Химиялық ыдыстардың түрлерімен танысу
Химиялық тәжірибелерде көбінесе жұқа шыныдан жасалған ыдыстар қолданады. Мұндай шыны температураның кенет өзгеруіне кәдімгі шыныдан гөрі төзімді болады.
Химиялық зертханада жиі қолданатын шыны ыдыстары 2-ші суретте көрсетілген: 1а) пробиркалар, 1б) Вюрц пробиркалары, 2) стақан, 3) тегіс түпті колбалар, 4) дөңгелек түпті колбалар, 5) Вюрц колбасы, 6) конус тәріздес колбалар, 7) соруға арналған шөлмектер, 8) кристаллизатор, 9) воронка, 10) эксикатор, 11) бюкстер, 12) аллонждар, 13) хлоркальций түтіктер, 14) үш тармақтар, 15) өту түтіктері,16) U-тәрізді түтіктер, 17) дефлегматор, 18) салқындатқыш, 19а) жуғыш шөлмектер, 19б) құрғатқыш воронка, 20) сағат шыны, 21) реторталар, 22) бөлгіш воронкалар.
Шыны ыдыстардан басқа фарфор ыдыстар (3-сурет) қолданады: 1) табақша, 2) стақан, 3) қақпақты тигельдер, 4) Бюхнер воронкасы, 5) келі мен келсап, 6) қайықшалар, 7) ұшбұрыш.
Заттардың аз мөлшерімен жұмыс істеу үшін өлшемі және сыйымдылығы аз химиялық ыдыстар қолданылады, мысалы сыйымдылығы 50мл, 25мл, 10мл колбалар, 20мл, 10мл, 5мл стақандар және т.б.
Химиялық зертханалардың жұмыстарында келесі өлшеуіш ыдыстар (4-сурет) жиі қолданылады: 1-пипеткалар, 2-бюреткалар, 3-цилиндрлер,
4-колбалар, 5-мензуркалар.
4-сурет.
Қатты қызған химиялық ыдыстарды, әсіресе шыны ыдыстарды, бірден суық немесе ылғал столдың үстіне не темір штативтің табағына қоюға, не су тигізуге болмайды. Сұйықты пробиркада қыздырғанда пробиркадағы сұйықтың деңгейі келіп тұрған жерін немесе пробирканың түбін қыздыруға болмайды. Бірінші жағдайда пробирка сынып кетуі мүмкін, екінші жағдайда сұйық қатты қайнап, асып төгілу мүмкін. Сондықтан пробирканың сұйық толып тұрған жерін бірдей біркелкі қыздырған жөн.
Тәжірибе жасағанда пайдаланатын ыдыстардың барлығы да таза болу керек. Оларды арнаулы щеткалармен жуады да, содан кейін дистилденген сумен бірнеше рет шаяды. Егер ыдыс өте лас болса, суға аздап тұз қышқылын немесе «хром қоспасын» (концентрлі күкірт қышқылындағы калий бихроматының ерітіндісі) қосып жуады. Жуылған ыдыстарды кептіру үшін төңкерілген күйінде кептіргіш тақтайдың үстінде қалдырылады. Егер ыдысты тез кептіру керек болса, оны газ немесе электр кептіргіш шкафтың ішіне қойып кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |