Абайдың қарасөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары - бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек.
Адамгершілік женіндегі тәрбиелік тақырыпты Абай Отыз екінші сөзіндеде және Қырық төртінші сөзіңде де қайталап, толық дәлелдеп өтеді. Бұлардағылым басқа есеп ушін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінездітолықмағыналыадамболу үшін жәрдем етсін дейді (Отыз сегізінші сөз). «Қырық төртінші» сөзінде тәрбиелік ойдың тағы біршартын адамның басындағы мінезділікпен байла-нысты талапқа әкеп саяды.
Міне, осылайша топтап тексеру ретінде тақырыптық өзгешеліктерін еске алып отырып, біз Абай жазған қарасөздердің барлығын шолып өттік. Ақынның бұл шығармаларын тексеруде жылмажыл (хронологиялық) ретпен талдауды қолданбадық. Абайдың лирикасын тексеруде ол әдіс ерекше қажет шарт болса, мынау үлгідегі шығармаларын талдап ұғынуда поэзия тұсыңдағыдай соншалық қажет міңдет боп танылған жоқ. Себебі, өлеңде ақынның тақырыгтгары қайталап отырса да барлық ақындык, шеберлік жаңалык, көркемдік түрлер үнемі өзгеріп, жаңарып отырады.
Абай қарасөздерінің ішінен «Отыз жетінші» сөзді де біраз ерекшелігін қарап, бөліп шығардық. Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық себебінен және өзге сездерде әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп, қайталайтын болғандықтан, бір бөліп шығардық.
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.