137. Соқыр ішек, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Intestinum crassum немесе тоқ ішек-ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі. Intestinum crassumда ас қорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырылып, Rectumдағы анусқа қарай бағытталады. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне карай Intestinum crassum: соқыр ішекке және оның кұрттәрізді өсіндісіне, жоғарылаған, көлденең, төмендеген, сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке бөлінеді.
-Сокыр ішек, латыншасы caecum, ток ішектің бастапқы кеңейген бөлігі. Caecum fossa iliaca dextra мен crista iliaca dextra apaсында орналаскан. Paries anterior іштің алдыңғы кабырғасымен; Paries posterior он мықын шұнкырымен және үлкен бел бұлшықетімен, т . psoas major, шектеседі. Интраперитонеапді жағдайда ішастармен жауып орналаскан, шажыркайы жоқ болып келеді. Ересек адамда сокыр ішектің орналасу орны қатты өзгермелі болып есептеледі. Оның мықын сүйегі қырының тұсында немесе кіші жамбас куысына жакын орналасуы жиі байқалады. Caecum ұзындығы қалыпты жағдайда алты-сегіз см, көлденең ені жеті-жеті жарым см. Caecum артқы медиалді бетінде Intestinum crassum таспаларының түйіскен жерінде соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісі, латыншасы appendix vermiformis, орналаскан. Аppendix vermiformis ұзындығы екі-жиырма сантиметрдей, орташа ұзындығы сегіз жарым см, көлденең ені жарты см- бір см арылығында. Ішастармен интраперитонеалді жағдайда орналаскан, шажыркайы бар болып есптеледі.
138. Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, ішастарға қатынасы, практикалық маңызы. Intestinum crassum немесе тоқ ішек-ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі. Intestinum crassumда ас қорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырылып, Rectumдағы анусқа қарай бағытталады. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне карай Intestinum crassum: соқыр ішекке және оның кұрттәрізді өсіндісіне, жоғарылаған, көлденең, төмендеген, сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке бөлінеді.
Құрттәрізді өсіндінің басқаша айтқанда appendix vermiformis - орналасу орны: біріншіден appendix vermiformis ұзындығына байланысты болып келеді, екіншіден топографиялық орналасуына тәуелді. Аppendix vermiformis, он мықын шұңқырынан төмен немесе жоғары орналасуы мүмкін. Құрттәрізді өсінді қырық-қырық бес % жағдайда төмен қарай бағытталып орналасса, он жеті-жиырма % латералді бағытта, он үш % жоғары бағытта орналасуы байкалады.