Пироплазмидтер. Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары - қоздыр-ғыштары ағзадегі эритроциттерді және басқа торлы эндотелий жүйесінің жасушаларын зақымдайтын, үлкен бір аурулар тобы. Қоздыр-ғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады, яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы тобына тән белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-тамыр жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.
Пироплазмидтердің сипаттамасы. Pіroplasmіda тегі Babesііdae және Theіlerііdae тұқымдастарынан тұрады. Babesііdae тұқымдасына Babesіa, Pіroplasma, Francaіelle, ал Theіlerііdae тұқымдасына Theіlerіa және Nuttallіa туыстары жатады. Әр туысқа жататын қоздырғыштарды бір бірінен өздерінің морфологиялық белгілеріне және эритроциттерде орналасуына байланысты ажыратады.
Пироплазмидоздарға, екі топ енеді: бабезиидоздар және тейлериидоздар.
Бабезиидтер. Бабезиидоздарды Babesііda тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар қоздырады. Осы тұқымдасқа жататын қарапайымды-лардың сипаттамасы жалпыға бірдей емес.
Babesііdaе тұқымдасына пигментсіз, қан түйіршіктері ішінде өмір сүретін, пішіні алмұрт тәрізді сопақ, сақина тәрізді, амеба тәрізді омыртқалылардың эритроциттері ішінде, сондай-ақ тасымалдаушы кенелердің гемолимфасы мен ұлпаларында орналасқан қарапайымдылар жатады. Эритроцит ішінде бабезиидтер екіге бөліну арқылы көбейеді. Тасымалдаушы-кенелерде олар шизогония арқылы көп бөлшекке бөлінеді, сондай-ақ кене денесінде жынысты жолмен көбеюі де мүмкін.
Babesііdaе тұқымдасына Babesіa, Pіroplasma, Franсaіella -деген үш туыс енеді. Babesіa туысына екі түр жатады: B.bovіs ірі қараның паразиті және B.ovіs (қой мен ешкінікі).Олардың пішіні алмұрт тәрізді дөңгелек немесе сақина тәрізді. Олардың тұрқы эритроцит радиусынан қысқа. Қосарланған алмұрт тәрізділері, бір-бірімен үшкір жағымен түйісіп, доғал бұрыш пайда болады, паразит көбінесе эритроциттің шеткі жағынан орналасады. Pіroplasma туысына P.bіgemіnіm-(ірі қара паразиті), Р.caballі (жылқы мен қашыр паразиті), P.ovіs (қой мен ешкінікі) және P.trautmannі паразиті жатады. Бұл туыстағы паразиттердің пішіні алмұрт тәрізді, дөңгелек, сақина тәрізді немесе дұрыс пішінді емес. Жалғыз не қосарланып орналасқан алмұрт тәрізді пироплазмдардың тұрқы эритроцит радиусынан ұзын. Үшкір жағымен қосылған қосақталған түрлері үшкір бұрыш жасап, эритроциттің орта шеніне орналасады.
Franсaіella туысына F.соlchіca (ірі қара), F.tarandі (солтүстік бұғысы) және т.б. жатады. Олардың пішіні алмұрт тәрізді, сопақ немесе қандауыр тәрізді болады. Қосақталған түрлері доғал бұрышпен эритроцит ортасына орналасады. Олардың тұрқы эритроцит радиусына тең немесе сәл кішірек.
Достарыңызбен бөлісу: |