Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет19/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

1.6 Қарапайымдылар экологиясы

Қарапайымдылар паразиті табиғатта тағы аңдар мен үй жануарлары және адамдарда кең таралған. Қарапайымдыларға бейімділігіне қарай жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.


Бірінші топқа қарапайымдыларға сезімтал жануарлар. Бұл жануарлар ағзасына енген паразиттің өсіп өнуіне және көбеюіне жағдай жасап, дамытады. Соның барысында өздері аса жіті немесе жіті протозомозбен ауырады.
Екінші топ қарапайымдыларға төзімді жануарлар. Бұл топ жануарларында, протозомоз созылмалы түрде өтіп, паразит тек цист түрінде сақталады.
Үшінші топ, жыртқыштар, протозомозбен ауырып, әлсіреген немесе өлген жануарларды жемтік ету арқылы және қарапайымдыларны тасымалдаушыларды ұстап жеу арқылы денесінде паразиттерді жинақтайды.
Осындай топқа бөліну құстарда да кездеседі. Қарапайымдыларның кең географиялық аймақтарда таралуында құстардың маңызы зор (С.М.Пак,1976). Жыл құстары бір материктен екінші материкке ұшу арқылы қарапайымдыларны таратыны анықталған(С.М.Пак,1974). Қарапайымдыларның табиғатта сақталуына үй жануарларының да маңызы зор. Жүргізілген зерттеулер үй жануарларында протозомоз кеңінен таралғанын көрсетеді. Төменде ғылыми мәліметтер мен лабораториялық жұмыстар нәтижесі келтірілген.
Ит протозомозы кең тарағаны туралы мәліметтер көп, Мелло, (1910) Тюринде төрт айлық күшіктен алғаш рет қарапайымдылар паразитін тауып, ит протозомозының клиникалық және патанатомиялық белгілерін көрсеткен. Қазіргі кезде жер шарының көптеген елдерінде жүргізілген зерттеулер ит протозомозының кең тарағандығын көрсетеді. (Н.Коль-Якимова, 1912; Е.П.Ковалева, 1961; В.Ф.Новинская, 1966).
Миллер және Фельдман (1953) адамдар протозомозы негізінен иттен жұғады деп тұжырымдаған. Ит протозомозы латентті немесе созылмалы түрде өтеді. Олардың таралуы серологиялық реакциялар көрсеткішінде 9%-тен 70%-ке дейін кездеседі (В.Ф.Новинская, 1966) АҚШ-та питомниктегі иттердің ішінде протозомоз эпизоотиясы байқалған. Онда ауырған 115 иттің және келесі питомниктегі 104 иттің 50-52% өлген. Ит протозомозы әсіресе ит обасы т.б. инфекциялық аурулар ауырғанда көп өлім –жітімге ұшырататыны анықталды. Иттен паразиттің шығу жолын зерттегенде қарапайымдылар –нәжістен, несептен, сілекейден табылған (Е.П.Ковалева, 1965). Бұл көрсеткіштер иттен адам және малға қарапайымдылар жұғатынын мақұлдайды.
М.С.Сорофиев, Л.В.Штырева, А.П.Шеулов (1959) Ташкент қаласында иттерді протозомозға зерттеп олардың 40%-тінің серологиялық реакцияға оң көрсеткіш көрсеткенін байқаған.
М.Ф.Ковалевский т.б. (1961) Москвадағы иттерді тексергенде көптеген иттердің серологиялық оң көрсеткіш көрсеткенін анықтап, олардың кейбіреулерінен биологиялық жолмен қарапайымдылар паразитін тапқан.
Новинская В.Ф. (1963) Алматы қаласында 553 итті тексеріп олардың 224 (40,5%) протозомозға оң көрсеткіш көрсеткенін анықтап, кейбіреуінен паразитті бөліп алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет