Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет27/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
Ерітінділер

Ерітінділер дисперстік жүйелердің бір түрі болып табылады. Дисперстік жүйе дисперстік орта мен фазадан тұрады. Дисперстік жүйе деп бір заттың ішінде /ортасында/ екінші бір заттың ұсақталған /тамшы, газ көпіршіктері, майдаланған қатты бөлшектер/ күйде таралған жүйені айтамыз.


Дисперстік жүйелер дисперстік фаза бөлшектерінің диспетсік дәрежесіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Ірі дисперсті жүйелер (d>10-2 нм)

  2. Коллоидты жүйелер (d=10-7 – 10-9 нм)

  3. Нағыз не шынайы ерітінділер(d<10-9 нм)

Ерітінді ерген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш дегеніміз еру процесінің барысында өз агрегаттық күйін өзгертпейтін, ерітіндіде массалық үлесі көбірек болатын компонент. Еріткіштің агрегаттық күйіне қарай ерітінділер: газ, сұйық және қатты болып жіктеленеді.
Шынайы ерітінділер деп өзара химиялық әсерлескен екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден тұратын, құрамы өзгермелі гомогенді жүйелерді айтады. Көбінесе сұйық ерітінділер, ал оның ішінде еріткіші су болып келетін ерітінділердің іс жүзінде маңызы зор.
Мольдік массасы 5000 г/мольден кіші заттардың ерітінділер төмен молекулалық қосылыстар ерітіндісі деп атайды (ТМҚ), ал мольдік массасы 5000 г/мольден үлкен заттардың ерітінділерін жоғары молекулалық қосылыстар ерітіндісі дейді (ЖМҚ). ТМҚ ерітінділері үш класқа бөлінеді: электролиттер, бейэлектролиттер және амфолиттер.
Кез келген ерітіндінің маңызды сипаттамасы оның құрамы, оны концентрациямен көрсетеді. Ерітіндіде еріген заттың мөлшеріне қарай олар концентрлі және сұйытылған, қанықпаған, қаныққан және аса қаныққан деп бөлінеді. Ерітінді концентрациясы – ерітіндінің не еріткіштің белгілі массасында немесе көлемінде еріген заттың мөлшері. Концентрацияны анықтаудың мынадай тәсілдері бар: проценттік, мольдік, нормальдік, моляльдік концентрациялар, титр және мольдік үлес.
Проценттік концентрация
Мольдік концентрация
Нормальдік концентрация
Моляльдік концентрация
Титр
Мольдік үлес
Концентрацияға тәуелді ерітіндінің қасиеттері коллигативті деп аталады, оларға: 1) ерітінді буының қысымы еріткіш буының қысымынан кем болуы (Раульдың 1-ші заңы); 2) ерітінділердің таза еріткіштерінен төменгі температурада қатуы және жоғары температурада қайнауы (Раульдың 2-ші заңы); 3) ерітіндінің осмос қысымы (Вант-Гофф заңы).
Рауль заңына бағынатын сулы ерітінділер үшін ерітіндінің қату температурасының төмендеуі еріген заттың моляльдік концентрациясына тура пропорционал. Бейэлектролит үшін:

мұнда еріткішпен ерітіндінің қату температураларының айырмасы,
ерітіндінің моляльдік концентрациясы,
еріткіштің криоскопиялық константасы ( ).
Электролит ерітінділері үшін жоғарыда теңдеуге, электролиттің диссоциациялануы нәтижесінде түзілетін бөлшектердің саны неше есе артқанын көрсететін, Вант-Гоффтың түзету коэффициенті (i) енгізіледі. Электролитер үшін: ал
мұнда n – электролит молекуласы диссоциациялағандағы түзілетін иондар саны,  – электролиттің диссоциация дәрежесі.
Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы да моляльдік концентрациясына пропорционал. Электролит ерітіндісі үшін:

мұнда еріткіштің эбулиоскопиялық константасы.
Вант-Гоффтың жуықталған эмпирикалық теңдеуі бойынша бейэлектролит ерітіндісінің осмос қысымы келесі формуламен есептелінеді:

мұнда ерітіндінің мольдік концентарциясы,
R – газ тұрақтысы (0,082 немесе ),
T – температура, К.
Электролиттер ерітінділерінің осмос қысымын есептегенде теңдеуге i коэффициенті енгізіледі. Бұл теңдеу аса сұйытылған ерітінділер үшін қолданады, себебі ол жағдайда ерітіндінің моляльдігі мен молярлығымен арасында үлкен айырмашалық жоқ.
Биологиялық сұйықтықтардың осмос қысымы ерітіндінің қату температурасының төмендеуі бойынша есептеле алады:

Зертханада ерітіндінің қату (криоскопия әдісі) және қайнау температураларын (эбулиометрия әдісі) немесе осмос қысымын (осмостық әдісі) өлшей отырып, ондағы еріген заттың молекулалық салмағын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет