1.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз. A) Ақылды бала
B) Әке өсиеті
C) Ақылдының сұрағы
D) Даналық ойлар
E) Әке арманы 2.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем A) Мүйіз туғанда өспейді. B) Құлақ туа пайда болмайды.
C) Құлақ пен мүйіз туғанда болады.
D) Бәйге аттары ізін дөп басады.
E) Құлақ мүйізден ұзын болады.
3.Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер A) Зерттеу, сипаттау
B) Суреттеу, пайымдау
C) Ақпарат, зерттеу
D) Әңгімелеу, салыстыру
E) Сипаттау, ақпарат 4.Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой A) Ат тұяғын тай асар. B) Ата балаға сыншы.
C) Ата – бәйтерек, бала –жапырақлючить звук
D) Әкесі құрдастың аласы құрдас.
E) Әкелі бала жаужүрек.
37- мәтін
Найзағай Найзағай – бұлттар, не бұлт пен жер арасында болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Оның жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Жыл сайын әлемде найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі.
Найзағай соққанда, терезені, есікті, құбырларды жабу керек, телефонмен де сөйлесуге болмайды. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындауға, су жиналатын жерлерге тұруға болмайды. Теледидар, радионы және басқа да электрлі қондырғыларды тоқтан ажырату керек. Қысқа ағаштардың арасын паналау қажет. Биік ағаштардың қасына, әсіресе терекке, еменге, шыршаға тығылуға болмайды.
Құрғақ ағаштар найзағай түскеннен соң, тез жанады. Адамдар бұрыннан бері ағаштардың ішінде еменге үнемі найзағайдың түсетіндігінен хабардар. Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» депатаған. Бұлатау Перун Құдайдың атымен аталса керек. Ғалымдар мұны еменнің тамырының тым тереңде орналасқандығымен түсіндіреді. Еменнің жерге берік орналасқан тамырлары мықты болып келеді. Мықты тамырлар жердің сулы қабатына оңай жетеді. Сондықтан еменді «жайтартқыш ағаш» деп атайды. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, найзағайдың түсуінен ашық далада өстетін емендер мен теректер көбірек зардап шегеді екен.
Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым.