Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ығысуы



бет26/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
7 Тәжірибе. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ығысуы
Жұмыстың мақсаты: химиялық тепе-теңдігінің ығысуын байқау
Құрал-жабдықтар: штативпен пробиркалар
Реактивтер: темір хлоридінің (FeCl3) және калий роданидінің (KCNS) ерітінділері, калий хлоридінің (KCl) кристалдары
Жұмыс барысы:
Пробиркаға 3-5 тамшыдан темір хлориді мен калий тиоцианатының ерітінділерін құйыңыз. Алынған қанды түстес ерітіндінің бояуы сәл түссізденгенше сумен сұйылтады. Ерітіндінің бояуының интенсивтілігі қайтымды реакцияның нәтижесінде түзілген темір роданидінің концентрациясына тәуелді болады:
FeCl3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCl
Сұйытылған ерітіндіні төрт пробиркаға бірдей көлемде құйыңыз. Бірінші пробиркаға темір хлоридінің ерітіндісін, екінші пробиркаға калий роданитінің ерітіндісін құйыңыз, ал үшінші пробиркаға калий хлоридінің бірнеше кристалын салып ерітінді араласу үшін пробирканы шайқаңыз.
Осы пробиркалардағы ерітінділерінің бояуларын бастапқы ерітіндінің түсімен салыстырыңыз (төртінші пробиркадағы ерітінді бақылау ретінде алынады). Байқаған өзгерістерді түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет