Аналитикалық және сыни ойлау 1-мәтін


Баланың суреттен көз алмай тұруы нені меңзейді?



бет45/46
Дата30.04.2022
өлшемі88,56 Kb.
#141543
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Аналитикалық және сыни ойлау тест

1. Баланың суреттен көз алмай тұруы нені меңзейді? 
A) Баланың суретшіге деген құрметін
B) Баланың ағасына жақсы сый тапқандығын
C) Баланың өнер туындысын жоғары бағалауын
D) Суреттің өте әдемі безендірілгенін
E) Баланың суретке деген құмарлығын
2. Мәтіннің екінші бөліміндегі айтылған ой
A) Қанағатсыздық жарға соғады.
B) Ынсапсыздық ысырапқа әкеледі.
C) Қанағат қарын тойғызады.
D) Ақша қолдың кірі.
E) Байлық мұрат емес.
3. Мәтіннің соңғы бөліміндегі суретшінің қандай екенін аңғаруға болады?
A) Ақылды, даңғой
B) Қанағатшыл, данаВключить зук
C) Саналы, рақымшыл
D) Жомарт, көреген
E) Бақталас, кеңпейіл
4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Көркемөнер орталығы
B) Суретші мен бала
C) Қымбат сурет
D) Бағалы сыйлық
E) Данышпан суретші
44- мәтін
Күз. Қыркүйек айы. Жылауық аспанды қара-қошқыл бұлт торлап,күрең күздің жаңбыры жерге тырс-тырс тамады.Тамшыларда көктемнің , не жаздың ерке тамшыларындай қара жолдың үстінде секеңдемей,қорғасындай зілмауыр салмақпен жерге бырш-бырш жабысады. Жай ғана тамбайды,жол-жөнекей ағаштар басында қалған,сарғайа барып қоңырқай тартқан жапырақтарды жұлып түсіп,жерге жаныштайды.Жазғы жауын иісіндей емес,жан сарайын ашпайды.Жер жарықтық жаңбырлы жаздың ылғалына тойынған ба,жауын суын бойына сіңірмейді.Нәтижесі-әдеттегі»алтын күз» деген анықтауышты «қоңыр күзге «айналдырғандай.Көңіл-күйде қоңырқай.
Иығына екі-үш кітап-дәптерлерін салған сөмке асынған бозбала,өз ойымен өзі асықпай келе жатыр.Қоршаған айналаның қоңырқай түсі қоңыр мұңмен бірігіп,батпандай салмақпен иығынан басқандай.Көлденең қосылған жолдың тұсында аяғын асыға басып,тұрымтайдай қыз бала өзін қаға-маға өте шыққанда ғана ол селт етіп,мектепке кешігерін сезіп,жүрісін жиілетті.
Бұл мектеп табалдырығын аттай бере, бағанадан «жыламсырап» тұрған күз аспаны қақ айрылардай сатырлап, нөсерлете жөнелді. Сыныпқа кіріп, соңғы парталардың біріне сумкасын тастай салып, жолдастарымен шүйіркелесе кетті.Қызығына енді жеткен әңгіме мұғалім кіріп келгенде сыбыр-күбірге ұласып барып саябыр тапты.
Жазғы демалыстан кейін жалқау тартқан ми шіркін жаңа сабақты қабылдар емес.Сабақтың ортасы ауды-ау деген кезде есік сарт ашылып,қашанда асығыс-үсігіс жүретін директор кірді де,соңынан әзер үлгеріп кірген қыз баланы жаңа оқушы деп таныстырды.Алпыс жанар жаңа оқушының өне бойын тінткілеп,сынай қарап шықты.Ол жазбай таныды.Бұны қағып өткен қыз.Сынып жетекшісінің сұрауы бойынша өзін қысқаша таныстырған ол,тек соны күтіп тұрғандай бос тұрған алдыңғы партаға жайғасты.
Көп ұзамай-ақ ол қыз озат оқушы екенін көрсете бастады.Қай пәннен болмасын берілген тапсырманы «шемішкеше шағады».Мұғалімдердің сүйіктісіне айналған қызға,шаң қауып қалғандар «патриот «деп айдар тағып үлгерді.Патриот болса несі бар, мақтанарлық қасиет.Алдымен соған жетіп алсын. Бұл ол қызды іштей осылай қолдайды,қызыға қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет