Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған: Ағабек Ләззат Қабылдаған: Тұңғышбаева Зина



бет16/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#92773
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы
Email ВК1, Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы

Қан – трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Ол пішіндік элементтер мен плазмадан тұрады. Пішіндік элеметтерге қызыл және ақ клеткалар жатады. Плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер) болады. Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритрос – қызыл), ақ клеткалары лейкоциттер (гректің лейкос – ақ) дейді. Қан пластинкалары (тромбоциттер) тұтас клеткалар емес, мембранамен қапталған цитоплазманың бөлігі. Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар – мегакариоциттердің ыдырауының нәтижесінде пайда болады. Қан пластинкаларының ядроның құрылымды бөліктері болмайды. Осы белгісі жағынан сүтқоректілердің қаны құстардың қанынан ажырайды. Құстарда адамның қан пластинкаларының қызметін атқаратын тромбоциттер (грекше тробос – ұю) деп аталатын ядролы кішкене клеткалар болады. Бірақ қан пластинкалары тұтас клеткалар болмаса да тромбоциттер делінеді. Олардың 1 мм3 қандағы саны 250 000 – 350 000 деп бағаланады.

Эритроциттерді 1673 ж Левенгук ашқан. Бұлар қаннның негізгі клеткалары. Лейкоциттерге қарағанда 500-1000 есе көп. Ерлердің 1мм3 қанында 5миллионға жуық, әйелдерде 4-4,5 миллион эритроциттер болады. Адам организмдегі эритроциттердің саны орташа есеппен 25 триллион. Эритроциттердің саны организм жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1 мм3 қанындағы эритроциттердің саны 6-7 млн – ға жетеді. Содан кейін азаяды, 10-11 жасқа келгенде қалпына келеді. Ерлерде қартайған кезде қайтадан көбейеді, оның себебі олардағы гемоглобиннің азаюының салдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет