«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі,ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;
«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;
«Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары,ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;
«Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы,ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы,адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;
«Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы,ақынның ес туралы ой тоқтамы,естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;
«Жиырма екінші» қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы, қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |