4 Оқушылардың ұйымшылдығы: 1 оқушылардың оқуға қатысы, олардың өзiндiк ұйымдасуы және ақыл-ойларының даму деңгейi;
2 үйрену деңгейi бойынша оқушылардың мүмкiн топтары, оқушылардың сабақтағы жекелiк, топтық және фронтальдық жұмыс түрлерiнiң байланысын анықтау арқылы осы жағдайларды есепке алу.
5). Оқушылардың жас ерекшелiктерiн есепке алу: 1 оқушылардың жеке және жас ерекшелiктерiне сәйкес сабақты жоспарлау;
2 күштi және нашар оқушыларды есепке ала отырып сабақты жүргiзу ;
3 күштi және нашар оқушыларға саралап қатынас жасау.
3.САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР 1 температуралық тәртiп;
2 ауа-рйының физикалық-химиялық сипаттары;
3 жарықтандыру
4 шаршаудан және қатты шаршаудан алдын-ала сақтандыру;
5 iскерлiктiң түрлерiн кезектестiру
6 сергiту сәттерiн өз уақытында және сапалы өткiзу;
7 оқушының дұрыс отыру ережесiн сақтау;
8 сынып жиһазының оқушының бойына сәйкес келуi.
САБАҚТЫ ӨТКIЗУ ТЕХНИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1 сабақ әсерлi, оқуға деген қызығушылықты оятатындай болуы керек және бiлiм қажеттiлiктерiн тәрбиелеу керек;
2 сабақтың түрi мен мақамы тиiмдi, мұғалiм мен оқушы әрекетi – аяқталған болуы керек;
3 сабақта мұғалiм мен оқушының қарым-қатынасында толық байланыс, педагогикалық такт пен педагогикалық оптимизм болу керек.
4 жақсылық пен белсендi шығармашылық еңбек атмосферасын ұстап тұру керек.
5 мүмкiндiгiнше оқушының әрекет түрлерiн өзгерту, оқытудың әр түрлi әдiстерi мен тәсiлдерiн тиiмдi байланыстыру қажет;
6 мектептiң бiрiздi орфографиялық тәртiбiн сақтауды қамтамасыз ету керек;
7 мұғалiм әр оқушының сабаққа белсендi қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.