147.Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.
Кеңірдек, trachea, іші қуыс, ауаны өкпеге қарай өткізетін түтік тәрізді мүшені айтамыз,оның ұзындығы орташа есеппен 9-11 см, көлденеңінен 15-18 мм-дей болып келеді. Ол көмейдің тікелей жалғасы. 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталады да,4 кеуде омыртқаның тұсына келгенде 2-ге оң және сол басты бронхтарға айырылып кетеді.
Кеңірдектің топографиясы.
Кеңірдек топографиясына қарай мойындык және кеуделік бөліктерге бөлінеді.
Кеңірдектің мойындық бөлігі, pars cervicalis, оның алдыңғы беті қалқанша безбен, glandulae thyroidea, және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен шектеледі,ал бүйір беті жалпы ұйқы артериямен, а. carotis communis, ішкі мойындырық венамен, vjugularis interna, және кезбе нервпен, п. vagus, және артқы беті өңешпен, esophagus, шектелген.
Кеңірдектің кеуделік бөлігі, pars thoracica, оның алдыңғы беті колқа доғасымен, arcusaortae, айырша безбен, thymus,шектеледі, артқы беті болса өңештің кеуделік бөлігімен, бүйір жағы оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.
Кеңірдектің құрылысы.
Кеңірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар, ligg.annularia,арқылы өзара байланысады. Негізін 16-20-дай жартылай сақиналы шеміршектер құрайды.Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар,paries membranaceus,арқылы байланысқан.Кеңірдек жарғағының терең қабаты болады. Ол дәнекер тіннен, бойлық және көлденең орналасқан біріңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады.Кеңірдектің ішкі беті кірпікшелі эпителиймен қапталған,шырышты қабық шырышты бездер,gll.tracheales,мен лимфа түйіндеріне өте бай болып келеді. Сыртқы беті дәнекер тінмен,tunica adventitia жабылған.
Бронхтар
Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5-ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегі жағында 2 негізгі бронхыға бөлінеді: оң және сол басты бронхтарға,bronchi principals. Оң басты бронх,bronchus principalis dexter, кеңірдектің тікелей жалғасы,тіктеу, өту жолы кең және қысқа болады, 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронхтың ұзындығы шамамен 3 см-дей. Сол басты бронх, bronchus principalis sinister, оң басты бронхыға қарағанда бұрыш құрайды, ұзындау және жіңішкелеу болып келеді, 9-12 сақиналы шеміршектерден тұрады.Оң басты бронх доғатәрізді иіліп,жоғарғы қуыс венаға, v.cava superior, бағытталған сыңар венамен,v.azygos шектесіп,сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен,arcus aortae, беттесіп орналасқан. Шырышты қабығы сұрғылт түсті,кеңірдектің бөлінген ішкі бетінде еркін қозғалатын қыры (шоқысы), саrіnа болады.
Достарыңызбен бөлісу: |