Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және эндоэпителиалдық болып ажырайды. Бездік клеткалардың тобы эпителийден астындағы ұлпаға өтсе, ондай бездік экзоэпителиалдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. Ал эпителиалдық бездер клеткалардың комплексі астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиалдық клеткалардың қабатында қалса, ондай бездерді эндоэпителиалдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршегі эпителийінің сілекей клеткаларының тобы. Экзокриндік экзоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиалдық бір клеткалық бездер омыртқасыздарда кең тараған: турбелляриларда, немертинде, сақиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителий алдық көп клеткалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды – сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі. Экзокриндік экзоэпителиалдық көп клеткалы бездер өзегінң құрылысына қарай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді. Жай және күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (көпіршік) және түтікше – альвеолалық болып бөлінуі мүмкін. Тармақталмаған бір ғана өзегі бар безді жабайы без дейді. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келкді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйқы безі). Экзокриндік эндоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |