Реактивтерді пайдалану ережелері
Реактивтер салынған шөлмектердің немесе банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: «техникалық», «таза», «анализ үшін таза», «химиялық таза» және ерітінділер үшін концентрациясы жазылған этикеткалары болу керек. Рактивтерді пайдаланғанда келесі ережелерді орындау қажет:
Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу керек /материал мен жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін/.
Алынған реактивтің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканы не шөлмекті қақпағымен жауып қою керек.
Құрғақ реактивтерді фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен не қалақшалармен /шпательдер/ алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап, сүзгіш қағазбен сүртіп отыру керек.
Егер реактив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |