Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі



бет24/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
5 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, штативпен пробиркалар, су моншасы, термометр, химиялық стақандар
Реактивтер: 1н натрий тиосульфаты (Na2S2O3) және 0,5н күкірт қышқылы (H2SO4)
Жұмыс барысы:
Ескерту: Бұл жұмыста натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылы ерітінділерінің концентрациялық қатынастарын тұрақты сақтау қажет!
Үш пробиркаға 8мл-ден натрий тиосульфатын және келесі үш пробиркаға 2мл-ден күкірт қышқылы ерітінділерін құйып дайындап аласыз. Содан кейін бірінші пробиркадағы натрий тиосульфаты ерітіндісін су моншасына салып, 30С температураға дейін қыздырыңыз. Енді осы қызған натрий тиосульфаты ерітіндісінің үстіне 2мл күкірт қышқылын құйып 1-ші тәжірибедегідей лайлану басталғанға дейінгі уақытты белгілейсіз. Екінші және үшінші пробиркалармен де осы үрдісті 40С және 50С температураларда қайталайсыз. Тәжірибе нәтижелерін төмендегі кестеге түсіріңіз:




Көлем, мл

Температура
tС

Реакцияның жүру уақыты , сек

Реакция жылдамдығы
V=1/, сек-1

Na2S2O3

H2SO4

1

8

2

30







2

8

2

40







3

8

2

50







Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін график түрінде көрсетіңіз (абцисс өсіне температураның шамасын, ал ордината өсіне реакция жылдамдығының шамасын белгілейді). Осы температуралар аралығында Вант-Гофф ережесінің орындалуы мүмкіндігін анықтап, қорытынды жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет