Көп қабатты мүйізделуші эпителий Тері эпителиі өзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері эпителиі көп қабатты, омыртқасыздарда бір қабатты болады. Тері екі қабаттан тұрады: терінің өзі немесе дерма деп аталатын дәнекер ұлпалық бөлік пен эпидермис делінетін эпителиалдық қабаттан. Мүйізделген көп қабатты эпителий құрылысы мен қасиеттері түрліше қабаттардан тұрады. Осы аттардан үш зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальдық мембрананың үстінде жататын цилиндр тәрізді эпителиалдық клеткалардың бір қатарынан тұратын базальдық қабат. Бұл қабаттың клеткаларының базальдық бетінде базальдық мембранаға кіріп тұратын саусақ тәрізді өсінділер болады. Осы өсінділер арқылы бүкіл эпителиалдық қабат базальдық мембранаға бекиді. Базальдық қабаттың клеткаларының клеткааралық кеңістікке қараған бетінде көптеген микробүрлер болады. Базальдық мембрана арқылы дәнекер ұлпасынан диффузиялық жолмен эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы қабаттың клеткалары қабылдайды. Базальдық қабаттың клеткалары жедел бөлінеді және жаңадан пайда болған клеткаларының негізгі массасы үстінде орналасқан қабатқа ауысады.