Аналитикалық химия



бет5/19
Дата15.09.2017
өлшемі3,5 Mb.
#32524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Проценттконцентрация


Проценттiк концентрация - 100 г ерiтiндiде ерiген заттың грамм мөлшерiн көрсететiн шама. Мысалы, 10% НСI ерiтiндiсiнiң 100 граммында 10 г НСI (ерiген зат) және 90 г Н2О (ерiткiш) бар. Проценттiк концентрацияны сипаттайтын математикалық өрнек:

(1)
Ерiтiндiнiң массасы (m ерiтiндi) ерiген затпен ерiткiштiң массаларының қосындысына тең:
m ерiтiндi = m ерiген зат + m ерiткiш (2)
Екiншi формуланы ескерсек, бiрiншi формула былайша өрнектеледi:
(3)
Есеп: Калий нитратының 500 г 10 % ерiтiндiсiн дайындау үшiн неше грамм KNO3 және қанша мл су алу қажет?

Шешуi: Формула (1) бойынша ерiген заттың массасы есептеледі:



Жауабы: 500 г 10 % ерiтiндiсiн дайындау 50 г KNO3 қажет.

Осыдан кейiн формула (2) бойынша ерiткiштiн (судың) массасын есептеймiз:


m ерiткiш = m ерiтiндi – m ерiген зат = 500 – 50 = 450 г немесе 450 мл,
себебі: судың тығыздығы 1 г/см3.

Кез-келген сұйықтықтың массасының көлемiне қатынасы осы сұйықтықтың тығыздығын сипаттайды: (4)

Тығыздық (ρ) – ерітінді көлемнiң бiр бiрлiгiнiң массасын көрсететiн шама. Өлшем бiрлiгi: г/см3 немесе г/мл.



Мысал: 96% H2SO4 ерiтiндiсiнiң тығыздығы 1,84г/см3, бұл - 96% күкiрт қышқылының 1см3 (немесе 1 мл)-ның массасы 1,84 г тең деген сөз. Жиi қолданалатын қышқылдар мен негiздердің ертiндiлерiнiң проценттік концентрациялары мен тығыздықтары анықтамалық бөлiмде келтiрiлген (қосымша Е). Ерiтiндiнiң тығыздығы және көлемi белгiлi болса ерiтiндiнiң массасын есептеуге болады:

m = ρ ּV
Керiсiнше, ерітіндінің тығыздығы және массасы белгiлi болса, көлемiн есептеуге болады:

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет