде көрсетіп, қорытынды жасаңыз (абцисс өсіне натрий тиосульфатының шартты концентрациясын, ал ордината өсіне реакция жылдамдығының шамасын белгілейді).
Достарыңызбен бөлісу: |