Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған: Ағабек Ләззат Қабылдаған: Тұңғышбаева Зина



бет12/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#92773
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы

Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Осыған байланысты экзокриндік бездерді белоктік, сілекей, аралас (белокты — сілекейлік) және май бездері деп бөледі. Бездік эпителийдің клеткалары базальдық мембрананың үстінде жатады. Секреторлық эпителиалдық клеткалардың пішіні түрліше болады. Секрет бөлуші клеткалардың клеткааралық кеңістігі біршама үлкен. Секреторлық клеткалардың ядросы ірі, хроматинді көп және ядрошығы да үлкен болып келеді. Секрет бөлуші клеткалардың бәріне эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Бездік клеткалардың құрылысы полялі келеді. Секретті түзу тәсіліне қарай мерокриндік, апориндік және голокриндік бездер деп ажыратылады. Мерокриндік бездерде секрет клеткалардың ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде клетканың бос бетіне бөлінеді. Секрецияның бұл түрінде плазмалық мембрананың тұтастығы сақталады, цитоплазманың көлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асқазан бездерінің клеткалары, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі жатады). Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде клетка толықтай бұзылып, өліп, ікі құрылымы секретке айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет