Аналитикалық химия



бет2/19
Дата15.09.2017
өлшемі3,5 Mb.
#32524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.2.5 Химиялық ыдыстар

Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi мөлдiр түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B2O3 бар п и р е к с шынысынан жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi, температураның 150-1800С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.



Сапалық реакцияларды орындау үшін және тұнбаны ертіндіден бөлу үшін арнайы центрифугалық пробиркалар пайдаланылады (сурет 3).

Тәжірибелер жасау үшiн фарфор ыдыстар да (қалың және жұқа) пайдаланылады. Аналитикалық химия зертханасында көбінесе жұқа фарфор ыдыстар (сурет 4) қолданылады, олар жоғары температураға төзімді, температураның 150о-1800С-қа ауытқуына шыдайды, ал ауытқу бұл мәннен жоғары болса, жарылады. Жұқа фарфор табақшаға құйылған ерiтiндiнi тек құм моншасында, не асбест төселген плитка үстiнде буландыру керек, кәдiмгi плиткада (t0 ≈ 3000С) немесе спирт шамының жалынында (t0 ≈ 5000С) буландыруға болмайды. Судың қайнау температурасы 1000С болғандықтан, плиткада температураның ауытқуы 2000С шамасында, ал спиртовкада 4000С шамасында болады, сондықтан фарфор табақша жарылады.

Жұқа фарфор ыдыстар келесі мақсаттар үшін қолданылады:

- ерiтiндiлердi буландырып концентрлеу;

- ылғал заттарды құрғату;

- қатты заттарды күйдіріп қыздыру.

Жұқа фарфор ыдыстарды муфель пештерінде 10000С-қа дейiн қыздыруға болады. Ыстық фарфор ыдысты темiр қысқышпен ұстауға болмайды, жарылып кетедi. Сондықтан темір қысқыштардың ұш жағына резина түтiкше кигiзiледi.

Сұйықтың дәл көлемiн өлшеу үшiн қолданылады:



-бюреткалар (сурет 5);

-пипеткалар (сурет 6).

Бюреткалар титриметриялық анализде титрлеуге кеткен титранттың дәл көлемiн анықтау үшiн пайдаланылады.



Пипеткалар титриметриялық анализде анализденетін ертіндінің және стандарт ертіндінің дәл көлемін өлшеп алу үшін пайдаланылады.



Градуирленген пипеткалар сұйықтың әртүрлi көлемiн өлшеп алуға арналған. Мор пипеткалары - сұйықтың белгiлi бiр көлемiн өлшеп алуға арналған шектелген сыйымдылығы көрсетiлген пипеткалар. Олардың сыйымдылығы 5, 10, 15, 20, 25, 50, 100 мл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет