Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған: Ағабек Ләззат Қабылдаған: Тұңғышбаева Зина



бет1/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#92773
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы

Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған:Ағабек Ләззат Қабылдаған:Тұңғышбаева Зина Топ: БК1

Эпителиалдық ұлпаны шекаралық ұлпа деп те айтады. Эпителий деген термин гректің екі сөзінен құралған « Эпи » — үсті және « телий » — еміздікше яғни еміздікше лерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған. Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен серозалық қабықшаларды қаптайды және организмнің көптеген бездерін құрайды. 

Эпителийге мына төмендегі белгілер тән: 1.Эпителий – организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. 2.Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады. 3.Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар құрайды. 4.Эпителий үнемі сыртқы ортаның әсерінде болады, соған байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті жоғары. 5.Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы ішектің эпителиалдық клеткаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ал клеткалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий клеткаларының полярлы болуы олардың шекарада орналасуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет