3.Оқушының танымдық белсендiлiгiн арттыру: 1 оқушының ойлауы мен қиялының өнiмдi жұмысына жағдай жасауды қамтамасыз ету үшiн әрекеттердi анықтау:
- үйретiлетiн объектiлер мен құбылыстарды оқушылардың қабылдау жолдарын, оларды ұғынуын жоспарлау;
сендiру және иландыру тұрiнде нұсқамаларды қолдану;
оқушылардың тұрақты көңiлi мен зейiнiнiң жағдайын жоспарлау;
жаңа бiлiмдi қабылдау үшiн қажеттi, оқушылардың есiнде ертеде меңгерген бiлiмдерi мен икемдiлiктерiн өзектендiру үшiн, әр түрлi жұмыс түрлерiн қолдану әңгiмелер, жеке сұрақ-жауап, қайталау бойынша жаттығулар;
2 жаңа бiлiм мен икемдiлiктердi қалыптастыру үдерiсiнде оқушылардың ойлау мен қиялдау әрекетiн ұйымдастыру:
оқушылардың қалыптасқан бiлiмi мен икемдiлiктерiнiң деңгейiн анықтау нақты-сезiмталдық елестердiң, түсiнiктердiң, образдарды жинақтаудың, «ашық» қорытынды деңгейiнде,;
елестердi қалыптастыруда психологиялық заңнамаларға, түсiну деңгейiнiң ұғымдарына сүйену, оқушылардың ойлау әрекетiн және қиялын ұйымдастыруда жаңа образдар жүйесiн жасау;
оқушылардың белсендiлiгi мен дербестiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстың тәсiлдерi мен түрлерiн жоспарлау сұрақтар жүйесi, проблемалық жағдаяттар туғызу, тапсырмалардың проблемалық-эвристикалық шешiлуiнiң әр түрлi деңгейi, жеткiлiксiз және шамадан тыс мағлұматтары бар тапсырмаларды қолдану, оқушылардың зерттеушiлiк және iзденушiлiк жұмыстарын сабақта ұйымдастыру, өзiндiк жұмыс барысында жеңе алатын ой-өрiстiк машақаттануын ұйымдастыру, оқушылардың танымдық өзiндiк белсендiлiгiн арттыру мақсатында тапсырмаларды қиындату;
түсiну деңгейiн арттыруға басшылық жасау және пайымдау мен ойша қорытындылау әрекеттерiн қалыптастыру;
оқушылардың әр түрлi шығармашылық жұмыстарын қолдану жұмыстың мақсатын, оны орындау шарттарын түсiндiру, нәтижелердi өңдеу және жұмыстарды ресiмдеу;
3 жұмыстың нәтижелерiн бекiту:
жаттығу жолдары арқылы дағдыларын қалыптастыру;
ертеде меңгерiлген икемдiлiк пен дағдыларды жұмыстың жаңа жағдайына ауыстырып қолдануға үйрету, механикалық ауыстырудан сақтандыру.