Бабезиидтердің морфологиясы мен биологиясы. Тірі бабезиид-тер әрдайым қозғалыста болады. Боялған бабезиидтердің пішіні әдетте сопақ алмұрт тәрізді, сондай-ақ сақина тәрізділерін, таяқша, амеба және нүкте тәрізділерін де кездестіруге болады. Бабезиидтердің тұрқы түріне байланысты 0,5-тен 7 мкм шамасында.
Эритроцитке енген мерозоит трофозоитқа айналады, ол қоректеніп өседі және сонан соң қарапайым жолмен екіге бөлінеді. Бабезиидтердің барлық даму сатысы паразиттер, яғни олар сыртқы ортада өмір сүрмейді. Табиғи жағдайларда бабезиидтер бейім жануарларға тек қана иксодид кенелерінің әртүрлі сатылары (балаң-кене, нимфа, имаго) арқылы ғана жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |