Анализ деятельности школьного методического объединения


САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі106,5 Kb.
#117949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
өзара сабаққа ену дәптері

2. САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
1 нақты пән сабағын және нақты сабақты оқыту шеңберiнде оқушылардың дамуын жобалау.
2 сабақтың мақсатын белгiлеуде тақырыпты меңгерудiң және алдыңғы жұмыста жеткен нәтижелердiң психологиялық мiндеттерiн есепке алу.
3 оқушының дамуын қамтамасыз ететiн психологиялық-педагогикалық әсер етудiң, әдiстемелiк тәсiлдердiң жеке құралдарын қарастыру.

  1. Сабақтың стилi:

1 дамыта оқытудың қағидаларына сәйкес, сабақтың мазмұны құрылымын анықтау:
- оқу жүктемесiнiң оқушылардың ақыл-ойына арақатынасы;
-жаңғыртылған және шығармашылық қызметтiң көлемiн анықтау;
-бiлiмдi дайын күйiнде мұғалiмнiң сөзi бойынша, кiтаптардан, оқу құралдары т.б. және өзiндiк iзденiс үдерiсiнде меңгерудi жоспарлау;
-мұғалiм мен оқушы арқылы проблемалық-эвристикалық оқытуды орындау кiм проблеманы қояды, кiм оны қалыптастырады, кiм оны шешедi;
-мұғалiм арқылы жүзеге асырылатын оқушының iскерлiгiн бағалауды, бақылауды, талдауды, сол секiлдi оқушылардың өзара түсiнiстiк бағасын, өзiндiк бақылауы мен өзiндiк талдауын есепке алу;
-Оқушылардың қайраткерлiгiн оятудың арақатынасы iстелген жұмыстарға байланысты оң жақты пiкiрлер тудырған түсiнiктемелер, қызығушылықты тудыратын нұсқамалар, қиындықтарды жеңетiн жағдайлар жасаут.б..
2 мұғалiмнiң өзiндiк ұйымдасуының ерекшелiктерi:
-сабаққа дайындығы – ең алдымен психологиялық мақсатты мойындау және оны жүзеге асыруға iштей дайындалу;
-сабақтың басында және сабақ барысында жұмысқа деген көңiл-күйiнiң болуы жинақтылық, қуаттылық, қойылған мақсатқа жетудегi табандылық, педагогикалық тапқырлық және т.б.;
-педагогикалық такт
-сабақта психологиялық ахуалды қалыптастыру көңiлдi, iскер қарым-қатынас атмосферасын ұстап тұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет