136. 12-аш ішек бұрылысы. Оның орны, практикалық маңызы.
Он екі елі ішек, duodenum, жіңішке ішектің бастапқы бөлігі. Ұзындыгы тірі адамдарда 17- 21 см, мәйіттерде 25-30 см. Сырткы пішіні өзгермелі болып келеді. Топографиялық орналасуына қарай: жоғарғы, төмендеген, горизонталді (төменгі) және жоғарылаған бөліктерге бөлінеді. Он екі елі ішектің сыртқы пішініне және орналасуына қарай үш түрі ажыратылады:
-“Тағатәрізді” түрінде он екі елі ішектің барлық бөліктері сақталған.
-“Ілмектәрізді” иіліп орналасқан түрі он екі елі ішек иіндерінің іщғыл иіліп орналасқан жағдайда байқалады. Он екі елі ішектін сыртқы пішінінін бұл түрінде төмендеген және жоғарылаған бөліктері сақталады.
-“Иілген ілмектәрізді”.-түрінде он екі елі ішектің жоғарғы және төменгі горизонталдібөліктері сақталады. Он екі елі ішектің сырткы пішінінін озгермелі және қозғалмалы болып келуі сыртқы бетін жауып орналасқан фиксациялық ішастардың жалғамаларына және дамуына тәуелді. Он екі елі ішектің дамуына жэне орналасуына қарай 3 варианты ажыратылады: -“Situs inversus partialis duodeni”, он екі елі ішектің қалыпты жағдайда орналасуы. Duodenum mobile” он екі елі ішектің бұл түрінде ұзындау келіп қозғалмалы орналасады. «Іnversio duodeni», бұл жағдайда он екі елі ішектің төмендеген бөлігі томен қарай, одан әрі жоғарылаған бөлігі сол жаққа қарай өтіп, “П” әрпіне ұқсас орналасқан.
Он екі елі ішектің топографиясы.
Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі, pars horizontalis superior, асқазанның пилорикалық бөлігінің тікелей жалғасы. Ол, ХІІ-ші кеуде омыртқасының тұсында асқазанның пилорикалық қысқышының, m.sphinster pylori, тұсынан басталып, омыртқа бағанасынын оң жағына қарай өтеді. Одан әрі төмен қарай иіліп, он екі елі ішектін жоғарғы иілімін, flexura duodeni superior, құрап, төмендеген бөлігіне, pars descendens-Ke жалғасады. Он екі елі ішектің жоғарғы беті бауырдың шаршы үлесімен, lobus quadratus, және өтқуыктын мойнымен шектеседі. Бұл бөліктің төменгі беті, ұйкыбез басымен, жоғарғы иілімі, flexura duodeni superior, сол бүйрекпен, бүйрекүсті безімен шектеседі. Асқазанның тікелей жалғасы болғандықтан ішастармен барлық жағынан жауып орналасқан. -Он екі елі ішектің төмендеген бөлігі, pars descendens, ішектің жоғарғы бөлігінің жалғасы. Ол, XII- кеуде мен I—бел омыртқаларының аралығында орналасып, ішектін төменгі иілімін, flexura duodeni inferior, құрап, он екі елі іш ектің төменгі горизонталді бөлігіне жалғасады. Алдыңғы беті: тоқ ішектің көлденең жиек ішегімен, медиалді беті: ұйқыбездің басымен, caput pancreatis, шектеседі. Ішастармен алдыңғы жағынан жауып орналасқан.
- Он екі елі ішектін төменгі горизонталді бөлігі, pars horizontalis inferior, он екі елі ішектің төменгі иілімінен, flexura duodeni inferior, басталып, горизонтагщы бағытта III —бел омыртқаның тұсында он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігіне, pars ascendens, жалғасады. Ішастармен алдыңғы жағынан жауып орналасқан.
- Он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі, pars ascendens, бұл бөлік, III- бел омыртқаныңтұсында төменгі горизонталді бөліктен басталып, II- бел омыртқаның сол жақ бетінің тұсында шұғыл төмен карай иіліп, он екі елі — аш ішектік иілімді, flexura duodenojejunalis, құрап, жіңішке ішектің аш, одан әрі мықын бөлігіне, intestinum tenue mesenteriale, жалғасады. Ішастармен тек алдыңғы беті жауып орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |