Жұмысты орындау реті:
1 Шұжық өнімінің сынамасын химиялық анализге дайындау
Шұжық өнімдерін сыртқы қабығынан тазартып, диаметрі 1 мм болғанша ұсақтап кеседі. Дайындалған сынаманы тығыз қақпақпен жабылатын шыны ыдыста сақтайды. Анализ 24 сағат ішінде жүргізілуі керек.
2 Шұжық өлшендісін алу және кептіру
Алдын ала кептіріліп массасы тұрақтанған бюкске 10 г құм салып температурасы 100-105оС жеткізілген кептіргіш шкафқа 30 минутке орналастырады. Көрсетілген уақыт өткен соң бюксты суыту үшін эксикаторға көшіреді 10-15 минутке. Комната температурасына дейін суыған құм салынған бюкс таразыда өлшенеді (m0). Осыдан кейін бюкске 5 г жуық шұжық өлшендісін салып құммен араластырып таразыда өлшейді (m1). Содан кейін бюкстің қақпағын ашып кептіргіш шкафқа 60 минутке кептіруге қояды. Көрсетілген уақыт өткен соң бюксты суыту үшін эксикаторға 10-15 минутке қойып суытып өлшейді (m2). Кептіру, суыту, өлшеу операцияларын масса тұрақтанғанша бірнеше рет қайталайды.
3 Анализ нәтижесін есептеу
Кептіру барысында бюкске салынған өлшенді массасы тұрақтанғаннан кейін шұжық құрамындағы су мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
ω (Н2О) =
осындағы:
ω (Н2О) - шұжық құрамындағы су мөлшері, %;
m1 - құм және өлшенді салынған бюкстің кептіргенге дейінгі массасы, г;
m2 - құм және өлшенді салынған бюкстің кептіргенген кейінгі массасы, г;
m – құм салынған бюкстің массасы, г.
Қатарлас 3 анықтау жүргізіп, орташа арифметикалық мән есептеледі. Есептеуді 0,10 % дәлділікке дейін жүргізеді.
Әдебиет: 1 - Б. 11-31; 3 – 47-50; 6 - Б. 187-226; 7 - Б. 199-221; 11 – Б. 56-64.
Бақылау тапсырмалары:
1. Гравиметриялық анализдің негізгі шарттары қандай?
2. Заттарды сандық анализге қалай әзірлейді?
3. Анализ қатесін қалай есептейді?
4. Ва2+ ионын анықтау қандай реакцияға негізделген?
5.Кристаллогидрат құрамындағы, мысалы СuSО4▪5Н2О, су мөлшерін қалай есептейді?
6. Кальций хлоридінің 2,94 г кристаллогидратын қыздырғанда 1,45 г су бөлініп шықты. Кристаллогидраттың формуласын табыңдар?
7. Алюминий сульфатының ертіндісін талдаған кезде SО42- ионы ВаSО4 түрінде тұнбаға түсті. ВаSО4 –тің салмағы 0,2640 г. Ертіндідегі AI2(SО4)3 салмағын анықтаңдар.
8. 125 г мыс (II) сульфатының кристаллогидратын қыздырғанда 80 г СuSО4 алынды. Мыстың кристаллогидратындағы судың массасын және кристаллогидраттың формуласын табыңдар?
9. Анализге алған 0,4620 г пиритті (FеS2) өңдеп, қыздырған соң 1,744 г ВаSО4 түзілді. Пириттегі күкірттің мөлшерін анықтаңдар.
10. 0,5210 г әк тасын (известнякты) қыздырып, өңдеген кезде 0,2218 г СаО алынды. Табиғи известняктағы СаСО3-ның массалық үлесін есептеңдер.
Анализ қателерін есептеуге арналған есептер:
1. Орташа мәнді қалай табады. Абсолют және салыстырмалы қателер қалай есептеледі?
2.10 мл тұз қышқылын титрлеуге 5,1; 5,0; 5,2; 4,9; 5,3 мл NаОН кетеді. Тұз қышқылын титрлеуге кеткен NаОН-тың арифметикалық орташа мәнін табыңдар.
3. Ертіндідегі SО4-2 ионы ВаSО4 түрінде тұнбаға түсірілген құрғақ зат массасы 0,059; 0,062; 0,065; 0,057 г болған. ВаSО4-ның арифметикалық орташа мәнін анықтаңдар.
4. Аммоний нитратында 35,05% азот бары анықталған. Анализдің абсолютті және салыстырмалы қателерін есептеңдер.
5. Суперфосфатта 60,62% Р2О5 бары анықталған. Анализдің абсолютті және салыстырмалы қателерін есептеңдер.
6. СаСI2▪6Н2О-да судың мөлшері 52,62% екендігі анықталған. Анализдің абсолютті және салыстырмалы қателерін есептеңдер.
7. Ізбес тасында 35,6; 36,1; 35,8 % Са бары анықталған. Са мөлшерінің арифметикалық орташа мәні нешеге тең?
8. Ішетін суда йодтың мөлшері 0,28; 0,32; 0,30 мг/л. 1 л судағы иодтың арифметикалық орташа мәні нешеге тең?
9. Ішетін суда NаСI мөлшері 0,150; 0,155; 0,152% тең. NаСI-нің мөлшерінің арифметакалық орташа көрсеткіші нешеге тең?
10. ВаСI2▪2Н2О-да 14,70% кристалданған су бар екендігі анықталған. Формула бойынша судың мөлшері 14,75% -ке тең. Анализдің абсолютті және салыстырмалы қатесін есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |