Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Сыну көрсеткіші арқылы ерітіндінің концентрациясын анықтау



бет29/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

1 Тәжірибе. Сыну көрсеткіші арқылы ерітіндінің концентрациясын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: рефрактометрлік өлшеулерді қолдана отырып, қант ерітіндісінің концентрациясын анықтау
Құрал-жабдықтар: көлемі 100мл тегіс түбті дөңгелек колбалар, термометр, химиялық стакандар, таразы, шыны таяқшалар, су моншасы, рефрактометр.
Реактивтер: қанттың стандартты және зерттелетін ерітінділер, су.
Жұмыс барысы:
Жұмысты бастамас бұрын біріншіден рефрактометрмен (6-сурет) жұмыс істеу ережелерімен танысу қажет.

6-сурет. Рефрактомердің құрылысы


Жұмыстың 1-ші сатысында он мойыны ұзын дөңгелек 100мл-лік колбаларға 1%, 2%, 3%, 4%, 5%, 6%, 7%, 8%, 9% және 10%-тік қант ерітінділерін дайындайды. Рефрактометрді қолдана отырып, дайындаған қант ерітінділерінің сыну көрсеткіштерін өлшейді. Өлшеудің алдында су моншасы арқылы ерітінділердің температураларын дәл 20С-қа келтіреді.


Келесі кезекте ерітінділердің концентрациялары мен олардың сыну көрсеткіштері арасындағы калибрлік графигін миллиметрлік қағазға сызыңыз (абсцисса осьінде ерітіндінің проценттік концентрациясын Сқант%, ордината осьінде сыну көрсеткіштерінің n0 мәндерін көрсетеді).
Жұмыстың 2-ші сатысында оқытушыдан концентрациясы белгісіз қант ерітіндісі бар колбаны алып, рефрактометр арқылы ерітіндінің сыну көрсеткіші мен концентрациясын анықтаңыз. Алған нәтижелерін калибрлік графикпен салыстырып сыну көрсеткіші бойынша концентрацияның шамасын графикалық экстраполяция арқылы анықтаңыз.
Барлық нәтижелерді келесі кестеде көрсетіңіз:

Сқант %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

?

Санық %


































nD


































Рефрактометрмен жұмыс істеу ережелері:


1. Біріншіден рефрактометрдің призмаларын фильтр қағаз немесе жұмсақ мата арқылы ақырын сүртеді.
2. Жұмыстың басында рефрактометрдің шкаласын стандартты ерітінді (дистелденген су) арқылы тексереді. Рефрактометр судың проценттік концентрациясын СН2О = 0%, ал сыну көрсеткішін n0=1,333 көрсету қажет.
3. Рефрактометрдің сол жағындағы окуляр үстінгі экрандағы қаранғы және жарық аймақтардың аралық шекарасының анықтығын келтіреді.
4. Рефрактометрдің оң жағындағы тумблер төменгі экрандағы сыну көрсеткішінің шкаласын реттейді.
5. Призмалардың астында күн жарығын түсіретін айна орналасқан, оны ашып қою қажет.
6. Рефрактометрдің үстінгі және астынғы призмалары бар, астынғы призма өлшеуіш болып табылады. Зерттелетін ерітіндінің сынасы шыны таяқша арқылы өлшеуіш призманың қаранғы аймағына тамызылады. Содан сон айнаны ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет